"Өрнек" сән үйінің директоры Нұрияш Нұрбергенқызымен мәдени-тағылымдық кездесу кеші

Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі – тек экологиялық, климаттық жағдайға бейімделу ғана емес, сонымен қатар халықтың этникалық өзіндік айғағы функциясын да атқарады. Сонымен бірге, ұлттық киім дәстүрлі мәдениеттің материалдық және рухани ерекшеліктерінің қалыптасуын, сақталуын, дамуын көрсететін бірден бір атрибут екені белгілі. Дәстүрлі киім-кешектеріміз әрқашанда қоғамның мүшелерінің әлеуметтік-лауазымдық статусын, материалдық күйін, жыныстық және жастық ерекшелігін айғақтайтын символдық функция атқарады. 
Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына орай атқарылып жатқан шаралар аясында және Шығыстың Ұлы мейрамы Әз Наурыз мерекесіне орай облыстық музейде өңірімізде тұңғыш рет ұлттық киімді кәсіби тұрғыда тігуді қолға алып, қарапайым халықтан бастап өнер және мәдениет саңлақтарына, мәртебелі азаматтарға ұлттық киім тігіп жүрген әлемге танымал "Өрнек" сән үйінің директоры Нұрияш Ниязова апамызбен "Ұрпаққа мирас - ұлттық киім" атты мәдени-тағылымдық кездесу кеші керемет деңгейде өтті. Кеш барысында Нұрияш Нұрбергенқызының қолынан шыққан ұлттық киім үлгілері және музейдің алтын қорынан алынған "ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың ұлттық киімі" атты көрмесі көрсетіліп, меймандар үшін экскурсия жүргізілді. Нұрияш апа өзінің тағылымға толы өмірлік жолын тұшымды баяндай отырып, ұлттық киімді тігу өнерінің қыр-сырымен де бөлісті. Бала жастан еңбекке араласқан шебер апамыздың кездесу барысында шеберлік сабағы ретінде тігіп көрсеткен, нәрестеге арналған иткөйлегі музейге тапсырылды. Мейман-көрермендер аты аңызға айналған Нұрияш апайға сауалдарын қойып, ақжарма тілектерін арнады. Кештің басты кейіпкеріне зор алғысын жеткізген музей директоры Тамара Қалмырзақызы облыстық Мәдениет басқармасының атынан Нұрияш Нұрбергенқызына Алғыс хат табыстады. 
Кездесуімізді керемет дәстүрлі әндерімен әрлеген облыстық филормония әншілері Екпін Толқынхан мен Сержан Масжановқа және алтын уақытын бөліп келген барша көрермендерімізге музей ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз! 

Жарияланған күні: 01-03-2018  
Оқылған саны: 11025

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталған күн

iconiconiconiconicon

19 наурыз - ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтау күніне арналған музейдегі мерекелік шаралар легі жоғары деңгейде өтте.

Жарияланған күні: 19-03-2019  
Оқылған саны: 7526

Алып плезиозавр қаңқасын көріп үлгеріңіз!

iconiconiconicon

2017 ж. мамыр айында Маңғыстау ауданының аумағынан табылған ежелгі алып плезиозавр сүйегі музейде қайта көрмеленеді

Жарияланған күні: 20-02-2019  
Оқылған саны: 10258

"Жарияланбаған соғыс жадымызда!" әскери-тағылымдық кездесуі

iconiconiconicon

Биыл 15 ақпан күні кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толады. 

Жарияланған күні: 12-02-2019  
Оқылған саны: 5434

"Адал еңбек - ырыстың бұлағы" тағылымдық кездесуі

iconiconiconicon

Өлкемізге белгілі теңізші, балықшы Тәуірхан Қанжановпен кездесу. 

Жарияланған күні: 30-01-2019  
Оқылған саны: 5710

Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндері

iconiconiconiconicon

2018 ж. 18 тамыздағы Ақтау саммиті барысында жасалған келісімдердің бірі - түрікмен астанасы Ашхабадта Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу болатын. 29-30 қараша күндері Маңғыстау облысынан Ашхабадқа үлкен делегация аттанып, 2 күн бойы Ашхабадты қазақтың салт-дәстүрі мен саф өнеріне қандырды. Мәдениет күндері аясында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі "Ұлы Дала мұрасы" атты көрмесін ұсынды.

Жарияланған күні: 03-12-2018  
Оқылған саны: 11507

Ержан хазірет Төлегенұлының мұралары тағылымына арналған конференция қос қалада дүркіреп өтті

iconiconiconiconicon

Рухани жаңғырудың жарқын үлгісі болған қос қаладағы конференция туралы

Жарияланған күні: 22-11-2018  
Оқылған саны: 11589
4567891011121314 ... 32

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты