Ержан хазіреттің мұралары халықпен қауышпақ

Әулие атаулыны айрықша қастерлей білетін Маңғыстау жұрты кешегі қиын кезеңнің өзінде әруақты ұлдарының есімін естен шығарған жоқ, керісінше сыртқы күштің екпіні қатайған сайын олар біртуар перзенттерінің есімін жүректеріне шегендей түсті. Рас, қызыл жалаулы, қызыл жағалы, қызыл сөзге малданған қызыл ұранды саясаттың салқыны халықтың жадына, ниетіне, иманына өз ізін, өз жарасын салмай қойған жоқ, халық мәңгілік бағдар еткен темірқазығынан көз жазып қалардай теңселді, тентіреді. Болмысынан талай жақсысын жоғалтты, бойына талай жаманды жамады. Кейде ел басына бірінен соң бірі келген зұлматтарда қатары сиреп қалған онсыз да аз қазақ қалай аман қалды десек, оны аман сақтап қалған әуелі Алла, екінші қандай қиындықта да қара нардай қайыспайтын қайран бабаларымыздың әруағы екен. Өлкеге дін тарату мақсатында келген Қожа Ахмет Яссауи шәкірттерінен бастап, Бекет ата есімін тілге тиек, жүрекке медет ете сөз саптайтын маңғыстаулықтар үшін өте қадірлі аталардың бірі – Ержан хазірет. Ержан атамыздың елдің шексіз ықыласына бөленуінің себебі, біріншіден, оның халқымыз түгел тұтынған дәстүрлі діннің өте терең ілімді, көненің сүрлеуінен адаспаған көрнекті өкілі болуында, екіншіден, ел басына күн туған қиын кезеңдерде, тіпті өзінің сау басы саудаға түсіп, бірнеше рет сотталса да адал жолдан айнымай, сағы сынбай жұртты имандылыққа, ауызбіршілікке ұйытып, ел бірлігін сақтау жолындағы абыздық-ақсақалдық, ұстаздық тұлғасын аласартпауында, үшіншіден Хақ жолында шынайы мұсылманға тән көркем мінезінен жаңылмауында, төртіншіден, білім-білігі жете тұра, басқан ізін аңдуда ұстаған қиын күндерде елі мен жерін тастап шетке қарай бас сауғаламай, ақ ажалы келгенге дейін «не көрсем де еліммен бірге көрейін» дегендей ағайын-туыс, ел-жұртының жанында болуында жатыр. Міне, осындай айтулы тұлға, аяулы перзенттің ұрпаққа қалдырған асыл мұраларын жарыққа шығарып, халықпен қауыштыру мақсатында «Ержан Хазірет Төлегенұлының ісі мен еңбегін есте қалдыру қоғамдық қорының» бастамасымен, Маңғыстау облысының әкімдігі және Мәдениет басқармасының қолдауымен 18 қараша күні өлкемізде «Ілімнің бұлағы – кемелдік нәрі» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияға Астана, Алматы қалаларынан және Өзбекстан елінен белгілі дінтанушы ғалымдар қатысып, Хазіреттің еңбектері бойынша баяндамалар жасайды. Абыздың қолжазбалары бойынша жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтеді. Сондай-ақ конференция аясында Ержан хазірет Төлегенұлының өзі тұтынған жеке дүниелері мен қолжазбаларынан көрме ұсынылады. Конференцияның өтетін орны: «Достық үйі», сағат 10.00.

Жарияланған күні: 15-11-2018  
Оқылған саны: 10203

Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!

iconiconiconiconicon

    10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.

Жарияланған күні: 11-10-2019  
Оқылған саны: 375

"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті

iconiconiconiconicon

Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.

Жарияланған күні: 21-09-2019  
Оқылған саны: 783

"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

icon

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.

Жарияланған күні: 17-09-2019  
Оқылған саны: 1127

Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!

iconiconiconiconicon

Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.

Жарияланған күні: 12-09-2019  
Оқылған саны: 1230

Жазғы демалыс лагерьлер легі музейде

iconiconiconiconicon

Жазғы демалыс-2019

Жарияланған күні: 06-06-2019  
Оқылған саны: 1262

"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті

iconiconiconiconicon

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Музей түні" шарасын облыстық музей биыл да ерекшелеп өткізуге тырысты.

Жарияланған күні: 20-05-2019  
Оқылған саны: 3817
1
234567891011121314 ... 32

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты