Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейі

Маңғыстау... Тарих пен табиғаттың бірге толғаған тамаша дастаны, бірге салған таңғажайып суреті, бірге шерткен тағылымды шежіресі. Оны таңданбай көріп, там­санбай түсінуің мүмкін емес...

Әбіш Кекілбайұлы

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі – киелі түбекті қашаннан мекендеген қаһарман халықтың өмір салтын бүкпесіз бейнелейтін жауһар жәдігерлерді жиып отырған қасиетті шаңырақ. 1975 жылы құрылған музей қорында 58 мыңға жуық ұлттық құндылық пен тарихи жәдігер жинақталған.

Маңғыстаудың тұмса табиғаты мен тарихы және этнографиясымен таныстырып қана қоймай, халықты зиялы қауыммен табыстыратын рухани орталыққа айналған музей тек өз еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жиһанкездердің жоғары бағасына ие.

Музейде Қазақстанның теңіз қақпасы – Ақтау қаласының тарихы, Маңғыстаудың батысын түгелдей шайып жатқан Каспий теңізі жайында сыр шертетін көрме залы өзге өңірлерде кездеспейтін ерекше жәдігерлерге бай. Өр өлкенің миллион жылдар бойғы геологиялық тарихын паш ететін палеонтологиялық коллекция келушілердің, әсіресе шетелдік ғалымдардың жоғары бағасына ие.

Күн қасын мекендейтін маңғаз Маңғыстаудың индустриалдық дәуірін бастап берген қара алтын – мұнай кенінің өндірістік тарихына арналған залда алғашқы барлаушы-геологтар мен мұнайшы ардагерлердің еңбектегі ерліктеріне тәнті боласыз.

Қазақтың біртуар перзенті, Маңғыстау топырағының тума таланты, Халық жазушысы, Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме залы қаламгердің қолы тиген құнды жәдігерлерге толы.

Ұлағатты өлкенің ұлттық болмысының айнымас бөлшегіндей болған зергерлік бұйымдар мен көшпенділер өркениетінің ажырамас атрибуты ұлттық баспана – киіз үй Маңғыстау музейінің брендіне айналған. Киіз үйді жасау-жабдығымен бірге көздің қарашығындай сақтап және насихаттап қана қоймай, оны тігуден шеберлік сабақтарын өткізіп, киіз үй шеберлерін ынталандырып отыру – музей қызметінің негізгі бағыттарының бірі.

Қазақстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комитеті «Киіз үйді жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» номинациясы бойынша киіз үйді ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының әлемдік тізіміне» енгізу жолындағы жұмысты Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне сеніп тапсырған болатын. Аталған міндетті музей өз дәрежесінде атқарып шықты және бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

Маңғыстау облыстық музейі алыс-жақын мемлекеттерде: Оңтүстік Кореяда, Украинада, Түркменстанда 4 рет, елордамыз Астанада 13 рет, Қазақстанның өзге қалаларында 6 рет өз көрмелерін өткізді.

Музей «Маңғыстаудың дәстүрлі өнері», «Мың бояулы Маңғыстау», «Текеметтің түрлері», «Киіз үйдің жүннен жасалған бұйымдары» каталогтарын, сондай-ақ «Маңғыстаудың зергерлік өнері» атты фотоальбомдарын дайындап шығарды.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Т.Қ. Жұмалиева. Ол «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

  • 3
  • Ғ.

Маңғыстау облыстық тарихи- өлкетану музейінің Жаңаөзен қалалық филиалы

Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейі

iconiconiconiconicon

Маңғыстау... Тарих пен табиғаттың бірге толғаған тамаша дастаны, бірге салған таңғажайып суреті, бірге шерткен тағылымды шежіресі. Оны таңданбай көріп, там­санбай түсінуің мүмкін емес...  

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты