Соғыстағы ақын

 Маңғыстау облыстық мұражайының қорындағы қолжазбаларға қарап отырып әр түрлі тағдырға, әр түрлі тарихқа кезігесің. Соның ішінде адамды қызықтыратыны Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолжазбалар. Бір жауынгер қан майданды кешіп жүріп күнделік  жазса, бірі  жыр жазып, өлең шығарды.

Міне сондай қолжазбалардың бірі – 287-ші гвардияның взвод командирінің көмекшісі гвардияның аға сержанты Табишев Сахтанның тор көзді блокнот бетіне жазылған қолжазбасы.

Сахтан Табишев 1924 жылы 15 мамырда Гурьев облысы Теңіз ауданы Гаюшкин селосында балықшы жанұсында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін 17 жасар жасөспірім Сахтан туған ауылында еңбекке араласады. 1942 жылы Сахтан мен оның құрдастарына Отан қорғау үшін сапқа тұратын кез келді. Оларды майдан үшін  атқыштар взводына дайындау мақсатында Гурьев жаяу-әскер учлищесіне жолдайды. Бұл кез – майдан  шебі Сталинград түбіндегі қанды ұрысқа ұласқан кез еді. Фашист самолеттары тіпті Астрахань, Гурьев, Таушық жерлерін де бомбалаған еді.

Жағдайдың шиеленісе түскендігінен учелище курсанттарын уақытынан ерте бітіргізіп, 1943 жылдың 11 наурызында майданға жіберіледі. Елецк станциясына жеткен жолында эшелон бомба астында қалады. Одан тірі қалғандар 5-ші гвардия армиясына, ал Сахтан 95-ші атқыштар дивизиясының 287-ші атқыштар полкіне жіберіледі. 

Жорық жыры

Сақтан Табишев

Чкалов қаласы

19.08.1943ж

Даланың самалындай қиял желі,

Желпиді жас кеудені соқса лебі,

Шерленген жүрегінің қылы шертіп,

Сақтанның қалам ұстар келді кезі.

Бос сөзге бостандықтай берілмеймін,

Көпіріп көрімізге көрінбеймін,

Жауменен жағаласқан жорық жырын

Жазуға жанадағы ерінбеймін.

Тыңдаушым құлақ түріп оытр сергек,

Терейін сұлу сырлы сөзден өрнек.

Ашайын сыр сандығын, шер шеңберін

Шығарып тәтті күйді түптеп тербеп.

Мекенім Қанішкеннің даласы еді,

Каспидің қалың қамыс жағасы еді.

Ежелден сол өлкеде жайлап жатқан

Қазақтың Адай атты баласы еді.

Шорам мен Көкарнаның саласы еді,

Жадағай жар кемерлі жағасы еді,

Сүйріктей сол өлкеде жасөспірім

Азамат бейне қолдың саласы еді.

Қарт болды қам көңілді қауқылдаған,

Жас болды жарқын жүзді жарқылдаған.

Ер көңіл, еркін еңбек елі болды,

Асы мол аты тегін тартынбаған.

Жыл өтті жыл артынан жылдар кетті

Қырық бір қырғын жылы келіп жетті.

Жалпы жұрт жан басына қатер төніп,

Сол жылдың адамзатқа ызғары өтті.

Июннің сол бір жылғы жәрмеңкесі

Ұмытпас жалпақ елде жалғыз кісі,

Кең байтақ ерікті елдің іргесіне,

Сол күні тиген еді жаудың тісі.

Батыста көптен бері басым күші

Көрініп жүруші еді жаудың түсі

Сол жаудың бастығы еді сұм – Гитлер,

Анадан қан шеңгелдей туған кісі.

Сол доңыз ежелден –ақ қанға жерік,

Қан құмар болды әскері соған еріп.

Орасан Отанымда ұлы байлық,

Сұқтанар сұм қарақшы соны көріп.

Бір шеті қара теңіз, Лодож, Балтық,

Басталды ұлы соғыс бірден қамтып.

Маршалым Сталиннің бастауымен,

Келеді біздің әскер күшті артып.

Жау неміс жан таласар күшін сарқып,

Жүре алмай бұрынғыдай шеру тартып,

Ер жүрек бідің Қызыл Қырандардың,

Мезгілі жақындады тастар – тарпып.

Қозғайын көргенімнен көмей керіп,

Жел сөздің жетегіне кетпей еріп,

Соғыстың салдарынан сергелденге,

Кездесіп менен дағы кетті көрік.

Күшейіп күннен-күнге ердің кегі,

Лепіріп жауға аттанды от боп лебі,

Сақал-шаш күзгі күннің қырауындай

Жас түгіл шал де кетті елудегі.

Сол топтың бірі болып мен де аттандым,

Жазған соң маңдайыма жаратқаным,

Соғыстың соқтығысқан кездерінде,

Ұнай ма бекер қарап тек жатқаным.

Жүз адам бір кемеде шықтық елден,

Қараймыз көз алмай туған жерден.

Шөл дала тоқсан шақырым қиын асу

Бес күнде әрең асты біздің керуен.

Біз жаттық Забурунда екі күндей,

Теңізге түсетұғын қайық болмай,

Жол тарттық қалтылдаған қайықпенен,

Каспийдің бетіндегі көшкен сеңдей.

Қарт Каспий қарт анадай қалды қалғып

Кетеді еске түссе көңіл балқып,

Каспийдің жағасында толқын тулап,

Жалындай арыстанның бураланған.

Қоштасып біз аттандық ел жұртпенен

Балқиды балғын білек батыр денең.

Қарт ана соңғы сөзі әлі есімде,

«Тапсырдым, сені Аллаға, қозым!» деген.

Қаракөз қарындастар қалды кейін,

Қия алмай қарап тұрды көпке дейін,

Замана таланыңа тура келді,

Алланың жазғанына мен не дейін.

Ел қалды жылап сықтап, туған- туыс,

Ойласам басқа түскен ауыр жұмыс,

Жолымыз екі талай сапар екен,

Ең кемі жыл айналып ұзақ жүріс.

Ел шеті жаудың беті жолға аттанған

Сол бір күн еске түссе жанға батқан

Ата-ана, құрбы- құрдас қалаберді,

Көл болып қанды жасы көзден аққан.

Алты айдай біз тұрыппыз Гурьевтен,

Қамығып хат жазамыз қайран елге.

Сағынып сайрандаған Қанішкенді,

Көзде жас айналып тасқын селге.

Жау жарақ асынатын күн таянып,

Көретін көзімізден қан майданды.

Сөйлесіп бауырлармен телефонда,

Шығардым көңілдегі көп алаңды.

Әскердің біле-білсең міндеті ауыр,

Тапжылмай табан тіреп төзген тәуір,

Кейде аштық, кейде тоңу, ауыр бейнет,

Соншалық бастан өтті қиын дәуір.

Өзбек, орыс, қазақ, татар, башкер,

Құралған осылардан біздің әскер.

Өткен март жұлдызының он бірінде,

Асындық жау жарағын қанжар, семсер.

Біз міндік вагондерге тізбек- тізбек,

Қырқысқан қан майданға болып керек,

Жыйырып жер табанын кейін тастап,

Эшельон күн батысқа жүйіткіп келед.

Таса боп көз ұшында көп жер қалды,

Талай ел, түрлі халық қалды бәрі,

Сығалап вагондердің әйнегінен,

Телміріп қарай-қарай көзің талды.

Көсіліп көлбей түсіп Орал қалды,

Екі өзен Еділ-Жайық олар қалды,

Саратов, Урал менен Куйбышев

Жыл бойы ірі қала солар қалды.

Воронеж маңайында ұшай тұрып,

Майданға тұра тартып кеттік жүріп,

Ел жұртқа әлі-ақ аман қайтамыз деп,

Каримге сыр білдірмей қояды күліп.

Жолдасым бірге шыққан Қанішкеннен

Ануар, Төлеп, Карим таныс елден,

Қосылып Амангелді әнін шырқап,

Вагонде күндер болды көңіл бөлген.

Әңгіме, ертегіміз өткен-кеткен,

Хат- хабар ала алмадық елден көптен,

Секілді көрінеді о да алданыш,

Адамға шектен аса бейнет көрген.

Бұл жолдың көзің жетпесақырына,

Сыймайды еш пенденің ақылына

Жүруге жаяу-жалпы тура келді,

Ең азы төрт жүз елу шақырымға.

Жол ауыр жаңбыр, батпақ алдыңнан жел,

Ауыр жүк тамшылайды денеңнен тер,

Кейде елсіз жапан түзде демалысын,

Өртенген орны жатыр поселкалар.

Шөлдесең қара суға боласың зар,

Қара нан аш болғандай нәр.

Таласқан бес картопке күндер болды,

Жігіттен нелер кербез кеткендей ар.

Жолдағы керуен бейнет естен кетпес,

Жазуға бәрін теріп тілім жетпес,

Жорықта отыз күнді артқа тастап,

Таяндық қан майданға жаумен шектес.

Полктің командирі митингі ашты,

Қауіпті қалған жерді білдірді ашық.

«Жау жақын жанталасқан, жалын шашқан,

Қарсы ұмтыл»- деп ескертті, болмай жасық.

Күн- түнің, үйің-далаң бірдей болды,

Түнесек мекен еттік терең орды.

Аспанда жау құзғыны көлбей ұшып,

Келеді бомбы тастап оң мен солды.

Сонда да жалғыз қадам шегінбедік,

Жүруге ілгерілеп ерінбедік,

Туғызып жау басына ақыр заман,

Бекерге қырылғасын, шегінбедік.

Шегініп тастап шықты жерді нелер,

Бір қатар азат болды поселкелер,

Күшейіп жаудың кенет қарсылығы,

Байқалды күн барлығы бейнет шегер.

Ертең июль айының  оны дейді

Жау менен үлкен күрес күні дейді

Жетпекке жау қамалы жағасына

Сол үшін көп жүріппіз түні бойы.

Таң алды терең сайдан өттік келіп,

Өлікке сайдың асты жатыр толып,

Сұм жүрек сұмдықтан да сескенбейді

Тегінде кетсе керек ет үйреніп.

Бір қала кішігірім сай аржағы,

Немістің құрған шебі барлық жағы.

Көрім күн көрінгендей көз алдыңа,

Жігіттің сыналатын баста бағы.

Жауған оқ жаңбырдай боп сіркірейді,

Зеңбірек күндей болып күркірейді.

Снарядь, боба, мина жарылғанда,

Жер асты жеті қабат сілкінеді.

Әуеде екі жақтың самолеті,

Жалаңдап жүрде жалын танкі оты

Шыдамай тепкісіне біздің жақтың

Қансырап қайта берді жаудың беті.

Жау жағы жеңілгенмен шегінбеді,

Түтіннен күннің көзі көрінбеді,

Соғыстың аты соғыс, қызыл қырғын

Белгілі адам қаны төгілмегі.

Біреулер кетті кейін жараланған,

Қимылсыз қалып жатты жазалы адам,

Шығыны немістердің бізден асым,

Ілгері қырқысумен бастық қадам.

Күн өтті неше талай қанды қырғын,

Шамалы әзіріне бізден шығын,

Жолдасым алты қазақ жанымдағы

Аман-сау жүрегіне етеим ырым.

Ішінде басқа атаның алты қазақ

Көрген жоқ бұл сапарда кімдер азап,

Бұл «тойдан» тілегіміз аман шығу,

Жан беріп жау неміске болмай мазақ.

Жаратқан қан майданнан қалды сақтап,

Жаралап жаудың оғы тиді жаңсақ.

Бір күнде жараланған менен өзге,

Алтаудың ішіндегі басқа үш қазақ.

Ержан мен Карим, Төлеп аман қалды,

Біздерді санчастігі әкеп салды,

Бөлініп бірге жүрген бізден кейін,

Жігіттер қалғанына қапаланды.

Әкетті басқа жаққа мені бөліп

Жараның зардабынан көрдім көніп,

Дәрігерлер сенің жараң ауыр дейді,

Сонда да сабыр етіп жүрмін төзіп.

Жаралы бұл күндегі жалғыз мен бе,

Өле алмас көресіні көрмей пенде,

Қолы мен аяғы  жоқ домаланған

Әлсіреп аза түсті ірі кеуде.

Госпиталь тұрмысы артық бізді баққан

Алдым хат алты айдан соң ауыл жақтан,

Көңілге демеу болып ел хабары,

Ауырлық арылғандай алпыс батпан.

Шығысқа қайта келдім дәм көтеріп,

Көңілде бұрынғыдай жоқ қой желік,

Жасаған жәрдеміңнің арқасында,

Шашылған ырыздықты жедім теріп.

Чкалов үлкен қала соңғы мекен,

Елден жан кездескей деп үміт етем,

Кездеспей елден ешкім тарыққанда,

Сарғайып сабырсыздық халге жетем.

Осындай өтті өмірдің бір бөлегі,

Өткенді ұят ердің елемегі,

Жалғыз-ақ сағынғанда қайран жұртты,

Мөлдіреп екі көзден жас келеді.

  2010ж.

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы.

Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:22  
Оқылған саны: 1903

Жәдігерлеріміз жаһанға жетті

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында халқымыздың домбырада орындалатын дәстүрлі күйі мен киіз үйі ЮНЕСКО-ның бүкіладамзаттық мәдени құндылықтар тізіміне еніп, жан жадыратар жақсы жаңалыққа барша қазақ баласы шын ниеттен қуанулы. Әдетте, ЮНЕСКО бір жылда бір ғана рухани қазынаны өзінің тізіміне енгізуге құқылы десек, бұл дәстүрді қазақтың қос бірдей асыл мұрасы текке бұзып кетіп отырған жоқ. Өйткені, мұндай адамзат баласы арманынан асып туған алып арналар некен-саяқ. Әлем жұртшылығын мойындатқан сондай жалқы жауһарлардың қазақ даласында баршаға баяндалмай, атағын жая да алмай жатқаны қаншама. Осы жұмыстың басы-қасында көз ілмей жүріп, көп іс тындырған мамандар, ғалымдар  мұны әлі алдағы атқарылар шаруалардың бастамасы деп есептейді. Қазақстан тарапынан халықаралық ұйымға ұсынылған өтініштердің қабыл алынғаны,  қос бірдей ұлттық дүниенің материалдық емес құндылықтар тізіміне енгізілгені жайында жүрекжарды лебіз жетіп, мәдениет пен өнер өкілдері арқа-жарқа күй кешіп жатқан тұста сол қуаныштарымен бөлісу үшін «Егеменнің» тілшілері  жоба авторлары – Қазақ ұлттық Өнер университетінің профессоры, музыкатанушы Сайда ЕЛЕМАНОВА мен Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Тамара ЖҰМАЛИЕВАҒА жолығып, әңгімеге тартқан еді. Төменде біз олардың осы бастамадағы жетістіктері мен алдағы жұмыстары туралы ой-толғауларын жариялап отырмыз. 

: Егемен Қазақстан газеті. 29.11.2014ж.
Жарияланған күні: 02-12-2014  : 19:12  
Оқылған саны: 1464

Аталар жүрген соқпақпен (Cапарнама жазбалары)

iconiconiconiconicon

Хиуа — Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 м. биіктікте, Үргеніш темір жолы станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. 

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жарияланған күні: 04-07-2014  : 16:19  
Оқылған саны: 3462

Маңғыстауда наурыз мерекесінің тойлануы

        Міне, жер бетіндегі тіршілік атаулының асыға күткен күні-наурызда келіп жетті. Жер-ана бусанды, тұла бойына нәр берер жылылықты сезген өсімдік атаулы бүршігін жарып көгере бастады. Күн ызғары да әне, бірте-бірте шегініп төбе асып барады. Жан-жануарлар күнгей беттегі шуақтың қызуынан бөртіп, қылтиып көрінген көкті қуалап тыным таппайды. Шаруа баққан қазақ көп ұзамай малының алды төлдеп, аузының аққа тиетінін ойлап «бұрынғы шалдар «үт-қарын айы, наурыз желін айы» деп отырушы еді, жаратқан жақсылығыңды төге көр» деп жан-жағына мейірлене көз тігеді. Таяғына сүйеніп есік алдына шыққан кейуана «Е, Алла, бергеніңе шүкір. «Өлмеген жанға келді жаз» дегендей сүйретіліп жүріп бұл күнге де жеттік. Жарықтық амалға да санаулы күн қалыпты-ау. Бұл үлкен мереке ғой қарағым. Ойхой, дүние-ай, баяғыда жас кезімізде қызылды-жасыл киініп, таң атпай тұрып әр төбенің астында отырған ауыл-ауылды аралап қыдыратынбыз. Алдымен жасы келген үлкендердің табалдырығын аттап  батасын алуға ұмтылушы едік. Ол да бір дәурен екен ғой»,-деп қасында отырған немересіне өтіп кеткен күндерге деген сағыныш сөзін бастап, маңғыстаулықтардың наурыз мерекесін тойлауы жөнінде көрген, естігендерін айтатын-ды.

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жарияланған күні: 14-03-2014  : 20:29  
Оқылған саны: 3015

Соғыстағы ақын

icon

Маңғыстау облыстық мұражайының қорындағы қолжазбаларға қарап отырып әр түрлі тағдырға, әр түрлі тарихқа кезігесің. Соның ішінде адамды қызықтыратыны Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолжазбалар. Бір жауынгер қан майданды кешіп жүріп күнделік  жазса, бірі  жыр жазып, өлең шығарды.  

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы.
Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:22  
Оқылған саны: 1903

Сол күндерден сыр шертетін жәдігерлер

iconiconicon

Кеңес Одағының фашизмді ұясында тұншықтырып, елімізге тыныштық силағанына 65 жыл толғалы отыр. Бұл күнді қазіргі ұрпақ тек қана Ұлы Жеңіс  күні деп тойлайды. Ылайым тек аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бірақ сол майданда төгілген қан, тылдағы жетім- жесірдің көрген қияметі қазірде еске түссе денең түршігеді. Бұл қасиетті мейрам қарсаңында, сол соғысқа қатысқан ата-әжелеріме мың тағзым! Олар Отанын жаудан қорғап, туған жердің қарыс- сүйемін дұшпанға бермеймін деп қасық қаны қалғанша кеудесіне оққа тосқан жандар. Олардың барлығына бірдей Кеңес Одағының батыры атағы берілмесе де, олар біздер – Тәуелсіз елдің перзенттері үшін Батырлар.  

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы
Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:15  
Оқылған саны: 4917

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты