Сол күндерден сыр шертетін жәдігерлер

Кеңес Одағының фашизмді ұясында тұншықтырып, елімізге тыныштық силағанына 65 жыл толғалы отыр. Бұл күнді қазіргі ұрпақ тек қана Ұлы Жеңіс  күні деп тойлайды. Ылайым тек аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бірақ сол майданда төгілген қан, тылдағы жетім- жесірдің көрген қияметі қазірде еске түссе денең түршігеді. Бұл қасиетті мейрам қарсаңында, сол соғысқа қатысқан ата-әжелеріме мың тағзым! Олар Отанын жаудан қорғап, туған жердің қарыс- сүйемін дұшпанға бермеймін деп қасық қаны қалғанша кеудесіне оққа тосқан жандар. Олардың барлығына бірдей Кеңес Одағының батыры атағы берілмесе де, олар біздер – Тәуелсіз елдің перзенттері үшін Батырлар.

Облыстық мұражайға келген әрбір келуші Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған көрме залынан 1941-1945 жылдардағы сол сұрапыл соғыстың зардаптары мен ел басына түскен қиыншылық туралы көп мағлұмат ала алады, соғыс жылдарына қатысты көптеген жәдігерлерді көре алады. Мұражай залдары мен мұражай қорындағы Ұлы Отан соғысы туралы сыр шертер жәдігерлердің ішінде ерекше жәдігерлерді кездестіреміз. Бұл жәдігерлерді көріп отырып, жаның түршігеді, Тәуелсіз елде күн кешіп жатқаныңа тәуба етесің!

 Мұражай қорындағы ерекше бір жәдігер –қызыл кішкене қалтаға салынған қасиетті Прохоровка жерінің бір уыс топырағы. Бұл жәдігерді мұражай қорына 1988 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Табишев Сақтап Табишұлы сыйға берген.

Сталинградтан жеңіліс тапқаннан кейін гитлершілдер 1943 жылдың жазында Курск доғасындағы шайқасқа үлкен әзірлікпен келді. Мұндағы олардың мақсаты соғыстың жүрісін Шығысқа аудару болатын. Курск доғасындағы атақты танк шайқасы ІІ-дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқастарының бірі болды. Осы қанды ұрыста фашистер толығымен талқандалды. Аға сержант Табишев Сақтан Прохоровка жерінде танк десантында соғысқан болатын. 1988 жылы Жеңістің 45-жылдығына орай сол қанды ұрыстан естелік ретінде талай жауынгерлердің Отаны үшін қанын төккен, өмірін қиған жерден С.Табишевке Прохоровка жерінің бір уыс топырағы сыйға берілген болатын. Бұл бір уыс топырақ сол сұм жылдардың куәсі, айғағы ретінде мұражайдан орын алды. Қызыл түсті саржа матасынан тігілген қалтаға салынған бір уыс топырақтың сыртында танкінің суреті штамппен бейнеленген. Ол Жеңіс үшін сол танк шайқасының қосқан үлесінің дәлелі.

 Адам тарихында ІІ-дүниежүзілік соғыс кезеңіндегідей ешқашан адам өлімі көп болған емес. Орташа есеппен алғанда жылына 8 миллиондай адам өлімі болған, оның жартысынан көбі Кеңес Одағының адамдары. Соғыс зардабынан адам қойша қырылып жатқанда /аштықтан өліп, жарақаттанып, оқ тиіп және т.б./ олардың денесін  өртейтін крематориялар көптеп болған. 

Неміс фашистері кеңес солдаттарын тұтқынға түсіргенде көрсеткен жауыздықтарын теледидардан деректі және көркем фильмдерінен көріп таныспыз.

Мұражай қорындағы  ерекше жәдігерлердің бірі – адам терісінен жасалған портмоне. Бұл жәдігерді мұражайға 1995 жылы Ақтау қаласының тұрғыны Лесицын /өкінішке орай аты-жөні толық емес/ сыйға тартқан. Материалы қоңырқай түсті бұл портмоненің іші төрт бөліктен тұрады, көлемі 15,5х10см, тігінен ашылады. Портмонені дайындау үшін адам терісімен бірге матаны да пайдаланған. Осы жәдігерді көріп тұрып адам терісінен қалтаға салып жүретін дүние жасау тек қана жауыздардың, фашистердің қолынан келетін іс деген ойға келіп, портмоне жасалған тері кеңес жауынгерінің теріс деп жаның түршігеді.

 Ұлы Отан соғысы туралы мұражай қорындағы құжаттар мен жәдігерлерді қарай отырып, ҚазССР-нің халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Қызыл жұлдыз»орденінің иегері, соғыс ардагері Мұстахи Бимағанбетов Ләтіпұлының комплексіне көз тоқтатпау мүмкін емес. Соғыс кезіндегі хаттар, соғыстағы әр күнін жазған жазба блокноттары, түрлі құжаттар мен мақтау, құрмет қағаздары және т.б.

Мұстахи Ләтіпұлының жазба блакноттарынан әр секундтың, әр минуттың, әр сағат пен әр күннің қиыншылықтары мен қатар, елден, үйден хат алғандағы қуаныштарын, Ұлы Жеңіс күнгі жүректерінің жарыла қуанғандығын оқисың. Оқып отырып бірде автормен бірге қорқасың, бірде қайраттанасың, бірде қуанасың. Мұстахи ағаның қасында өзің жүріп, фашистермен соғысып жүргендей әсер аласың. Оқырмандарға да осы жазбалардан үзінді келтіре кетейік.

16 август 1944ж

Бүгін жау самолеттері таңертаңнен  кешке дейін бас көтертпеді. Біздің машина өртенді. Оның үстінде барлық продукталар /5 күндік/ бар еді. Менің шинелім, ранецімде сол өрттің ішінде кетті. Түсқайта сағат үштердің шамасында біз қоршауға түстік. Жау біздің тылға баратын үлкен жолымыздан екі жерден кесті.  Жау самолеттері төбеде айналып жүр. Тоғайдан шығуға мүмкіншілік жоқ. Сағат 6-лардың шамасында біздің екінші взводты жинап жолды кескен жаудың қорғанысын айналып өтіп, корпуқа сым тартуға бұйрық берді. Біз жиналып Кіші лейтенант Онженконың командылығында жолға шықтық. Сым тартып келеміз. Міне бір тоғайдың ішінде жау самолеттерінің ұшып кетуін күтіп отырмыз. Барлығымыз тоғыз адамбыз....

27 сентябрь 1944ж

Біздің взводтың адамдары бір деревнеден спирт тауып алды. Оны суға қосып ішеміз деп көп адамдар уланып қалды. Чхандге, Черныш госпитальде. «Еш нәрсе көрмейді, көзінен айрылды» дегенді естідік. Мен де ішкен едім. Бірақ аз еді. Көз қарайып,  бас айналғаннан басқа ештеңе болған жоқ.

9 мая 1945 г.

Қандай қуанышты хабар. Түнгі сағат 2-де радио арқылы естідік. Конец войне. Бұл күн өмірде ұмытыларма. Минтинг болып, солют ретінде автоматтан оқты қардай бораттық. Қуанышта шек болмады.

Бұл заттарды мұражай қорына 1988 жылы Мұстахи ағамыз сиға берген. Осы көп құжаттардың ішінде ағамыздың соғыс кезінде майдан шебінің жүріп өткен әр жерінен жинаған гербарийлері жабыстырылған фотоальбомы бар. Калининград, Ленинград облыстарынан, Литва, Эстония, Латвия Республикаларынан, Выборог қаласынан, Сайрам станциясынан,Украйна жерлерінен жиналған өсімдік гербарилері Мұстахи ағамыздың қазақ тілі мұғалімі болса да, , борап жатқан бомбаның астында майдан шебінде жүріп те табиғатқа деген сүйіспеншілігін бір сәт есінен шығармағанын аңғаруға болады. Бұл жәдігер елге келген соң өзінің орнын мұражайдан табуы да Мұстахи ағаның өнегелі жан екендігін білдіреді.

Мұражай ертегі мен бүгінгіні сабақтастыра отырып, тарихтан көп мағлұмат алуға болатын мәдениет орны.  Бұл жерде әлі сырын екінің бірі біле бермейтін, жарияланбаған жәдігерлер көп. Мұражай қызметкерлерінің міндеті осы жәдігерлерді біріншіден сақтау болса, екіншіден оны насихаттау, тарихтан сыр шертер жәдігерлердің сырын ашу.

2010 жыл.

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы

Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:15  
Оқылған саны: 4917

Жәдігерлеріміз жаһанға жетті

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында халқымыздың домбырада орындалатын дәстүрлі күйі мен киіз үйі ЮНЕСКО-ның бүкіладамзаттық мәдени құндылықтар тізіміне еніп, жан жадыратар жақсы жаңалыққа барша қазақ баласы шын ниеттен қуанулы. Әдетте, ЮНЕСКО бір жылда бір ғана рухани қазынаны өзінің тізіміне енгізуге құқылы десек, бұл дәстүрді қазақтың қос бірдей асыл мұрасы текке бұзып кетіп отырған жоқ. Өйткені, мұндай адамзат баласы арманынан асып туған алып арналар некен-саяқ. Әлем жұртшылығын мойындатқан сондай жалқы жауһарлардың қазақ даласында баршаға баяндалмай, атағын жая да алмай жатқаны қаншама. Осы жұмыстың басы-қасында көз ілмей жүріп, көп іс тындырған мамандар, ғалымдар  мұны әлі алдағы атқарылар шаруалардың бастамасы деп есептейді. Қазақстан тарапынан халықаралық ұйымға ұсынылған өтініштердің қабыл алынғаны,  қос бірдей ұлттық дүниенің материалдық емес құндылықтар тізіміне енгізілгені жайында жүрекжарды лебіз жетіп, мәдениет пен өнер өкілдері арқа-жарқа күй кешіп жатқан тұста сол қуаныштарымен бөлісу үшін «Егеменнің» тілшілері  жоба авторлары – Қазақ ұлттық Өнер университетінің профессоры, музыкатанушы Сайда ЕЛЕМАНОВА мен Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Тамара ЖҰМАЛИЕВАҒА жолығып, әңгімеге тартқан еді. Төменде біз олардың осы бастамадағы жетістіктері мен алдағы жұмыстары туралы ой-толғауларын жариялап отырмыз. 

: Егемен Қазақстан газеті. 29.11.2014ж.
Жарияланған күні: 02-12-2014  : 19:12  
Оқылған саны: 1464

Аталар жүрген соқпақпен (Cапарнама жазбалары)

iconiconiconiconicon

Хиуа — Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 м. биіктікте, Үргеніш темір жолы станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. 

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жарияланған күні: 04-07-2014  : 16:19  
Оқылған саны: 3461

Маңғыстауда наурыз мерекесінің тойлануы

        Міне, жер бетіндегі тіршілік атаулының асыға күткен күні-наурызда келіп жетті. Жер-ана бусанды, тұла бойына нәр берер жылылықты сезген өсімдік атаулы бүршігін жарып көгере бастады. Күн ызғары да әне, бірте-бірте шегініп төбе асып барады. Жан-жануарлар күнгей беттегі шуақтың қызуынан бөртіп, қылтиып көрінген көкті қуалап тыным таппайды. Шаруа баққан қазақ көп ұзамай малының алды төлдеп, аузының аққа тиетінін ойлап «бұрынғы шалдар «үт-қарын айы, наурыз желін айы» деп отырушы еді, жаратқан жақсылығыңды төге көр» деп жан-жағына мейірлене көз тігеді. Таяғына сүйеніп есік алдына шыққан кейуана «Е, Алла, бергеніңе шүкір. «Өлмеген жанға келді жаз» дегендей сүйретіліп жүріп бұл күнге де жеттік. Жарықтық амалға да санаулы күн қалыпты-ау. Бұл үлкен мереке ғой қарағым. Ойхой, дүние-ай, баяғыда жас кезімізде қызылды-жасыл киініп, таң атпай тұрып әр төбенің астында отырған ауыл-ауылды аралап қыдыратынбыз. Алдымен жасы келген үлкендердің табалдырығын аттап  батасын алуға ұмтылушы едік. Ол да бір дәурен екен ғой»,-деп қасында отырған немересіне өтіп кеткен күндерге деген сағыныш сөзін бастап, маңғыстаулықтардың наурыз мерекесін тойлауы жөнінде көрген, естігендерін айтатын-ды.

Автор: Отыншы Көшбайұлы өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жарияланған күні: 14-03-2014  : 20:29  
Оқылған саны: 3015

Соғыстағы ақын

icon

Маңғыстау облыстық мұражайының қорындағы қолжазбаларға қарап отырып әр түрлі тағдырға, әр түрлі тарихқа кезігесің. Соның ішінде адамды қызықтыратыны Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолжазбалар. Бір жауынгер қан майданды кешіп жүріп күнделік  жазса, бірі  жыр жазып, өлең шығарды.  

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы.
Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:22  
Оқылған саны: 1902

Сол күндерден сыр шертетін жәдігерлер

iconiconicon

Кеңес Одағының фашизмді ұясында тұншықтырып, елімізге тыныштық силағанына 65 жыл толғалы отыр. Бұл күнді қазіргі ұрпақ тек қана Ұлы Жеңіс  күні деп тойлайды. Ылайым тек аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бірақ сол майданда төгілген қан, тылдағы жетім- жесірдің көрген қияметі қазірде еске түссе денең түршігеді. Бұл қасиетті мейрам қарсаңында, сол соғысқа қатысқан ата-әжелеріме мың тағзым! Олар Отанын жаудан қорғап, туған жердің қарыс- сүйемін дұшпанға бермеймін деп қасық қаны қалғанша кеудесіне оққа тосқан жандар. Олардың барлығына бірдей Кеңес Одағының батыры атағы берілмесе де, олар біздер – Тәуелсіз елдің перзенттері үшін Батырлар.  

: Кетеева Жадыра Жақсылыққызы – облыстық мұражайдың бас қор сақтаушысы
Жарияланған күні: 10-01-2014  : 15:15  
Оқылған саны: 4917

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты