Алтынқазған құпиясына қанық болыңыз!

20 наурыз күні музейде "Алтынқазған құпиясы" атты баспасөз конференциясы өтті. Облыстағы баспасөз өкілдері осынау керемет жәдігерлерді қойнына жасырған кешенмен жан-жақты танысып, халық арасында насихаттау мақсатында кәсіби археолог А. Астафьевке сұрақтарын жаудырды. 

Алтынқазған діни-қабірлеу кешені 2010 ж. Ақтау қаласының тұрғыны Ф. Ахмадулиннің хабарлауымен анықталған болатын. Ол металіздегіш құрал арқылы күміспен қапталған ер-мұрманның қалдықтарын тауып алып, оны археолог А. Астафьевке береді.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша бұл кешен Евразиядағы антикалық және ерте ортағасырлық аралықтағы ерекше діни-қабірлеу кешені деп танылып отыр. Маңғыстау аймағы үшін Ұлы Халықтар көші дәуірі тарихының жаңа, белгісіз парақтары ашылды.

Алтынқазған діни-қабірлеу кешені шамамен б.э. IV-XI ғғ. кезеңдерімен белгіленеді. Қазіргі таңда Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді, 2018-2019 жж. Алтынқазған діни-қабірлеу кешенін зерттеу бойынша кешенді жоспар жасақталып, жергілікті бюджетке өтінім берілді. Алдағы уақытта ескерткіштің қорғау аймақтарының жобаларын бекіту жұмыстары жүргізіледі. Ескерткішке алдын-ала жасалатын зерттеулер ғана жүргізілді, әзірге Евразия даласындағы көшпелілер қоғамдастығының аясындағы оның ерекшелігі туралы ғана пікір айтуға болады. Бұл жерден ежелгі ғұн дәуірімен байланыстырылатын құрбандық сыйы ретінде қойылған заттардың қалдықтары, сондай-ақ үш қатпарлы және әр кезеңге жататын қабірлер табылды. Жүргізілген зерттеулердің есебі мен қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырылды.
2017 ж. жергілікті археолог А. Астафьев Новосібір мемлекеттік университетінен ресейлік археолог Е. Богдановпен бірлесе Алтынқазған діни-қабірлеу кешенінде зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Ғұндық үлгідегі сәндік белдік пен жылқының қылынан жасалған жүген жабдықтарының темір бөлшектерінің екі жинағы, сондай-ақ бор жынысты құрбандық тасы мен ІІ ғ. жататын парфиялық тиын, қыш ыдыстардың жиынтығы табылды. Катакомбалық үлгідегі екі қабір қазылды. Зерттеулер қорытындысы бойынша ғылыми мақала (авторлары А. Астафьев, Е. Богданов) жазылып, РҒА Археология институты ұйымдастырған Тула қаласына жақын жердегі "Куликово алаңы" мемлекеттік музей-қорығында өткен халықаралық конференцияда баяндама жасалды. Конференцияда Алтынқазғанның анықталуы ежелгі Азия мен Европа аралығындағы антикалық және ерте орта ғасырлық кезеңдегі сауда қатынастарының дамуы мен Ұлы Халықтар көші дәуірі археологиясындағы соңғы онжылдықта ашылған маңызды оқиғалардың бірі деп танылды. Ескерткіш Ұлы дала белдеуіндегі және ғұн мәселелерімен тығыз байланысты маңызды тарихи кезеңді көрсетеді.  

Жарияланған күні: 20-03-2019  
Оқылған саны: 4201

"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті

iconiconiconiconicon

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Музей түні" шарасын облыстық музей биыл да ерекшелеп өткізуге тырысты.

Жарияланған күні: 20-05-2019  
Оқылған саны: 2420

"Үздік экскурсовод" сайысы

iconiconiconiconicon

18 мамыр - Халықаралық музей күніне орай облыстық музейде музей-бөлмесі бар мектептердің оқушылары арасында "Үздік экскурсовод" сайысы өтті.

Жарияланған күні: 17-05-2019  
Оқылған саны: 2631

Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы

iconiconiconiconicon

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің мәртебесін көтеріп, мерейін тасытып жүрген басты қызметтерінің бірі - көшпенділердің қасиетті баспанасы киіз үйді насихаттау, дәріптеу, өскелең ұрпақты осынау ұлы мұраның лайықты мұрагері болуға баулу. Ендеше, музейдің ұйымдастыруымен дәстүрге айналған киіз тігу сайысы биыл да жоғары деңгейде өтті.

Жарияланған күні: 25-04-2019  
Оқылған саны: 3948

Күмбір күйге бөленген күн

iconiconiconiconicon

27 наурыз күні Танымал күйші, «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Құрмет» орденінің иегері Роза Айдарбаевамен «Ұлттық өнерді ұлықтаған Роза қыз» мәдени-танымдық кездесуі өтті. 

Жарияланған күні: 28-03-2019  
Оқылған саны: 4245

Қолөнердің хас шеберлері

iconiconiconiconicon

Музей шаңырағындағы тағы бір әдемі кездесу

Жарияланған күні: 27-03-2019  
Оқылған саны: 4247

Алтынқазған құпиясына қанық болыңыз!

iconiconiconiconicon

2010 ж. анықталып, 2014 жылдан бастап тұрақты археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген "Алтынқазған" діни-қабірлеу кешенінен табылған жәдігерлердің тек өлкеміздің емес, бүтін мемлекетіміздің мақтанашына айналатын түрі бар!

Жарияланған күні: 20-03-2019  
Оқылған саны: 4201
1
234567891011121314 ... 31

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты