"Өрнек" сән үйінің директоры Нұрияш Нұрбергенқызымен мәдени-тағылымдық кездесу кеші
Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі – тек экологиялық, климаттық жағдайға бейімделу ғана емес, сонымен қатар халықтың этникалық өзіндік айғағы функциясын да атқарады. Сонымен бірге, ұлттық киім дәстүрлі мәдениеттің материалдық және рухани ерекшеліктерінің қалыптасуын, сақталуын, дамуын көрсететін бірден бір атрибут екені белгілі. Дәстүрлі киім-кешектеріміз әрқашанда қоғамның мүшелерінің әлеуметтік-лауазымдық статусын, материалдық күйін, жыныстық және жастық ерекшелігін айғақтайтын символдық функция атқарады.
Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына орай атқарылып жатқан шаралар аясында және Шығыстың Ұлы мейрамы Әз Наурыз мерекесіне орай облыстық музейде өңірімізде тұңғыш рет ұлттық киімді кәсіби тұрғыда тігуді қолға алып, қарапайым халықтан бастап өнер және мәдениет саңлақтарына, мәртебелі азаматтарға ұлттық киім тігіп жүрген әлемге танымал "Өрнек" сән үйінің директоры Нұрияш Ниязова апамызбен "Ұрпаққа мирас - ұлттық киім" атты мәдени-тағылымдық кездесу кеші керемет деңгейде өтті. Кеш барысында Нұрияш Нұрбергенқызының қолынан шыққан ұлттық киім үлгілері және музейдің алтын қорынан алынған "ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың ұлттық киімі" атты көрмесі көрсетіліп, меймандар үшін экскурсия жүргізілді. Нұрияш апа өзінің тағылымға толы өмірлік жолын тұшымды баяндай отырып, ұлттық киімді тігу өнерінің қыр-сырымен де бөлісті. Бала жастан еңбекке араласқан шебер апамыздың кездесу барысында шеберлік сабағы ретінде тігіп көрсеткен, нәрестеге арналған иткөйлегі музейге тапсырылды. Мейман-көрермендер аты аңызға айналған Нұрияш апайға сауалдарын қойып, ақжарма тілектерін арнады. Кештің басты кейіпкеріне зор алғысын жеткізген музей директоры Тамара Қалмырзақызы облыстық Мәдениет басқармасының атынан Нұрияш Нұрбергенқызына Алғыс хат табыстады.
Кездесуімізді керемет дәстүрлі әндерімен әрлеген облыстық филормония әншілері Екпін Толқынхан мен Сержан Масжановқа және алтын уақытын бөліп келген барша көрермендерімізге музей ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз!
Оқылған саны: 10512
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 1016
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 1018
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 1376
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 1811
Жазғы демалыс лагерьлер легі музейде





Жазғы демалыс-2019
Жарияланған күні: 06-06-2019
Оқылған саны: 1804
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Музей түні" шарасын облыстық музей биыл да ерекшелеп өткізуге тырысты.
Жарияланған күні: 20-05-2019
Оқылған саны: 4076
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат