Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы
Орталық Азияның көшпелі және жартылай көшпелі халықтарының арасына кеңінен тараған киіз үйдің ұлы дала өркениетінде орны аса сүбелі. Түздік тіршіліктің кіші әлеміне айналған киіз үй ықылым замандардан бері қазақтың өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге асқан заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі, оның материалдық емес мұрасының бірегейі, халықтың танымы мен талғамының, шеберлігі мен шалымының, ұшқыр қиялы мен биік рухының, әсемдікке іңкәрлігі мен сұлулыққа ұмтылысының үлгісі болып келеді. Ол қазақ халқының табиғатпен үндесе өмір сүруде жинақтаған тәжірибесі мен философиясының, дүниетанымы мен мәдениетінің жарқын айғағы.
24 сәуір күні музей ауласында "Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы" атты жастар арасында киіз үй тігуден сайыс өтті. Сайысқа Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің "Тарих" факультетінің студенттерінен құрылған" Алаш" және "Шаңырақ" топтары қатысты. ҚР Мәдениет қайраткері, «Хас Шебер» атағының иесі, қолөнерші Әуес Сағынаева бастаған Әділ қазылар алқасы киіз үй сүйектерінің дәстүрге сай дұрыс орналасуын, керегенің жайылуы мен таңғыштарының дұрыс байлануын, сықырлауықтың дұрыс бекітілуін, шаңырақтың көтерілуін, уықтардың шаншылуын, баулар мен басқұрлардың дұрыс ұсталуын, шилер мен киіздердің дұрыс жабылуын жіті қадағалап, ұпай беріп отырды.
Асфальтта туып, тас үйде өскен қала балаларының талабы мен ұмтылыстарына риза болған қазылар екі топқа бірдей баға беріп, облыстық музей атынан алғыс хаттармен және сый-сияпаттармен марапаттады. Жастардың жігерін жанып, ұмыт боп бара жатқан асыл құндылығымызды жаңғыртуға шәкірттерінің құштарлығын оятып, сайысқа дайындап әкелген, музейдің барлық танымдық шараларына белсене араласып жүрген университет ұстазы Роза Сейдешқызына музей ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз!
Жарияланған күні: 25-04-2019Оқылған саны: 6388
«Жаңа заман кезеңі» және «Қазіргі Қазақстан» атты көрме залдарының ашылу салтанаты өтті.
__341cb6cdd3f05bd8bbf98600838aea57.jpg)




ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық мұражайда «Жаңа заман кезеңі»(XV-XIXғғ. Маңғыстау тарихы) және «Қазіргі Қазақстан» атты көрме залдарының ашылу салтанаты өтті.
Жарияланған күні: 16-12-2016
Оқылған саны: 23748
«Маңғыстаудан түлеп ұшқан тас түлек»





14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейде Қазақтан шыққан тұңғыш бокс шебері Ш.Бөлтекұлының 100 жылдығына орай жасақталған «Маңғыстаудан түлеп ұшқан тас түлек» атты тұрақты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Жарияланған күні: 14-12-2016
Оқылған саны: 25797





12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейде «Киіз үй – ұлттық құндылықтар қазынасы» атты киіз үй тігуден мектеп оқушылары арасында облыстық жарыс өтті. Мұндай шара облыс көлемінде алғаш рет өтіп отыр. Сайысқа Маңғыстау ауданынан Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары мен Мұнайлы ауданынан №10 жалпы білім беру орта мектебінің оқушылары қатысты.
Жарияланған күні: 12-12-2016
Оқылған саны: 25516
«Шебердің қолы ортақ» көрме-жәрмеңкесі өтті.



9 желтоқсан күні облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Шебердің қолы ортақ» атты жергілікті қолөнер шеберлерінің қатысуымен көрме жәрмеңкесі өтті.
Жарияланған күні: 10-12-2016
Оқылған саны: 25798




Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай орай, «Ұлы
дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында Маңғыстау аудандық музейінде "Оқу ісінің үздігі" Айдарбаева Ару мен
Мәдениет саласының майталманы Ахметова Тыныштықпен кездесу өтті.
Жарияланған күні: 08-12-2016
Оқылған саны: 26026




Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Облыстық музейде Маңғыстаулық шеберлердің қатысуымен көрме-жәрмеңке өтетінін хабарлаймыз.
Жарияланған күні: 07-12-2016
Оқылған саны: 20959
16171819202122 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат