Маңғыстау облыстық тарихи- өлкетану мұражайы туралы мәлімет.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – республикамыздағы іргелі мәдени орталықтардың бірі. Мұражай негізі 1975 жылы қаланған. Маңғыстау өлкесінің ежелгі тарихы, ерекше этнографиасы, осы өлкеге ғана тән қайталанбас айшықты архитектурасы, табиғаты, түбекке белгілі тарихи тұлғалар туралы кең мағлұмат беретін 52 мыңнан астам жәдігерлер осында сақталған. Олардың ең таңдаулылары мұражайдың көрме залдарына қойған. Бүгінгі таңда мұражайдың екі филиал бар: Жаңаөзен қалалық мұражайы, Маңғыстау аудандық өлкетану мұражайы.
Мұражай бөлімдері:
Мұражайда ғылыми-зерттеу, ғылыми - инақтау және экспозициялық, экскурсиялық жұмыстармен айналысатын тарих, табиғат, археология және этнография, экскурсия-көпшілік және қор бөлімдері бар. Жаңаөзен қаласында және Шетпе кентінде мұражайдың филиалдары жұмыс жасайды.
Мұражайда жыл сайын әр түрлі бағытта тұрақты және жылжымалы көрмелер жасақталып тұрады. Олар тарихи тақырыптарға, табиғаттану, экология мәселелеріне, этнографиялық құндылықтарға, қолданбалы өнер және көркемөнер туындыларына арналады.
Музейдің негізгі профилі – комплексті
Мұражайдың жұмыс бағыттары:
Ғылыми-зерттеу
Ғылыми-әдістемелік
Ғылыми-қор жұмыстары
Экспозициялық-көрмелік жұмыстар
Ғылыми-ағарту
Мұражай бөлімдері мен филиалдары
Мұражайда ғылыми-зерттеу, ғылыми- жинақтау және экспозициялық, экскурсиялық жұмыстарымен айналысатын тарих, табиғат, археология және этнография, экскурсия-көпшілік және қор бөлімдері бар. Жаңаөзен қаласында және Шетпе кентінде мұражайдың филиалдары жұмыс жасайды.
Болашак:
Қазіргі таңда мұражай жанынан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Маңғыстау мұралары» атты орталығының құрылысы салынуда. Бұл орталық мұражай қорындағы қазақ этнографиясының бай коллекциясын пайдалана отырып, өлкенің тарихы мен этнографиясын, Маңғыстау өлкесінің тұрғындарының тұрмыс салтындағы ерекшеліктерін жан- жақты ашуды алдына мақсат етеді.Орталықтың экспозициялық залдарында Маңғыстау тұрғындарының шаруашылығы мен қолөнері, зергерлік өнерінің тарихы мен дамуы көрініс табады. Орталыққа келушілер осы өңірді мекендейтін қазақ халқының бай ақындық, жыршылық, рухани, тарихи, мәдени, әдеби мұрасымен жіті танысуға мүмкіндік алады. Бұл орталық тек қана мұражай экспозициясы емес, сонымен бірге қолөнер шеберлерінің өз туындыларын көрсететін, күйші-жыршылардың табиғи әуендерін еститін және т.б. Маңғыстау мұрасына қатысы бар дүниелердің орталығы болады. Жарияланған күні: 26-07-2013
Музейдің жұмыс кестесі:
Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00
Музей сандармен

Вы можете приобрести билеты онлайн
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат