Қазақ хандығының 550 жылдығы

Қыркүйектің 11 мен 13-і күндері Астана қаласында Қазақ Хандығының 550 жылдығы аталып өтіліді. "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда 50 киіз үй тігіліп, Қазақстанның барлық өңірінің қатысуыме үлкен этноауыл ашылды.

Этноауылдың Маңғыстау облысына арналған бөлімі үш киіз үйден тұрды. 

Киіз үй Маңғыстауда тек мұражай жәдігері ғана емес, мерекелік шараларда ғана тігіліп қоймайды, ауыл тұрғындарының арасында жаз мезгілінде кеңінен қолданысқа ие болып келеді. 

Сондықтан Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Маңғыстау киіз үйі» көрмесін ұсынды. 

Орталық 12 қанатты қонақ күтетін киіз үйде көрмеге келушілер қазақтардың жиналмалы, жылжымалы үйінің құрылымымен, ішкі жиһаздарымен таныса алды, сонымен бірге маңғыстаулық қазақы дастарханнан дәм татты. 

«Қара шаңырақ» және «Отау үй» аталатын екі 7 қанаттық киіз үйде мұражай қорының жәдігерлері назарға ұсынылған.

Әкенің үйі – қара шаңырақта қылыш, шоқпар, садақ, қорамсақ, найза, сауыт, ер-тоқым мен қамшы сияқты жәдігерлер орналасқан. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра және аңшының олжасы – қасқыр терісі де ерекше орын алады. Киіз үй маңғыстаулық шеберлердің қолынан шыққан бұйым үлгілерімен – бірегей өрнекті тұскиіздер, түксіз алашалар, оның түрлері – алатеру мен жүзтеру, заттарды сақтауға және алып жүруге ыңғайлы, төртбұрыш формасындағы түкті және түксіз тоқылған, көркем өрнектелген, оң жағы белгіленген қоржын және қабырғаға ілетін керме, ағаш және теріден жасалған торсық, шайсандықтармен безендірілген.

«Отау үй» көрмесінің қойылымы Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражай қорынан жасақталған қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен жасақталған. Көрме үш планшетте: бойжеткеннің зергерлік әшекейлері, қалыңдықтың бұйымдары, тұрмыстағы әйелдің әшекейлері болып орналасқан. Киіз үйді ұлттық ою-өрнектермен тігілген, жас жұбайларға арналған шымылдық бөліп тұрды. Киіз үй интерьері дәстүрлі жиһаздармен: үй заттарын сақтауға және тасымалдауға арналған сандықтар, сандыққа және төсек-орынға арналған жүкаяқ, ыдыс-аяқ пен азық-түлік сақтауға арналған кебежелер және т.б. толықтырылған.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының павильонында ұстахананың көрінісі ұсынылды. Қазақтың ұлттық ұсталық өнерінің құпияларын меңгеріп, дәстүрін жалғап жүрген зергер Сағидолла Оразов, тері, ағаш, сүйек және тас өңдеудің шебері Ермұханбет Әлиев, ағаш өңдеу шебері Еламан Бекенов өнер туындысын жасау процесін көрсетіп, әңгімелеп берді.

Ал әйел адамдардың қолөнер шеберлігін Әуес Сағынаева, Шархат Төлемісова, Бақтылы Бопанаева сияқты шеберлердің ісінен байқауға болады. Олар жүннен киіз және киіз бұйымдар жасап, жүн жіптерден өрмек, сырғалақтарда түкті және түксіз, жіңішке, орташа және жалпақ таңғыштар, баулар, ақ және қызыл басқұрлар тоқыды. Дәл осы жерде қонақтар даланың қамысы мен жүн жіптен ғажап әдемі шымшилердің жасалу жолдарын тамашалады.

Қазақстан 2014 жылы ЮНЕСКО-ның номинациясын жеңіп алып (Қырғызстанмен бірге), киіз үй жабдықтарын жасау шеберлігі Дүниежүзілік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді.

Маңғыстаулық киіз үй 19 ғасырдағыдай салтанатты-көркем жасақталған күйінде осы күнге жетіп отыр. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңыраққа дейінгі әрбір деталі бірегей шеберлік туындылары. Осынау сансыз көп элементтер біріге келіп, біртұтас өнер туындысына айнала отырып, бір бүтінді құрайды.

Маңғыстаулық киіз үй үлгілері Астана қаласында да экспозицяланған: ҚР Президенті резиденциясында, «Назарбаев Орталығында»; Ұлттық музейде; Алматы қаласында – Мемлекеттік Орталық мұражайда; Жапонияның Осака қаласындағы этнографиялық музейде тұр.  

Жарияланған күні: 28-09-2015  
Оқылған саны: 33388

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.

Жарияланған күні: 20-02-2020  
Оқылған саны: 3418

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.

iconiconiconiconicon

Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.

Жарияланған күні: 28-11-2019  
Оқылған саны: 5736

Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!

iconiconiconiconicon

    10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.

Жарияланған күні: 11-10-2019  
Оқылған саны: 6831

"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті

iconiconiconiconicon

Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.

Жарияланған күні: 21-09-2019  
Оқылған саны: 5073

"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

icon

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.

Жарияланған күні: 17-09-2019  
Оқылған саны: 5131

Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!

iconiconiconiconicon

Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.

Жарияланған күні: 12-09-2019  
Оқылған саны: 7303
1
234567891011121314 ... 32

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты