Қолөнершілер сайысына қатысуға шақырамыз!

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

  ұйымдастырылатын облыстық «Дәстүрлі  ұлттық қолөнер сайысының» ережесі

Сайысты ұйымдастырудағы мақсат:

Атадан балаға мирас  болған ұлттық өнеріміз  бен мәдениетіміздің бастау көзінде тұрған дәстүрлі ұлттық қолөнерді дәріптеу, жаңғырту, насихаттау.

Сайыстан күтілетін нәтижелер:

Халық арасындағы ұлттық қолөнерді жалғастырушы шеберлерді  табу, олардың шығармашылығын дамыту, ұлттық қол өнерді дамыту мен жандандырудың алғы шарттарын қалыптастыру, жеке шеберханалар ашуды, ұлттық қолөнерге баулуды, шәкірттер тәрбиелеуді жолға қою.

Сайысқа қатысушылар:

Қатысушының  жасына, жынысына шектеу қойылмайды.

Жасы 18 – ден асқан барлық облыс тұғындары сайысқа қатыса алады.

Сайысқа ұсынылатын жұмыстар:

Негізінен табиғи өнімдерден ұлттық үрдісте, дәстүрлі пішіндер мен өлшемдерге сай дайындалады.

Шикізаттар: табиғи өнімдер – төрт түлік малдың, аңның, құстың терісі, жүні, қылы, тұяғы, мүйізі, шудасы, үкісі, қауырсыны, т.б.

(Жүннен, жүн жіптен, теріден, күмістен, ағаштан, металдан жасалған, кей жағдайда сүйектелген, күмістелген, т.б).

Ағаш түрлерінен: сықырлауық, адалбақан, ер – тұрман, музыкалық аспаптар: домбыра, қобыз, шаңқобыз, сыбызғы т.б.,жастық ағаш, сандық, жүкаяқ, бесік, шайсандық, ыдыстар, тегене, ожау, астау, ұршық, итаяқ, мұрындық, метей, шелек, жүнтарақ, келі – келсап, күбі, асадал, кебеже, т.б.

Металл түрлерінен: көсеу, шоқсалғыш, ошақ, қазан, мосы, құман, шылапшын, қазан, қауға, шәйнек,  шелек, жүген т.б.

Күмістен зергерлік бұйымдар: белдік, өңіржиек, жүзік, білезік, шекелік, шашбау, сырға, сақина, шолпы, алқа, үкіаяқ, т.б.

Тері түрлерінен: әр түрлі тері тондар, ішіктер, сеңсең тон, тұлып, жарғақ, тымақ, қамшы, дойыр, тоқым, кебіс, етік, тұзбаспақ, кесеқап, мес, саба, торсық, т.б.

Жүн түрлерінен: текемет (1,5х3,0м),тұскиіз (1,5х3,0м), ақ киіз (2х3м), қара киіз (2х3м), сырмақ (1,5х3,5м), шым ораулы ши (1,5х3м), ат жабу, ат дорба, шайкиіз, тұрбақап, ұршыққап, тең, қоржын, т.б.

Иірілген жүн жіптен: киіз үйдің бау – басқұрлары (4-5м-ден), таңғыштар, желбаулар, алашалар, қарала (1,5х3м), алатеру (1,5х3м), тең, қоржын, тікпе, ат дорба, керме, құрлар, шашақтар, т.б.

Жүннен есілген: көген, уық баулар, үзік баулар, ала арқан, белдеу арқан, туырлықтың жиегі, үзіктің жиегі, түндіктің жиегі, т.б.

Сайысқа қатысушылар үшін өте мұқият ескеретін, басты назарда ұстайтын қағидалар:

1. Сайысқа ұсынылатын бұйымның дәстүрлі ұлттық үлгіде болуы;

2. Жасанды, химиялық талшық немесе басқа табиғи емес өнімнің бұйымға қосылмауы;

3. Түстер үйлесімінің  табиғаттағы реңктерге сәйкес болуы;

4. Бұйымның қолданыс шебердің аясын егжей – тегжейлі білуі;

5. Шебердің сайысқа ұсынған бұйымының дайындалу әдісінен шеберлік дағдысын (мастер класс) көрсете алуы аса маңызды.

(Ол үшін шебер бұйыммен бірге аз мөлшерде шикізат ала келуі керек)

6. Сайыста жүлдеге ие болған  бұйымдар облыстық музей қорына алынады.

Сайысқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Сайысқа ұсынылатын бұйым шебердің өз қолымен жаңадан жасалған, дайындалған болуы қатаң талап етіледі.

2. Сайысқа арналған бұйымдарды осы жылдың 15 – 20 наурызы аралығында облыстық музейге (мекен – жайы төменде көрсетілген) әкеліп тапсыру қажет.

3. Сайысқа қатысушы қолөнер шебері өзінің фотосуретін, аты – жөні, тұрғылықты жері, өмір жолы, шығармашылығы, қатысқан сайыстары туралы мәліметтерін, сайысқа ұсынатын бұйымының фотосуретін, этикеткасын қоса тапсыруы тиіс.

4. Шебердің осы бұйымды жасау үстіндегі әдістері мен жасау техникасы көрсетілген бейне көрсетілімі талап етіледі (флешка не дискіде).

5. Әрбір қолөнер шебері сайысқа 1 ден – 3 - ке дейін бұйым ұсына алады.

6. Сайысқа ұсынылатын бұйым арнайы  қаптамамен  қабылданады.

Сайыс 2 кезеңнен тұрады:

І кезең 2018 жылдың Наурыз мерекесінде қортындыланады.

І кезеңге берілген уақыттың тығыздығына байланысты дайындау жолы аса  күрделі емес  қолөнер бұйымдарын жасауға кеңес беріледі.

Мысалы: ұршық, ұршыққап, тұрбақап, тұзбаспақ, қамшы, шашақтар, құрлар, еспе жіптер, жиектер, қауға, көсеу, арқандар, киіздер, мұрындық, сырға, сақина, жүзік, т.б.

ІІ кезең 2018 жылдың  маусым айында қорытындыланады.

Бұйымдар  1 – 15 маусым аралығында қабылданады.

Сайыс жүлделерін қазылар алқасы тағайындайды:

  Бас жүлде:

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

Ынталандыру сыйлықтары

Сайысқа  арналған бұйымдар төмендегі мекен – жайда қабылданады:

130000

Ақтау қаласы

Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану музейі

9 шағынаудан 23 «а» үй.

Байланыс телефондары: 8 (7292) 43-23-14, 42-66-15

Ұйымдастыру алқасы

Жарияланған күні: 06-03-2018  
Оқылған саны: 19695

«Ядролық қарусыз әлем» атты арнайы кездесу өтті

iconiconiconiconicon

29 қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Ядролық қарусыз әлем» атты Чернобыль апаты  зардабын жоюға қатысқан маңғыстаулықтармен  кездесу өтті. 

Жарияланған күні: 29-11-2016  
Оқылған саны: 26900

«Тәуелсіз ел – Қазақстан»

24 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейдің Жаңаөзен қалалық филиалында№ 6 орта мектеп мұғалімдерімен оқушыларына «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты лекциясы оқылды. 

Жарияланған күні: 27-11-2016  
Оқылған саны: 27538

«Елін сүйген Елбасы» атты фотокөрме ашылды.

25 қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Елін сүйген Елбасы» атты фотокөрме ашылды.

Жарияланған күні: 25-11-2016  
Оқылған саны: 28143

«Тәуелсіздіктің алғашқы жетістіктерінің жаршылары» атты кездесу өтті.

iconiconiconicon

24 қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Тәуелсіздіктің алғашқы жетістіктерінің жаршылары» атты кездесу өтті. Кездесуге Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Маңғыстау облысының бұқаралық - ақпарат құралдарында жұмыс жасаған журналистер мен фото корреспонденттер: Е.Іңірбай,  М. Қосымбай және Б.Нұрсейіт қатысты. 

Жарияланған күні: 24-11-2016  
Оқылған саны: 27599

Музей қорындағы қару-жарақтар көрмесі.

iconiconiconiconicon

23 қараша күні Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Музей қорындағы қару-жарақтар» атты тұрақты көрменің ашылу салтанаты өтті.  

Жарияланған күні: 23-11-2016  
Оқылған саны: 23202

Облыстық музейде "Қазақстан Республикасының Конституциясын білесің бе?" атты танымдық сабақ өтті.

21 қараша күні Облыстық тарихи - өлкетану музейінді  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар аясында,  мектеп оқушыларына "ҚР Конституциясын білесің бе?" деп аталатын танымдық сабақ. «Еркіндік мұраты» атты жылжымалы көрме арқылы тақырыптық экскурсиялар жүргізілді. Шараға №4 гимназия мектебі мен "Назарбаев зияткерлік мектебінің" 7 сынып оқушылары, 6656 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.

Жарияланған күні: 22-11-2016  
Оқылған саны: 12052
18192021222324 ... 32

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты