Музей қызметкерлері Қарақия-Қаракөл қорықшасында болып, маусымдық ұшу кезінде құстарды бақылады
21 ақпан күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат бөлімінің қызметкерлері А. Қуанышева мен Ж. Байдулаева Қарақия - Қаракөл қорықшасында болып, маусымдық ұшу кезінде көлге келген аққулар мен үйректерді бақылап фотоға, видеоға түсірді.
Қарақия-Қаракөл қорықшасы – республикалық мәні бар қорықша. 1986 жылы Маңғыстау облысында Қарақия ауданында ұйымдастырылған.
Жерінің аумағы 137,5 мың га. Қорықшаны құрудағы мақсат – Қарақия ойпатында сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау. Қорықша аумағына 9 бұлақ және 3 атпалы су көздері кіреді. Жер бедері кертпештеніп келген тік, жарқабақты. Олар желмен және аққан судың әсерінен жарылып, жеке төбелерге бөлініп кеткен. Өсімдік түріне аса бай емес. Қорықшада Қазақстан фаунасында өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар түрлері: Үстірт арқары, қоқиқаз, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, қарақұйрық, шағыл мысығы, ұзын инелі кірпі, үнді жайрасы мекендейді. Бұл жануарлардың барлығы қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Қара көл аумағында жыл құстары қайтатын сәтте 80-дей түрді құстар аялдайды. Олардың 21 түрі ҚР және ТМД Қызыл кітабына, сондай-ақ, Халықаралық табиғат және табиғи қорды қорғау одағының қызыл кітабына енгізілген.
Жарияланған күні: 21-02-2017Оқылған саны: 20564
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 1073
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 1051
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 1396
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 1913
Жазғы демалыс лагерьлер легі музейде





Жазғы демалыс-2019
Жарияланған күні: 06-06-2019
Оқылған саны: 1859
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Музей түні" шарасын облыстық музей биыл да ерекшелеп өткізуге тырысты.
Жарияланған күні: 20-05-2019
Оқылған саны: 4100
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат