"Шахнаманың" сарынымен сусындаңыз!
11 шілде күні музей шаңырағында Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы және Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «ФИРДОУСИДІҢ «ШАХНАМАСЫ» - ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға Иран Ислам Республикасының ҚР-дағы бас консулдығы басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Хоссейнғоли Нури және Иран мәдени орталығының директоры Масуд Шейх Зейнеддин қатысып, алғыс, лебіздерін білдірді. Көрмені мәдениет саласының қызметкерлері, қала тұрғындары мен меймандары тамашалап үлгерді.
Көрмеге әлемдік әдебиеттің жауһары - "Шахнаманың" сюжеттік көріністеріне салынған картиналар, "Шахнаманың" қазақ тіліне аудармасы, Иран жазушыларының орыс тіліне аударылған әдеби кітаптары, парсы елінің үздік қолөнер бұйымдары, керамикалық ерекше ыдыстары, ағаш пен сүйектен соғылған көркем кәдесыйлары қойылған. Көрме 3 тамызға дейін болатынын хабарлаймыз.
Оқылған саны: 9343





18 мамыр - Халықаралық музей күніне орай облыстық музейде музей-бөлмесі бар мектептердің оқушылары арасында "Үздік экскурсовод" сайысы өтті.
Жарияланған күні: 17-05-2019
Оқылған саны: 4600
Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы





Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің мәртебесін көтеріп, мерейін тасытып жүрген басты қызметтерінің бірі - көшпенділердің қасиетті баспанасы киіз үйді насихаттау, дәріптеу, өскелең ұрпақты осынау ұлы мұраның лайықты мұрагері болуға баулу. Ендеше, музейдің ұйымдастыруымен дәстүрге айналған киіз тігу сайысы биыл да жоғары деңгейде өтті.
Жарияланған күні: 25-04-2019
Оқылған саны: 6387





27 наурыз күні Танымал күйші,
«Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Құрмет» орденінің иегері Роза Айдарбаевамен «Ұлттық өнерді ұлықтаған Роза қыз» мәдени-танымдық кездесуі өтті.
Жарияланған күні: 28-03-2019
Оқылған саны: 6945





Музей шаңырағындағы тағы бір әдемі кездесу
Жарияланған күні: 27-03-2019
Оқылған саны: 7036
Алтынқазған құпиясына қанық болыңыз!





2010 ж. анықталып, 2014 жылдан бастап тұрақты археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген "Алтынқазған" діни-қабірлеу кешенінен табылған жәдігерлердің тек өлкеміздің емес, бүтін мемлекетіміздің мақтанашына айналатын түрі бар!
Жарияланған күні: 20-03-2019
Оқылған саны: 6789
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталған күн





19 наурыз - ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтау күніне арналған музейдегі мерекелік шаралар легі жоғары деңгейде өтте.
Жарияланған күні: 19-03-2019
Оқылған саны: 6395
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат