Музей директоры Тамара Қалмырзақызы Жұмалиева

 1995 жылдан бері – Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры - Тамара Қалмырзақызы Жұмалиева.

1956 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген.

Тамара Қалмырзақызы Жұмалиева  - 1979 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған.

1995 жылдан бері – Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры. Қызметте өз ісіне тиянақты, мұражай жұмысының  қыр-сырын жетік меңгерген,  өз білгенін өзгелерге үйретуден  жалықпайтын білікті қызметкер, қарамағындағы қызметкерлерге талап қоя білетін іскер басшы ретінде таныла білді.

  Тамара Қалмырзақызы қызметінде ұқыпты, талапшыл, өзінің қызметтік міндеттерін әділ, әрі қалтқысыз атқарады.

  Жұмыс барысында қарапайым, байсалды, өз ісіне сенімді, білгенін үйретуден жалықпайды. Ұлттық мұраны сақтау, зерттеу мен зерделеу ісінде шығармашылық шабытпен еңбектеніп келеді.

  Мұражай басшысы ретінде музей жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру, жаңа көрмелер, экспозициялар жасақтауда,  музей қызметін насихаттауда, жас мамандардың әдістемелік шеберлігін шыңдап, тәжрибесін арттыруда, музей қорын ғылыми зерттеуді жүйелеуде үнемі тынбай ізденіп, жаңашыл тың ұсыныстармен (идеялармен) мол тәжірибе жинақтады.

  Тамара Қалмырзақызы музейде жаңадан жасақталған  Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған, Қазақстан мұнайының тарихына арналған (1999, 2011), Халық жазушысы Ә.Кекілбаев шығармашылығына арналған (1999, 2009) көрме залдары экспозициясының мазмұнды жасақталып, талғамға сай безендірілуіне, «Маңғыстаудың ХХ ғасырдағы тарихы» кең  көлемді экспозициясының қайта жасақталуына (2008) басшылық беріп, аянбай ат салысты.

  Мұражай қызметінің баспасөз беттері мен телеэкран арқылы жариялы болуын жолға қоюмен қатар мұражай басылымдарының:  «Маңғыстаудың дәстүрлі қолөнері» (2001), «Мың бояулы Маңғыстау»(2001), «Текеметтің түрлері»(2005), «Киіз үйдің жүннен жасалған бұйымдары(2005) «Маңғыстаудың зергерлік өнері»(2008) т.б кітаптардың  мазмұнды, заман талабына сай,  көркем безендіріліп шығуына үлкен еңбек сіңірді.

  Кәсіби және іскерлік қабілеті  мен тәжірибесі жеткілікті, мұражай қорын толықтыру мен оны насихаттау ісін  ізденімпаздықпен ұйымдастырып келеді.

 Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жоспарланып іске асырылған шаралар: сирек кездесетін құнды жәдігерлер көшірмелерін (реконструкциялар) дайындау, мұражай қорын ғылыми жинақтауды ұйымдастыру, бейне фильм түсіру, ғылыми іс сапарлар мен көрмелер үлкен ізденістен туған ауқымды еңбек.

  Т. Жұмалиева Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көшпелі көрмелерімен облыстың түгелге жуық елді мекендерін аралап, облыстан тыс Орал қаласында-1, Астана қаласында-5 рет(1997-2010жж), шет елдерде- Украинада(2006), Оңтүстік Кореяда(2010) өлкеге тән айшықты қолөнер туындыларын таныстырып қайтты.

Т. Қалмырзақызы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Шеврон» компаниясы мен «Орта Азиядағы Евразия қорының» ұлттық қолөнерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері  жөніндегі Ұлттық комиссиясының материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарды да абыройлы атқаруда.

Қызметіндегі елеулі жетістіктері мен мәдениет пен өнерді дамытудағы қалтқысыз  қажырлы еңбегі үшін 2002 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, 2003 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық  келісім министрінің «Алғыс хатымен», 2003 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірнеше рет облыс әкімінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталған. 

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты