Маңғыстауда наурыз мерекесінің тойлануы

          Мұсылмандардың хижра есебін ұстанатыны белгілі. Хижра есебі деп біздің заманымыздың  622 жылы пайғамбарымыз Мұхаммедтің Меккеден Мединаға қоныс аударған жылын айтады. Міне содан бері қарай бұл күнтізбе мұсылман есебі болып қалыптасты. Жыл басын наурыздың 22-де күн мен түннің теңелу кезеңінен бастайды. Бірақ, Қазақстанның батыс аймағы, әсіресе Маңғыстауда жыл басын наурыздың  22-де емес,  14-де тойлайды. Неге? Бұл өлкенің тұрғындарының жыл басын өзге аймақтарға қарағанда бір жеті бұрын бастауының сыры неде? Мүмкін ғасырлар бойы қалыптасқан осы үрдістің бізге беймәлім жайы бар шығар. Жасы келген ақсақалдардан сұрай қалсаң наурыздың 14-де жаңа ай туады деп жауап қайтарады. Дұрысы сол, нақты жауап секілді. Бірақ неге маңғыстаулықтар жыл басын күн мен түннің теңелуінен емес, айдың тууынан бастаған. Бәлкім мұның сыры тіпті хижра есебінен де әріде жатқан шығар.

           Наурыз мерекесінің мұсылман дінін қабылдаған уақыттан көп бұрын, тым әріде басталғанын көптеген деректер растайды. Соңғы жылдары дүниенің көптеген ғалымдары «Топан су іздері» деген зерттеу жұмыстарын жүргізгені белгілі. Кейбірі осы топан судың болған жері кәзіргі Армения жері десе, екіншісі Орта Азия жерінде болды, үшіншілері Қазығұрт маңынан да топан судың өткені жайлы ой пікірлерін білдіреді. Ал, қазақтың қисса-аңыздарында Нұх пайғамбар мінген кеменің Қазығұрт тауының басында күн мен түннің теңескен күні тоқтағандығы туралы да айтылады. Сол күні соның құрметіне үлкен той жасалыпты. Ғалымдар «Топан су» оқиғасының бұдан 12000 жылдан астам бұрын болғандығы туралы да айтады. Сол ықылым заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа желдей есіп жеткен аңыздың бір кездегі шындықтан бастау алғандығын да естен шығармаған мақұл сияқты.

      Үстірт пен Маңғыстау қазақтары осы даланың ұлан-ғайыр кеңістігін ежелден мекендеген халықтардың материалдық және рухани мәдениетінің мұрагерлері болып табылады. Кіші жүз құрамына енетін адай руының мінез-құлықтары мен мәдениетінің ерекшелігі соншалық, тіпті кейбір зерттеушілердің оларды жеке бір тайпа-халық ретінде сөз ететіні де шындық. Маңғыстаулықтар беріге дейін айлардың (дұрысында жұлдыздардың) арабша атауын пайдаланып келді. Олар: Дәлу, Үт, Амал, Сәуір, Саратан, Зауза, Әсет, Сүмбіле, Мизан, Ақырап, Қауыс, Жеді деп аталады. Осыған қарап отырып бәлкім Адай ұлысы шындығында да бұл аймақты VIII-IX ғасырлардан бастап мекен еткен-ау деген ойға келеміз. Сондай-ақ Маңғыстаулықтардың ай-жұлдыз атауларымен бұлайша оқшаулануын Серікбол Қондыбайдың «XIV ғасырда Яссауилік діни уағызшылардың легі Өзбек хан билеген, исламның ресми түрде мемлекеттік дін деп жарияланған тұсында Арал-Хасарлы аймағына қаптап келе бастады. Яғни, егер XIV ғасырдың басында яссауилік-сопылық, ханифалық діннің басты ордасы Қаратау-Нұратау аймағы ғана болса, XIV ғасырдың ортасында осы орталықтың ықпалымен тағы бір яссауилік реал Батыс Қазақстанда пайда болды. Түркістан аймағындағы Қошқар-ата мен маңғыстаулық Қошқар-ата, түркістандық Шопан-ата мен маңғыстаулық Шопан-ата, түркістандық Шақпақ-ата мен маңғыстаулық Шақпақ-ата, түркістандық Баба Түкті, Шашты ана, Түкті аталар мен ақтөбелік Алып ана, Түкті аталар мен маңғыстаудағы Баба Түкті Шашты әзіздер арасында осындай «әулиелік экспорт» болған сыңайлы» деген сөзінен де байқауға болады. Қалай болғанда да осы ескіше (арабша) айлардың аталуына байланысты мақал-мәтелдер, естеліктер халық жадында мықты сақталған. Және өмір тәжрибесінен алынған сол сөздердің қате кеткен жері тағы жоқ. Мысалы «Таразыда таң суыйды, сүмбіледе су суыйды» дейді. Әсетте (июль, шілде) таңда таразы деген жұлдыз туады. Осы уақытта таңның салқындауына байланысты айтылған сөз. Ал сүмбіледе (августь, тамыз) судан ерекше бір салқындық сезіледі. Немесе «Ақырап, қауыс, кәрі құртаңды тауыс». Мұның мағынасы ақырап (октябрь, қазан), қауыс(ноябрь, қараша) айларында күн салқындайды, кәрі, ақсақ малдарыңды жарататын уақыт болды деген сөз. Міне, осы қауыс (ноябрь, қараша), жеді (декабрь, желтоқсан) айларында күн суытып қар жауып, бұрқақ болады. «Саратан (май, мамыр)-зауза(июнь, маусым) сенен де қорқам» дейді екен бұрынғылар. Оның себебі заузада желідегі байлаулы құлын қырылған, енесі ығып кеткен, шай қайнатым уақыт ішінде жаңбырлы, желді бұршақ жауып, күн суытқан оқиғалар да болғанын малмен көзін ашқан қазақтың бәрі де айтады. Шаруа баққан қазақтың көп үмітпен қарайтыны да осы наурыз айы. Қыс ұзарып шелді жейтін, күн ұзарып түнді жеңетін «қараөзек» шақ-«ұзын сары» келді деп отыратын көпті көрген қариялар. Күн ұзаса жер жылынады, ал жердің жылынуы мал соңындағы елдің үміті. Жер ананың тоң кеудесі жібитін, тас емшегі иійтін шақ келді деген қуанышын да жасырмайтын. Сонымен қатар осы айда көшпелі елдің үміті мен күдігі  кезек алмасып, итжығыс халде жүреді. Өйткені қыстан әупірімдеп зорға шыққан, іші өскен малдың бір борандық халі бар, тіпті оны көтере алмауы да мүмкін.

     Мұражай жұмысына байланысты өлкемізге белгілі аңшы Алдаберді Ақшабаевпен бірге жүргенімізде жеді айын аңшылардың текенің күні, мойын жуары деп есептейтіні жөнінде айтқаны бар-ды. Даладағы арқар, қарақұйрық, киіктердің үйірге түсу мерзімдері әртүрлі. Арқар ақыраптың (октябрь, қазан) 20-27 аралығында, қарақұйрық қауыстың (ноябрь, қараша) 14-21 аралығында, ал киік жедінің(декабрь, желтоқсан) 10-20 аралығында үйірге түседі. 

        Әрине Маңғыстау тұрғындарының жыл басын наурыздың 14-нен бастауында тек айдың тууы ғана емес, одан да тереңірек заңдылықтар жатуы мүмкін. Оған әртүрлі деректер келтіруге болады. Өйткені табиғатпен біте қайнасқан көшпелі халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжрибесі, ілімі олардың қателеспей, нақты шешімге келуіне жағдай жасайды. 1822-1915 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ даласына белгілі атақты жұлдызшы Бекасыл әулиенің «Жұлдызнама» кітабында көп нәрсе айтылады. Әлем жаратылысын, тарихи шежірелерді терең білген Бекасыл әулие осы кітабындағы «Наурыздың белгісі» деген тарауда:

Көк қарға он бесінде келер,

Жиырма екісінде күн мен түн теңелер,

Бұл кезде жыл есебі берілер.

Хамал мен сәуір

Отыз бір күннен келер,

Сәуір кіргенде бәбісек шақырар.

Жыл жақсы болса

Оншақты күн бұрын шақырар,-деген бар.(«Жұлдызнама».Астана. 2005. 101-102 б.).

        Көктем жаршысы көк қарғаның наурыздың 15-де келуі Маңғыстаулықтардың айдың бір жаңасы деуімен сәйкес келіп тұрған жоқ па? Қазақтың жаңа жылы туралы атақты Шәкәрім Құдайбердіұлының баласы Ахат әкесі туралы естелігінде былай дейді. «14 март күні әкем бүгін ескіше 1 март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні. Бұрынғы аты наурыз. Парсы тілі. Жаңа күн деген сөз деп айтқаны есімде» дейді.  

        Ал, өлкемізге белгілі архелог А.Астафьев «Маңғыстаулықтардың наурызды қарсы алу ерекшелігі» атты еңбегінде Тұщықұдық ауылының маңынан археологтар шартты түрде «Өтек» деп атаған тастан жасалған бұйымның аршылып алынғанын айтады. Сол «Өтектің» бетіндегі қатар-қатар орналасқан қиғаш тілік түріндегі қарапайым оймыш ғалымдар назарын өзіне аударады. Әр қатардағы тілікті санау және оларды метематикалық есептеу таңқаларлық жаңалықтың ашылуына әкеледі. «Өтекте» аспан айлық  жылдың календарлық есебі сызылған екен. Бұл табылған зат кем дегенде 5 мың жыл бұрын жасалғанына қарамастан көне астроном өз есебін өте дәл жүргізіпті. 12 айды 29 күннен есептегенде 6 күнге жетпейтінін байқаған. Сондықтан 11 айды 29,  12-ші айды  36 тілікшемен белгілепті. Жалпы алғанда көне маңғыстаулықтардың аспанайлық күнтізбесі 355 аспанкүндік тәуліктен тұрған.

      Сонымен қатар А.Астафьев Оңтүстік Сібір түркілерінде уақыт есебі тоғызкүндіктермен жүргізілгенін айтады. Олардың күнтізбесі негізінен жылдың төрт мезгілімен сәйкес келетін төрт температуралық циклға бөлектелген. Есеп күн ұзару басталатын қысқы қысқа күннен жүргізілген. Қысқы суық тоғыз күннен тұратын тоғыз апта-бұл аяздың «тууы» мен «өлуі» (23 желтоқсаннан 14 наурызға дейін). 14 наурыздан бастап жапырақ «есейіп» көкек келетін көктем туады. «Мүмкін осы дәстүр Маңғыстауға XVIII ғасырдың бірінші жартысында адай қазақтарымен бірге көшіп келген шығар» деген өз болжамын да айтады. Шындығында да маңғыстаулықтардың жаңа жылды күн мен түннің теңелуінен емес,  көктемнің келуінен бастауы әріден жалғасып келе жатқан шығар деген ой дұрыс сияқты. Яғни, маңғыстаулықтар 14-наурызды күн мен түннің теңелуінін алдындағы үлкен мерекенің басы деп есептеген.

          Адамзат тарихынан жаңа жылды көптеген халықтардың көктемде тойлағанын білеміз. Ежелгі Русьте Христиан дінін қабылдағанға дейін Жаңа жылды 1 март күні қарсы алған. Ал, ағылшындар болса, XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 мартта тойлап келген. Біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде римдіктердің Жаңа жылды Наурыз айынан бастағаны кәзіргі күнтізбелерінде әлі күнге дейін сақталған көрінеді. Римдіктердің жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен «март» деп атаған.

        Ал одан берідегі елімізде болып өткен жайларға тоқталар болсақ, Кеңес өкіметінің Халком кеңесі 1918 жылдың 24 қаңтарында «Батыс Европа күнтізбесінің Кеңес өкіметіне енгізілуі» туралы декретімен қолданысқа енгізілді. Бұл кезде екі күнтізбенің айырмашылығы 13 күнге жеткен еді. Ескі күнтізбені 1918 жылдың 31 қаңтарында жауып, келесі күнді 14 ақпаннан бастап санады.

          Қалай болғанда да көктемнің алғашқы нышаны өлке жерінде наурыздың 14-де белгілі болады. Олар осы күнді жыл басы деп санаған. Осы күннің алдында (14 наурыздан екі-үш күн бұрын) «Наурыздың ақша қары» жауады. Бірақ ол тез ериді. Кей уақыттарда оны «Құс қанаты» деп те атайды. Яғни, құс келер алдындағы соңғы қар. Тіпті қар жаумаған күннің өзінде салқындық байқалады.  Маңғыстаудағы амал (наурыз) күндері сондай белгінің болатынын кез-келген адам байқаған болар деп ойлаймыз. Наурыздың екінші онкүндігінде, нақтырақ айтқанда 16-21 аралығында «Бес қонақ» болады. Бұл күндері табиғатта өзгеріс болып, бұрқақ, жаңбыр немесе қар аралас жаңбыр жауады. Маңғыстау тұрғындары осы «Бесқонақты» өткізіп салғаннан кейін ғана мал төлдетуге Үстірт үстіне көтерілетін болған.  «Наурыз күні құмалақ қарға бармақ бойы батса қырық күндік жерге арбамен шық, құмалақ қар бетінде шашырап жатса қырық күндік жерге шанамен шық»,-деп отырады екен Қазақстанның орталық, солтүстік өңіріндегі есепші қарттары. 

         Наурыз мейрамы қазақ жерінде 1926 жылға дейін тойланып келді. 1925 жылы 22 наурыз күні «Еңбекші қазақ» газеті бұқара халықты наурыз мейрамымен құттықтап, өзінің бірінші бетіне ірі әріптермен:

«Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден,

       Құтты болсын бұл наурыз!»-деп жазыпты. Бірақ содан кейін кеңес өкіметі халықтың ұлы мерекесін тойлауына ұзақ жылдар бойы кедергі болды, шындығында рұқсат етілмеді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана осы бір халықтық ұлы мереке өз мәнінде тойланып келеді. 

         Қазақ үшін Наурыз «Ұлыстың ұлы күні» болып есептелген. Өйткені алғашқы мал төлдеп, ауыздың аққа тиетін уақыты да осы. Қыс ызғары қайтады, мал ауызы көкке тиеді. Біреудің екеу болып, өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар, тіршілік атаулының тірлік танытар мерзімі. Халық арасында бұл күні «Самарқанның көк тасы да ериді» деген сөз бар. Бұл сөз де бекерден-бекер айтыла салмаған. Ертеде Самарқанды билеген атақты хандардың қабірінің басына киесі бар деп қымбат көкшіл тас-нефридті қояды екен. Күн мен түн теңелген кезде қандай құдыреті бар екенін кім білсін, сол тас буланып, терлейтін көрінеді. Яғни, көзінің тірісінде  қатыгез болған хан өткен ісіне өкініп, райынан қайтты, бұл кейінгілерге көрсетер үлгі деп есептеген. Наурыз күні адамдардың өткен өкпе-назын  ұмытып, бірін-бірі құшағына алуы да содан қалған болса керек. Бұл күні жеті қат жер астынан жылы бу көтеріледі, жеті қат көктен нұр жауады дейді. Осы күні ұяда жатқан құстар да, індегі жануар да, судағы балық та басын көтеріп, бір сәт қозғалмай тұрып, наурызға құрмет қылады деген ұғым да бар. 

           Сонымен қатар ұлыстың ұлы күніне байланысты айтылатын аңыздардың бірінде наурыз күні жаңбыр жауады. Оны халық арасында «Рахмет жаңбыры» деп те атайды. Сол жаңбырдан өсімдіктердің бойына нәр жүгіріп, оған жер бетіндегі тірлік атаулының иелері қатты қуанады екен.  Осы кезде терең дарияның түбінде күн кешетін «садап» деп аталатын балық та су бетіне шығып «Ей, Жаратқан, мені де құр қалдырмай өз несібемді бере көр» деп жауып тұрған жаңбырға аузын тосатын көрінеді. Сонда аузына тамған бір тамшыға риза болып «Шапағатыңа рахмет, мен болдым, тойдым» деп қайтадан су түбіне кетіп қозғалмай жата береді. Көп ұзамай оның ішінде әлгі аузына тамған жалғыз тамшыдан гауһар тас пайда болады екен. Дүр гауһар наурыз айының алғашқы жаңбырынан пайда болатын құбылыс көрінеді. Сол гауһардан жер бетіндегі тіршілік ететін өсімдік, жан-жануарларға тұқым тарайды деп те айтылатын. 

         Бұл күні «Наурыз көже» (кей жерлерде «Тілеу көже» деп те аталады) пісіріледі. Маңғыстау тұрғындары қысқы соғымда наурызға арнайы сақтап  қойған етін асатын. Бұл «осы күнге аман жеткенімізге» деген құрметтің белгісі.

Әрине наурызға байланысты ырымдар өте көп. Көшпелі халық сол ырымға сенген, құрмет тұтқан.

-Жаңа күнге қарап бетін сипаған. Онысы басыма бақыт, ырыс дарысын дегені.

-Наурыз күні жауған қарды күремейді, сыпырмайды. Өйткені басқа қарларға қарағанда ерекше аппақ, ерекше таза, көп ұзамай еріп кетеді.

-Наурыз күні ыдыс-аяқты сылдырлатпауға, шаңырақ астында орынсыз дауыс көтермеуге тырысады. Әйел құты, ер құты, үй құты-ыдыс-аяқта деп есептейді.

-Қыдырып келген баланы үйден құр жібермейді. Өйткені бала-бақыт, бала-періште. Бала үйден өкпелеп шықса, баладан бұрын бақыт есіктен шығады деп есептеген.

-Наурыздан бұрын сапарға кеткен жолаушыға сыбаға сақтайды. Бұл өз ошағына аман оралсын деген тілектен туған.

-Жасы кішілер Наурыз күні ауылдағы үлкендерге барып сәлемдесуді, қолын ұстап, батасын алуды міндеті санаған. Сонымен қатар өмірден өткендердің басына барып құран оқуды тірілердің парызы деп есептеген. Бұл құрметтің белгісі.

        Маңғыстаулық қазақтар сонымен қатар Наурыз күні үй ішіндегі кермеге сандықтағы бар қымбат маталарын, киімдерін шығарып іліп қоятын. Бұл біріншіден жасырып қойса киімді пері иеленеді деген ойдан туындаса, екіншіден халқымыздың жарылған жүгерідей аппақ көңілін білдіреді. Қысқасы, халқымыз қай уақытта да Наурызды асыға күтіп, оны жақсылықтың бастауы, жыл он екі айдағы ең негізгі мереке ретінде құрмет тұтқан.

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

Жарияланған күні: 14-03-2014  : 20:29  
Оқылған саны: 3015

Жәдігерлеріміз жаһанға жетті

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында халқымыздың домбырада орындалатын дәстүрлі күйі мен киіз үйі ЮНЕСКО-ның бүкіладамзаттық мәдени құндылықтар тізіміне еніп, жан жадыратар жақсы жаңалыққа барша қазақ баласы шын ниеттен қуанулы. Әдетте, ЮНЕСКО бір жылда бір ғана рухани қазынаны өзінің тізіміне енгізуге құқылы десек, бұл дәстүрді қазақтың қос бірдей асыл мұрасы текке бұзып кетіп отырған жоқ. Өйткені, мұндай адамзат баласы арманынан асып туған алып арналар некен-саяқ. Әлем жұртшылығын мойындатқан сондай жалқы жауһарлардың қазақ даласында баршаға баяндалмай, атағын жая да алмай жатқаны қаншама. Осы жұмыстың басы-қасында көз ілмей жүріп, көп іс тындырған мамандар, ғалымдар  мұны әлі алдағы атқарылар шаруалардың бастамасы деп есептейді. Қазақстан тарапынан халықаралық ұйымға ұсынылған өтініштердің қабыл алынғаны,  қос бірдей ұлттық дүниенің материалдық емес құндылықтар тізіміне енгізілгені жайында жүрекжарды лебіз жетіп, мәдениет пен өнер өкілдері арқа-жарқа күй кешіп жатқан тұста сол қуаныштарымен бөлісу үшін «Егеменнің» тілшілері  жоба авторлары – Қазақ ұлттық Өнер университетінің профессоры, музыкатанушы Сайда ЕЛЕМАНОВА мен Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Тамара ЖҰМАЛИЕВАҒА жолығып, әңгімеге тартқан еді. Төменде біз олардың осы бастамадағы жетістіктері мен алдағы жұмыстары туралы ой-толғауларын жариялап отырмыз. 

: Егемен Қазақстан газеті. 29.11.2014ж.
Жарияланған күні: 02-12-2014  : 19:12  
Оқылған саны: 1464

Аталар жүрген соқпақпен (Cапарнама жазбалары)

iconiconiconiconicon

Хиуа — Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 м. биіктікте, Үргеніш темір жолы станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. 

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жарияланған күні: 04-07-2014  : 16:19  
Оқылған саны: 3461

Маңғыстауда наурыз мерекесінің тойлануы

        Міне, жер бетіндегі тіршілік атаулының асыға күткен күні-наурызда келіп жетті. Жер-ана бусанды, тұла бойына нәр берер жылылықты сезген өсімдік атаулы бүршігін жарып көгере бастады. Күн ызғары да әне, бірте-бірте шегініп төбе асып барады. Жан-жануарлар күнгей беттегі шуақтың қызуынан бөртіп, қылтиып көрінген көкті қуалап тыным таппайды. Шаруа баққан қазақ көп ұзамай малының алды төлдеп, аузының аққа тиетінін ойлап «бұрынғы шалдар «үт-қарын айы, наурыз желін айы» деп отырушы еді, жаратқан жақсылығыңды төге көр» деп жан-жағына мейірлене көз тігеді. Таяғына сүйеніп есік алдына шыққан кейуана «Е, Алла, бергеніңе шүкір. «Өлмеген жанға келді жаз» дегендей сүйретіліп жүріп бұл күнге де жеттік. Жарықтық амалға да санаулы күн қалыпты-ау. Бұл үлкен мереке ғой қарағым. Ойхой, дүние-ай, баяғыда жас кезімізде қызылды-жасыл киініп, таң атпай тұрып әр төбенің астында отырған ауыл-ауылды аралап қыдыратынбыз. Алдымен жасы келген үлкендердің табалдырығын аттап  батасын алуға ұмтылушы едік. Ол да бір дәурен екен ғой»,-деп қасында отырған немересіне өтіп кеткен күндерге деген сағыныш сөзін бастап, маңғыстаулықтардың наурыз мерекесін тойлауы жөнінде көрген, естігендерін айтатын-ды.

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жарияланған күні: 14-03-2014  : 20:29  
Оқылған саны: 3015

Соғыстағы ақын

icon

Маңғыстау облыстық мұражайының қорындағы қолжазбаларға қарап отырып әр түрлі тағдырға, әр түрлі тарихқа кезігесің. Соның ішінде адамды қызықтыратыны Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолжазбалар. Бір жауынгер қан майданды кешіп жүріп күнделік  жазса, бірі  жыр жазып, өлең шығарды.  

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы.
Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:22  
Оқылған саны: 1902

Сол күндерден сыр шертетін жәдігерлер

iconiconicon

Кеңес Одағының фашизмді ұясында тұншықтырып, елімізге тыныштық силағанына 65 жыл толғалы отыр. Бұл күнді қазіргі ұрпақ тек қана Ұлы Жеңіс  күні деп тойлайды. Ылайым тек аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бірақ сол майданда төгілген қан, тылдағы жетім- жесірдің көрген қияметі қазірде еске түссе денең түршігеді. Бұл қасиетті мейрам қарсаңында, сол соғысқа қатысқан ата-әжелеріме мың тағзым! Олар Отанын жаудан қорғап, туған жердің қарыс- сүйемін дұшпанға бермеймін деп қасық қаны қалғанша кеудесіне оққа тосқан жандар. Олардың барлығына бірдей Кеңес Одағының батыры атағы берілмесе де, олар біздер – Тәуелсіз елдің перзенттері үшін Батырлар.  

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы
Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:15  
Оқылған саны: 4916

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты