Ержан хазірет Төлегенұлының мұралары тағылымына арналған конференция қос қалада дүркіреп өтті

18 қараша күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде «Ержан хазірет Төлегенұлының ісі мен еңбегін есте қалдыру» қоғамдық қорының бастамасымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасы және Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің тікелей атсалысуымен Ержан хазірет Төлегенұлының мұралары тағылымына арналған «Ілімнің бұлағы – кемелдік нәрі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияны жүргізген – өлкемізден шыққан белгілі дінтанушы ғалым Марат Себасов. Конференцияға Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Балғабек Мырзаев, ҚМДБ төрағасының орынбасары, найиб муфти Бауыржан Есмахан, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің проректоры, Рjd докторы Қайрат Құрманбаев, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің дінтанушы, ғалымы Мұқан Исахан, тасаууфтанушы Рысбай Дайрабай сынды дін саласының саңлақтары, хазіреттің қолжазбаларын осы күнге дейін сақтап келген әйгілі ғалым Қабиболла Сыдиықовтың жұбайы Гүлшат Омарқызы қатысып, тұшымды баяндамаларын оқыды. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов алыстан әруақты абыздың есімін ардақтай келген барша ғалымдарға алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді.

Конференция барысында Ержан хазіреттің «Ілімнің бұлағы – тақуалық қайнары» атты кітабының тұсауы кесілді. Бұл кітапты Гүлшат Омарқызында сақталған хазіреттің араб тіліндегі қолжазбаларынан қазақшаға аударған – Сейдмұхаммед (Құлатай) Абдунаим. Ержан хазіерттің қолжазбалары негізінде сақталған еңбектерінің еліміздің діни саласына қосар үлесі зор. Өйткені қазіргі таңда жастардың өзге діни ағымдардың жетегіне еріп кету үрдісіне тоқтау салудың бірден бір жолы - дәстүрлі дінімізге оралу, темірқазығын қайта бекіту. Міне, осы мақсатта абыз атаның кітаптары ең күшті қару болмақ. Оның еңбектерінде бабаларамыз ұстанған дәстүрлі дініміздің егжей-тегжейі майын тамыза баяндалған. Бұхарадағы Көкілташ медресесінде 8 жыл оқыған, өз заманының білгірі атанған Ержан хазірет Төлегенұлының мұралары біздің заманымызда таптырмас діни оқулықтарға айналғалы отыр. 

Конференцияның тағы бір ардақты мейманы – хазіреттің көзі тірі тұяғы Несіпхан Ержанқызы ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шексіз алғысын айтып, батасын берді.

Конференция меймандары облыстық музей ұйымдастырған Ержан хазіреттің жеке дүниелерінен жасақталған және ол туралы маңызды мағлұматтардан дайындалған «Руханияттың асыл тінін жалғаушы Ержан хазірет Төлегенұлы» атты көрмені тамашалады. Музей ұжымы тарапынан осы көрмені ұйымдастыруға жәрдемдескен хазіреттің жеке дүниелеріне ие болып отырған Ержан абыздың келіні Мәрзия апай Аралбайқызына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Ал 21 қараша күні дәл осы конференция елордамыз Астана қаласында «Дін тұғыры және ілім қайнары» деген атаумен өтті. Оған Ақтау қаласынан арнайы барған облыс әкімі Ералы Тоғжанов, «Ержан хазірет Төлегенұлының ісі мен еңбегін есте қалдыру» қоғамдық қорының төрағасы Бисенбек Нұржігітұлы, дінтанушы Марат Себасов, ғалым, дарынды аудармашы Нияз Тобыш, ақын Сабыр Адай, өлкетанушылар Отыншы Көшбай, Алқажан Еділхан қатысып, келелі жиынның көркін қыздырды. Алқалы жиынды Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан сөз алып, хазіреттің еңбектеріне деген лебіздерін білдірді.

Қоғам және руханият қайраткеріне арналған ғылыми-практикалық конференцияда Мәжіліс депутаты Тарас Хитуов «Рухани жаңғыру және Ержан хазірет тағылымы», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы «Алаш мұраты және дәстүрлі дін тұғыры», ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимов «Ержан хазірет мұрасы: парасат пен пайым», Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айнұр Әбдірәсілқызы «Ержан хазірет еңбектері – ұлттың діни танымы айнасы», Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Пәния Сармурзина «Маңғыстау мияттары: сабақтастық мәні», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «ТҮРКСОЙ» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр «Ержан Төлегенұлының рухани қазынасы: зерттеу міндеттері», ЕҰУ дінтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кеңшілік Тышхан «Ержан хазі­рет шығармаларындағы кемелдік», ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ақжігіт Әлібекұлы «Тұлға және қолжазба құндылығы», ЕҰУ дінтану кафедрасының доценті, PhD Сәмет Оқанұлы «Ержан хазірет еңбектеріндегі исламның ғылыми негіздері» тақырыбында баяндама жасады.

Ержан хазіреттің ел руханиятына сіңірген ұшан-теңіз еңбегінің осылайша еленуі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан қыруар істің бірі әрі бірегейі болып қалары анық.

Жарияланған күні: 22-11-2018  
Оқылған саны: 16090

Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалында «Ұлыстың ұлы күні-наурыз» тақырыбында мерекелік шара өтті.

iconiconiconiconicon

Наурыз мерекесіне орай Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалында «Ұлыстың ұлы күні-наурыз» тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға Н.Жұбаев атындағы мектептің 4 «б» сынып оқушылары қатысты.  

Жарияланған күні: 18-03-2017  
Оқылған саны: 31147

«Амалдан ақ тілек»

iconiconiconiconicon

15-17 наурыз аралығында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақ және орыс тілдерінде «Амалдан ақ тілек» атты мерекелік шара өтті. Шараға Ақтау қаласының мектеп оқушылары қатысты. 

Жарияланған күні: 17-03-2017  
Оқылған саны: 32997

Хабарландыру!!!

Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейіне әр айдың үшінші жексенбісі барлық музейге келушілер үшін тегін және әр  айдың бірінші сәрсенбісі музейге кіру мектеп оқушылары үшін тегін.

Жарияланған күні: 17-03-2017  
Оқылған саны: 26682

Президенттік телерадио корпорациясы «Маңғыстауда наурыз мерекесінің тойлануы» тақырыбында киіз үйде түсірілім жасалды.

iconiconicon

Жарияланған күні: 15-03-2017  
Оқылған саны: 30738

"Дәстүр" журналының бас-редакторы Қасымхан Бегмановпен кездесу.

iconiconicon

13 наурыз күні музей шаңырағының астында Қазақстан Жастар одағы, халықаралық Алаш әдеби және тәуелсіз «Ильхам» сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ақын, "Дәстүр" журналының бас-редакторы  Қасымхан Бегманов музей қызметкерлерімен кездесті, 

Жарияланған күні: 14-03-2017  
Оқылған саны: 15924

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жаңаөзен қалалық филиалында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әлемнің нұры – әйелдер» атты кеш ұйымдастырды.

iconiconicon

Наурыз айының 6-сы күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жаңаөзен қалалық филиалында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әлемнің нұры – әйелдер»  атты қаладағы құрметті аналармен кездесу кешін ұйымдастырды. 

Жарияланған күні: 10-03-2017  
Оқылған саны: 28843
1 ... 56789101112
13141516171819 ... 32

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты