Ержан хазіреттің мұралары халықпен қауышпақ

Әулие атаулыны айрықша қастерлей білетін Маңғыстау жұрты кешегі қиын кезеңнің өзінде әруақты ұлдарының есімін естен шығарған жоқ, керісінше сыртқы күштің екпіні қатайған сайын олар біртуар перзенттерінің есімін жүректеріне шегендей түсті. Рас, қызыл жалаулы, қызыл жағалы, қызыл сөзге малданған қызыл ұранды саясаттың салқыны халықтың жадына, ниетіне, иманына өз ізін, өз жарасын салмай қойған жоқ, халық мәңгілік бағдар еткен темірқазығынан көз жазып қалардай теңселді, тентіреді. Болмысынан талай жақсысын жоғалтты, бойына талай жаманды жамады. Кейде ел басына бірінен соң бірі келген зұлматтарда қатары сиреп қалған онсыз да аз қазақ қалай аман қалды десек, оны аман сақтап қалған әуелі Алла, екінші қандай қиындықта да қара нардай қайыспайтын қайран бабаларымыздың әруағы екен. Өлкеге дін тарату мақсатында келген Қожа Ахмет Яссауи шәкірттерінен бастап, Бекет ата есімін тілге тиек, жүрекке медет ете сөз саптайтын маңғыстаулықтар үшін өте қадірлі аталардың бірі – Ержан хазірет. Ержан атамыздың елдің шексіз ықыласына бөленуінің себебі, біріншіден, оның халқымыз түгел тұтынған дәстүрлі діннің өте терең ілімді, көненің сүрлеуінен адаспаған көрнекті өкілі болуында, екіншіден, ел басына күн туған қиын кезеңдерде, тіпті өзінің сау басы саудаға түсіп, бірнеше рет сотталса да адал жолдан айнымай, сағы сынбай жұртты имандылыққа, ауызбіршілікке ұйытып, ел бірлігін сақтау жолындағы абыздық-ақсақалдық, ұстаздық тұлғасын аласартпауында, үшіншіден Хақ жолында шынайы мұсылманға тән көркем мінезінен жаңылмауында, төртіншіден, білім-білігі жете тұра, басқан ізін аңдуда ұстаған қиын күндерде елі мен жерін тастап шетке қарай бас сауғаламай, ақ ажалы келгенге дейін «не көрсем де еліммен бірге көрейін» дегендей ағайын-туыс, ел-жұртының жанында болуында жатыр. Міне, осындай айтулы тұлға, аяулы перзенттің ұрпаққа қалдырған асыл мұраларын жарыққа шығарып, халықпен қауыштыру мақсатында «Ержан Хазірет Төлегенұлының ісі мен еңбегін есте қалдыру қоғамдық қорының» бастамасымен, Маңғыстау облысының әкімдігі және Мәдениет басқармасының қолдауымен 18 қараша күні өлкемізде «Ілімнің бұлағы – кемелдік нәрі» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияға Астана, Алматы қалаларынан және Өзбекстан елінен белгілі дінтанушы ғалымдар қатысып, Хазіреттің еңбектері бойынша баяндамалар жасайды. Абыздың қолжазбалары бойынша жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтеді. Сондай-ақ конференция аясында Ержан хазірет Төлегенұлының өзі тұтынған жеке дүниелері мен қолжазбаларынан көрме ұсынылады. Конференцияның өтетін орны: «Достық үйі», сағат 10.00.

Жарияланған күні: 15-11-2018  
Оқылған саны: 12821

«Наурыз мерейі» атты Маңғыстау облысында өтіп жатырған қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.

«Наурыз мерейі» атты Маңғыстау облысында өтіп жатырған қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда. Аталмыш акция аясында облыстық тарихилкетану музейінің қызметкерлері "Атадан мирас" қайырымдылық қорына ақшалай және қолдан келген шағын көмегін көрсетті.  

Жарияланған күні: 16-04-2017  
Оқылған саны: 24332

"Наурыз мерейі" акциясы аясында Маңғыстау обл. тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ботаникалық бақта сенбілік жүргізді

iconiconiconiconicon

"Наурыз мерейі" акциясы аясында Маңғыстау обл. тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ботаникалық бақта сенбілік жүргізді.

Жарияланған күні: 10-04-2017  
Оқылған саны: 13394

6 cәуір күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Жаңаөзен қалалық филиалында ардагер геолог-мұнайшылармен кездесу өтті.

iconiconiconiconicon

Сәуір айының алғашқы жексенбісінде тойланатын қазақстандық геологтардың төл мерекесіне орай 6 cәуір күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Жаңаөзен қалалық филиалында ардагер геолог-мұнайшылармен кездесу өтті. 

Жарияланған күні: 06-04-2017  
Оқылған саны: 22121

Халықаралық құстар күніне орай облыстық музейде «Құстар – көктем жаршысы» атты шара өтті.

iconiconiconiconicon

Халықаралық  құстар күніне орай облыстық музейде  04.04-07.04.17ж аралығында «Құстар – көктем жаршысы» атты шара өтті. 

Жарияланған күні: 05-04-2017  
Оқылған саны: 23606

Хабарландыру!!!

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі өр өлкеміздің тарихы мен мәдениетін сақтау мақсатында «Жәдігер жерде қалмасын!» және «Музейге сый тарту» атты акциялар өткізеді. 

Жарияланған күні: 05-04-2017  
Оқылған саны: 22154

iconiconiconiconicon

22 Наурыз мерекесіне орай, Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейі арнайы тігілген киіз үйде "Маңғыстаудың зергерлік өнері", "Маңғыстаудың қолданбалы қол өнер" атты көрмесі жасақтап, өлкемізге белгілі шеберлер көрме-жәрмеңке жасақтады. 

Жарияланған күні: 24-03-2017  
Оқылған саны: 23017
1 ... 4567891011
12131415161718 ... 32

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты