Жәдігерлеріміз жаһанға жетті

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында халқымыздың домбырада орындалатын дәстүрлі күйі мен киіз үйі ЮНЕСКО-ның бүкіладамзаттық мәдени құндылықтар тізіміне еніп, жан жадыратар жақсы жаңалыққа барша қазақ баласы шын ниеттен қуанулы. Әдетте, ЮНЕСКО бір жылда бір ғана рухани қазынаны өзінің тізіміне енгізуге құқылы десек, бұл дәстүрді қазақтың қос бірдей асыл мұрасы текке бұзып кетіп отырған жоқ. Өйткені, мұндай адамзат баласы арманынан асып туған алып арналар некен-саяқ. Әлем жұртшылығын мойындатқан сондай жалқы жауһарлардың қазақ даласында баршаға баяндалмай, атағын жая да алмай жатқаны қаншама. Осы жұмыстың басы-қасында көз ілмей жүріп, көп іс тындырған мамандар, ғалымдар  мұны әлі алдағы атқарылар шаруалардың бастамасы деп есептейді. Қазақстан тарапынан халықаралық ұйымға ұсынылған өтініштердің қабыл алынғаны,  қос бірдей ұлттық дүниенің материалдық емес құндылықтар тізіміне енгізілгені жайында жүрекжарды лебіз жетіп, мәдениет пен өнер өкілдері арқа-жарқа күй кешіп жатқан тұста сол қуаныштарымен бөлісу үшін «Егеменнің» тілшілері  жоба авторлары – Қазақ ұлттық Өнер университетінің профессоры, музыкатанушы Сайда ЕЛЕМАНОВА мен Маңғыстау тарихи-өлкетану мұражайының директоры Тамара ЖҰМӘЛИЕВАҒА жолығып, әңгімеге тартқан еді. Төменде біз олардың осы бастамадағы жетістіктері мен алдағы жұмыстары туралы ой-толғауларын жариялап отырмыз.

Сайда ЕЛЕМАНОВА,

Қазақ ұлттық Өнер университетінің профессоры:

– ЮНЕСКО-дағы Материалдық емес мәдени мұраға байланысты біз 2011 жылы конвенцияға қол қойдық. Осыдан кейін, бұған байланысты іс-қимыл жасауға тиіс болдық. Міне, сол қажеттіліктен дүниеге келген Ұлттық комиссия көп жұмыс атқарды. Бірінші күннен бастап материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі Ұлттық комитет құрылды. Мен осы­ған мүше болып қабылдандым. Не­гізінде мамандығым бойын­ша, фольклоршымын. Сондықтан дәс­­түрлі музыкамен тыңғылықты ай­на­лысамын, оның ішінде өзімнің тікелей ғылыми тақырыбым – дәс­түрлі әндер болып табылады. Сон­дықтан, келесі жылы бұйыртса, ән­шілік өнерді, дәстүрлі ән өнерін осы тізімге ұсынуды жөн санап отырмыз. Өйткені, бұл іс осымен біржола тоқтап қалмауы керек.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әр халық өзінің құн­дылығын алдыңғы орынға қойып, дәріптеуіне құқылы болып есептелсе, кеңес дәуірінде бұл құндылықтың сипаты басқашалау өрілді. Мысалы, көршілес қырғыз­дар осы тізімге 5-6 дүниесін енгізіп үлгергенде, біздің осы күнге дейін бірде-бір туындымызды сол санатқа қоса алмауымыз, әрине, бір жағынан атымызға қатты ұят та, ал екіншіден, «ештен де кеш жақсы» деген салтқа санасын жеңдірген халықтың асық­пай, аптықпай, бәрін сарабдал ойлап шешкені абзал болмақ, әрине. Ал мына әзербайжандарыңыз төрт ата­лымын енгізгеннен кейін де қол қусырып қарап отырған жоқ. Кілем­дерін, музыкалық аспаптарын тізімге қосқан олардан қалыспай жапон, қытай сынды халықтар тағы тұр. «Неге біз осыларға еруге жарамай қалдық?» деп оның қыр-сырын зерттей келсем, мәселе құжатта екен. Әуелі нені ұсынуымыз керек деген сұраққа жауап тауып алмай істің оңға баспасына көзім жетті. Ұзақ уақыт әлгі құжатты қалай толтыру керек деген мәселеге бас қатырдық.

Конвенцияға дейін үш рет байқау өткен болатын. Осыған әзер­байжандар өз жанрын, грузиндер халықтық сипаттағы әндерін өткізіп жіберді. Сөйтсек, бұл өзі бір өте нәзік мәселе екен. Неге жолымыз болмай қала береді деп қиналып жүрсек, біз нені және қалай ұсынудың себебін біле бермейді екенбіз. «Қыз Жібек» эпосын ұсыныппыз. Дәл бұлай емес, егер «Эпос дәстүрі» дегенімізде бәлкім, сол кезде жолымыз болып кетер ме еді. Біз бұл жолы қалай ұсыну керек екенін жақсы меңгеріп алғаннан кейін, «Домбыра күйі» деген атаумен жібердік. Мысалы, «Сарыарқа», «Ерке сылқым» деп, жекелеген күйдің атымен ЮНЕСКО-ға шығу өте әбес әрекет екеніне көзіміз жетті.

Әлемдік деңгейдегі байқаулар өтеді дегенде, мен: «Неге біз сондай үлкен додаларға қатыс­паймыз?» деп үнемі ойланып жүретінмін. Тәртіп – жекелеген адамның атынан ұйымға ешнәрсе ұсына алмайсыз… Қаржысыз тағы аяғың алға баспайды. Бейнебаян үшін, суретке түсіру үшін ақша қажет. Ғылыми тұжырым дұрыс болуы керек. Олардан түскен сұраққа берілетін жауап соншалық дәл және айқын, әрі өте қарапайым ұғынықты болғаны абзал. Шертпе, төкпе күйлерді жинақтау, барлық мектептің басын бір жерге біріктіру дегеніңіз қаншама еңбек.

Он минуттық бейнебаянға Жетісу мектебінің өкілі Базарәлі Мүптекеев, Қаратау мектебінің түлегі Жанғали Жүзбаев, ақтөбелік Еділ Басығараев, Арқа күй мектебінен Қайролла Сәдуақасов, маңғыстаулық Жұмабек Қадырқұлов, оралдық Абылғазы Ахмадиев сынды саңлақтардың шеберліктері жазылды.

Фильмнің режиссері Әсия Сүлеева, операторы Әубәкір Сүлеев те, ал суретке Сүйінбике Сүлей­менова атсалысты. Осы арада тағы бір ойда жүрген жағдайға орала кет­кенді жөн санап отырмын. Күй қазақтың жауһар өнерінің соңы деп ешкім айтпайды. Бізде әлемге мақтанышпен ұсынатын жақұттарымыз өте көп. Мысалы, соның бірі дәстүрлі әншілік өнері деп ойлаймын. Келесі жылы осы іспен шұғылдансам ба деген ниетім бар. Ол үшін қазірден бастап идеямызды шегелеп, тиянақтай бергеніміз жөн. Ал қазір қазақтың қасиетті қара домбырасынан күмбірлеген күйдің бүкіл әлемге жайылып кете барғанын көз алдыма елестетсем, сұмдық бір шаттық күйге бөленемін.

Тамара ЖҰМАЛИЕВА,

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

– Осыдан бір жыл бұрын Қа­зақ­стан ЮНЕСКО-ға «Қазақтың дәстүрлі домбыра күй өнері» және «Киіз үйді жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» атты номинациялар бойынша өтініш жолдаған болатын. Киіз үй аталымы бойынша тапсырысты Қырғызстан Мәдениет министрлігінің Қазақстан Мәдениет министрлігіне түскен ресми ұсынысы негізінде қазақ және қырғыз тараптары қосылып дайындады. Олар боз үйіне, ал біз киіз үйіміз бойынша материалдар жинадық.

Өзім киіз үйдің барлық әшекейлі бұйымын кішкентай кезімнен жасап, көріп өскен адаммын. Бұл идея басына қайдан келген деп отырған шығарсыздар. Бірде Мәдениет министрлігінен келген бір жігітке экскурсия жүргіздім. Міне, сол жігіт біраз күндерден кейін телефон шалып тұр, «Апай, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары жөнінде Қазақстан үлкен конвенцияны қабылдады. Соған Қазақстанның рухани мұраларын енгізіп жатырмыз. Сіз киіз үйді жасаудың дәстүрлі дағдылары мен білімдерін жақсы меңгерген адам екенсіз. Оның үстіне ЮНЕСКО-ға материалды дайындау үшін ті­келей осы іспен айналысып жүрген адам керек болып жатыр. Барлық бейнесюжеті, суреттері толық болуы керек. Мен сіздің экскурсияңызды тыңдай келіп, осы жобаны жүзеге асыру сіздің қолыңыздан келеді деп шештім», деді.

Бұл менің көптен күткен арманым болатын. Құдайдың құдіреті деп айтамыз ба, содан кедергісіз жұмысымызды тез бастап кеттік. ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі Ұлттық комитетіне мүше болып кіргеннен кейін, киіз үй дайындау бойынша түрлі тренингтерден өттік. Әрине, бастапқыда қобалжыдық. Әлгі аталым­ның толықтай сипаттамасы, егжей-тегжейлі таныстыратын дерек­көзін толтыру пәлен беттен тұра­ды екен. Ол үшін бүкіл тарихты қаза жазып шығудың қажеті жоқ. Дүниенің төрт бұрышынан келген сарапшыларға, өмірінде ешқашан киіз үй туралы естіп көрмеген адам­ға өте түсінікті тілде жеткізу үшін қаншама еңбек сіңіруге тура келді.

Маңғыстауда баяғы ХVІІІ ға­сыр­дың аяғындағы сән-салтанат­пен тігілген керемет киіз үйлер бүгінгі күнге дейін діңгегі өзгермей дәл сол күйінде сақтаулы. Бұл деген үлкен байлық қой. Содан кейін киіз үй туралы фильм түсіру идеясы басыма сарт ете қалды. Өйткені, бейнетаспа арқылы халық­тың арасына бұл насихат өте тез тарайды. Бір кинокомпаниядан үш адам келіп, тым жақсы фильм дүниеге келді. Жұрттың сұраны­сына ие болды. Олар бізден он минуттық фильм сұрады. Біз осыны өздері талап еткен сапада қайта әзірлеп, ағылшынша, орысша нұсқасымен салып жібердік. Он сурет жібердік. Осы дүниеміз ондағы сұранысқа толық жауап беріп шыққаны бізге үлкен абырой болды. Маңғыстаудың Шымкенттегі мәдениет күндерін өткізіп жатқанымызда ұсыныс секретариатқа өтіпті деген хабар келіп, бір қуансақ, енді ел астана­сында арманымыз жүзеге асып, еңбегіміз жанғаннан жүрегіміз алабұртып жатыр. ЮНЕСКО-ның Қазақ­стан­дағы өкілі Юрий Пешков халықаралық конференция үстінде сөз сұрап алды да, сіздерге бір қуанышты ха­бар­­ды жеткізуге асығып отырмын деді. «Екі аталым бойынша да өті­ніштеріңіз өтті», деді. Бөркімізді ас­панға атып, мәз болып жатырмыз.

Бірақ, өкініштісі, киіз үйге деген түсінігіміз тым төмендеп бара жат­қанына қарным ашады. Мы­салы, таяуда теледидардан «Қара шаңырақ» атты фильмді көріп оты­рып, жаным ауырды. Киіз үйдің төбесіне шүберек жауып қойыпты. Киіз үй – кие. «Өліге бармасаң да, өлі киізге бар», деген халқымызда нақыл бар. Апаларымыз бен әжелеріміздің ісін алға апаратын бізден басқа кім бар? Табиғи талшық біздің жан-тәнімізге, ең алдымен, экологиялық жағынан пайдалы болса, екінші жағынан таза, үйінде киізі бар адам сусамырмен ауырмайды деген бол­жам қисынды ма деп қала­сың. Қыр­ғыздар төбесінен ақ киіз қал­пағын тастамайды. Олар бұл қан қысымы ауруын болдырмайды деп есептейді.

Жапонияның Осака қаласындағы халықаралық этнографиялық музейде сақтаулы тұрған киіз үй  маңғыс­таулық шебердің туындысы. Ол 50 жыл бұ­рын жасалған. Ал, Ресейде, Ук­раи­нада киіз үйлеріміз бар екенін құлағымыз шалып қалғалы бері, енді соларды бір көріп, сақталған жерін білсек деген ой мидың қатпарына кіріп алды. Күйе түспейтін бұйымдар әзірлеу жағынан техникасы бізден алға көп озып кеткен жұрттар бар. Кейде киіз үй жабдықтарына біте түспейтін қасиетті ойлап табатын уақыт жетті-ау деген ойға беріліп кететін кездерім көп болады. Ендеше, киіз үй жасау технологиясын дамы­ту­ды ойлайтын кез жетті. 

: Егемен Қазақстан газеті. 29.11.2014ж.

Жарияланған күні: 02-12-2014  : 19:12  
Оқылған саны: 1378

Жәдігерлеріміз жаһанға жетті

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында халқымыздың домбырада орындалатын дәстүрлі күйі мен киіз үйі ЮНЕСКО-ның бүкіладамзаттық мәдени құндылықтар тізіміне еніп, жан жадыратар жақсы жаңалыққа барша қазақ баласы шын ниеттен қуанулы. Әдетте, ЮНЕСКО бір жылда бір ғана рухани қазынаны өзінің тізіміне енгізуге құқылы десек, бұл дәстүрді қазақтың қос бірдей асыл мұрасы текке бұзып кетіп отырған жоқ. Өйткені, мұндай адамзат баласы арманынан асып туған алып арналар некен-саяқ. Әлем жұртшылығын мойындатқан сондай жалқы жауһарлардың қазақ даласында баршаға баяндалмай, атағын жая да алмай жатқаны қаншама. Осы жұмыстың басы-қасында көз ілмей жүріп, көп іс тындырған мамандар, ғалымдар  мұны әлі алдағы атқарылар шаруалардың бастамасы деп есептейді. Қазақстан тарапынан халықаралық ұйымға ұсынылған өтініштердің қабыл алынғаны,  қос бірдей ұлттық дүниенің материалдық емес құндылықтар тізіміне енгізілгені жайында жүрекжарды лебіз жетіп, мәдениет пен өнер өкілдері арқа-жарқа күй кешіп жатқан тұста сол қуаныштарымен бөлісу үшін «Егеменнің» тілшілері  жоба авторлары – Қазақ ұлттық Өнер университетінің профессоры, музыкатанушы Сайда ЕЛЕМАНОВА мен Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Тамара ЖҰМАЛИЕВАҒА жолығып, әңгімеге тартқан еді. Төменде біз олардың осы бастамадағы жетістіктері мен алдағы жұмыстары туралы ой-толғауларын жариялап отырмыз. 

: Егемен Қазақстан газеті. 29.11.2014ж.
Жарияланған күні: 02-12-2014  : 19:12  
Оқылған саны: 1378

Аталар жүрген соқпақпен (Cапарнама жазбалары)

iconiconiconiconicon

Хиуа — Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 м. биіктікте, Үргеніш темір жолы станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. 

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жарияланған күні: 04-07-2014  : 16:19  
Оқылған саны: 3351

Маңғыстауда наурыз мерекесінің тойлануы

        Міне, жер бетіндегі тіршілік атаулының асыға күткен күні-наурызда келіп жетті. Жер-ана бусанды, тұла бойына нәр берер жылылықты сезген өсімдік атаулы бүршігін жарып көгере бастады. Күн ызғары да әне, бірте-бірте шегініп төбе асып барады. Жан-жануарлар күнгей беттегі шуақтың қызуынан бөртіп, қылтиып көрінген көкті қуалап тыным таппайды. Шаруа баққан қазақ көп ұзамай малының алды төлдеп, аузының аққа тиетінін ойлап «бұрынғы шалдар «үт-қарын айы, наурыз желін айы» деп отырушы еді, жаратқан жақсылығыңды төге көр» деп жан-жағына мейірлене көз тігеді. Таяғына сүйеніп есік алдына шыққан кейуана «Е, Алла, бергеніңе шүкір. «Өлмеген жанға келді жаз» дегендей сүйретіліп жүріп бұл күнге де жеттік. Жарықтық амалға да санаулы күн қалыпты-ау. Бұл үлкен мереке ғой қарағым. Ойхой, дүние-ай, баяғыда жас кезімізде қызылды-жасыл киініп, таң атпай тұрып әр төбенің астында отырған ауыл-ауылды аралап қыдыратынбыз. Алдымен жасы келген үлкендердің табалдырығын аттап  батасын алуға ұмтылушы едік. Ол да бір дәурен екен ғой»,-деп қасында отырған немересіне өтіп кеткен күндерге деген сағыныш сөзін бастап, маңғыстаулықтардың наурыз мерекесін тойлауы жөнінде көрген, естігендерін айтатын-ды.

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жарияланған күні: 14-03-2014  : 20:29  
Оқылған саны: 2873

Соғыстағы ақын

icon

Маңғыстау облыстық мұражайының қорындағы қолжазбаларға қарап отырып әр түрлі тағдырға, әр түрлі тарихқа кезігесің. Соның ішінде адамды қызықтыратыны Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолжазбалар. Бір жауынгер қан майданды кешіп жүріп күнделік  жазса, бірі  жыр жазып, өлең шығарды.  

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы.
Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:22  
Оқылған саны: 1822

Сол күндерден сыр шертетін жәдігерлер

iconiconicon

Кеңес Одағының фашизмді ұясында тұншықтырып, елімізге тыныштық силағанына 65 жыл толғалы отыр. Бұл күнді қазіргі ұрпақ тек қана Ұлы Жеңіс  күні деп тойлайды. Ылайым тек аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бірақ сол майданда төгілген қан, тылдағы жетім- жесірдің көрген қияметі қазірде еске түссе денең түршігеді. Бұл қасиетті мейрам қарсаңында, сол соғысқа қатысқан ата-әжелеріме мың тағзым! Олар Отанын жаудан қорғап, туған жердің қарыс- сүйемін дұшпанға бермеймін деп қасық қаны қалғанша кеудесіне оққа тосқан жандар. Олардың барлығына бірдей Кеңес Одағының батыры атағы берілмесе де, олар біздер – Тәуелсіз елдің перзенттері үшін Батырлар.  

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы
Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:15  
Оқылған саны: 4763

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты