Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайына 40 жыл
Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайынының 40 жылдығына орай археология залының реоэкспозициядан кейінгі салтанаты ашылу өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімшілігінің өкілі, облыстық мәдениет басқармасы басшысы Т. Базарбаев бастаған мәдениет қызметкерлері, облыстағы мұражайлардың қызметкерлері, мұражайдың дамуына зор үлес қосқан мұражайдың байырғы басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Р. Әміржанов құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі А. Айдарбаевтың алғыс хатымен мұражай қызметкерлерін марапаттады.
Шара барысында:
1. Өңір бойынша ұлттық тарихты зерттеу мен зерделеу мақсатында қабылданған 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында С.Е. Әжіғалидің «Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштері», М. С. Тұрсынованың «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Маңғышлақ қазақтары» атты кітаптың аудармасының тұсаукесері өтті.
«Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштері» автор С.Е. Әжіғали - Маңғыстау түбегі мен Үстірт жазығының халық сәулетшілігі мен тас қашау өнерінің теңдесі жоқ ескерткіштеріне арналған, бай иллюстрацияланған, ғылыми-танымдық басылым. Кітап 12 бөлімнен тұрады. Мәтін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған. Алматы қаласы «Өнер» баспаханасынан 2014 ж. басылып шықты.
«ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Маңғышлақ қазақтары» автор М. С. Тұрсынова – 1977 ж. Алматы қаласындағы «Наука» баспаханасынан шыққан кітап, Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайының «Өңір бойынша ұлттық тарихты зерделеу» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылып, қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Монографияда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Маңғышлақ қазақтарының әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы қарастырылған. Қарағанды, «Литера» баспаханасынан 2015 ж. басылып шықты.
Мұражайдың негізгі жұмыстарының бір саласы өлке тарихына қатысты құнды жәдігерлермен мұражай қорын толықтыру. Осындай бір ерекше жәдігер 1884-1953 жылдар аралығында өмір сүрген Маңғыстау мен Атырау өлкесіне танымал күйші, ақын-жырау Тәжік Мұсаұлының кесікбас домбырасын мұражай қорына жыраудың ұрпағы Меңдіқұл Жаңабайұлы атынан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант Бахтыбай Жайлау тапсырды.
«Елтану КZ» қорының төрағасы Б. Төлегенұлы РФ-ң Пермь қаласындағы орналасқан "Пермь мемлекеттік универститетінің" геологтарымен бірлесіп жүргізілген зерттеу практикамызда Түпқараған ауданындағы Жығылған жерінде табылған неоген дәуірінде өмір сүрген қылыштісті жолбарыстың (Махайрод) ізі бар жәдігер тасты мұражай қорына тапсырды.
2. Отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың 2013-2016 жылдарға арналған жоспары бойынша жас ұрпаққа елімізге белгілі тұлғаларды кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстанның белгілі тұлғалары Ө. Жәнібековке арналған - «Рухын сүйген қайраткер», Қ. Сәтбаевқа арналған -«Қазақты әлемге танытқан», Ә. Қастеевке арналған - «Бейнелеу өнерінің бас тұлғасы» атты жылжымалы көрмелердің де тұсаукесерлері өткізілді.
3. Археология залының реоэкспозициядан кейінгі ашылу салтанаты. Жобаның және тақырыптық жоспардың авторы өлкемізге белгілі археолог А. Астафьев. Залды безендірген елімізге белгілі суретшілер Е. Арыстанов, К. Айыпқалиев.
Археология залында палеолит (ежелгі тас ғасыры) дәуіріннен бастап 14-15ғғ. дейінгі адамзаттың дамуы көрсетілген. Өлкемізде соңғы жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер көрсетілген. Олар: энеолиттік тұрақтар Қосқұдық 1 және Қосқұдық 2; жерлеу-аза тұту кешендері – Үлкенқұдық, Дықылтас, Терең, Бейіттөбе, т.б; Ортағасырлық – Алтынқазған діни жерлеу орталығы, Қызылқала, Кетікқала сауда қалашығы және т.б. Археология залы жаңа заман талабына сай безендіріліп, керемет экспозиция залы жасақталды.
4. Шара соңы мерекеге арнайы жайылған дастарханмен ұласып, 40 жылдық мерейтоймен бірнеше мұражай қызметкерлері ұжым басшысы Т. Жұмалиеваның алғыс хатымен марапатталды.
Жарияланған күні: 18-02-2016
Оқылған саны: 34036
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 1040
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 1028
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 1381
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 1834
Жазғы демалыс лагерьлер легі музейде





Жазғы демалыс-2019
Жарияланған күні: 06-06-2019
Оқылған саны: 1828
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Музей түні" шарасын облыстық музей биыл да ерекшелеп өткізуге тырысты.
Жарияланған күні: 20-05-2019
Оқылған саны: 4083
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат