"Адал еңбек - ырыстың бұлағы" тағылымдық кездесуі
Маңғыстау халқы ежелден дала төсінде мыңғырған мал бағып, жер жыртып, егін салған, теңіз жағасында балық аулап күнелткен халық. Теңіз жағалаған дүйім елдің талайдан бері несібесін ортайтпай, қазанын құрғатпай келген балық шаруашылығы болатын.
Балық аулау, балық кәсіпшілігі біздің өлкемізде 19 ғасырдың 50 - жылдарында қарқынды дами бастады. Кетік қаласына ірі балық кәсіпорындары ашылды. Тарихта аты қалған: Захар Дубский, Сергей Афанасьев, С.Климов, М.Ериванцев, И.Абаков және т.б. сынды кәсіпкер балықшылар еді. Әрқайсысы жылына 300-800 тоннаға дейін балық аулайтын болған.
Қазақтардың балықшылықпен айналысатын жерлері – Қаражанбас, Тереңөзек, Ортаеспе, Қараағаш, Долгий, Түпқарағаннан Кендірліге дейінгі аумақтар болды. Қазіргі таңда да бұл кәсіптер өз маңызын жойған жоқ. Қайта жаңғырып, ата кәсіппен айналысушылар әлі де сол кәсіптерінен нәсіптерін табуда. Ау - құралын атадан балаға мирас қылған атақты әулеттер болды. Олар Ізтұрған Оразбаев, Сәду Оразбаев, Өтеулі Қоңқақов, Айту Жолмағамбетов, Мұқан Мұңалов, Қонысбай Аманқосов, Ұрым Ідірісов сынды азаматтар еді.
Ал, бүгінгі кездесуіміздің басты кейіпкері - бозбала шағынан зейнеткерлікке дейін балық аулауды кәсіп еткен, балықпен күнелтіп, елдің несібесін теңізден тапқан жайсаң жан, тәжірибелі теңізші, «Еңбек Қызыл Ту орденінің», «Еңбек ардагері» медалінің иегері, балық кәсіпшілігі саласының ардагері Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы», Баутин ауылының тумасы Тәуірхан Қанжанов. 14 жасынан бастап көкшулан теңізге шығып, балық аулауды адал кәсіпке айналдырған Тәуірхан аға өз ауылдастары арасында сыйлы азамат. Бейнетінің зейнетін көріп, өскелең ұрпаққа өнегелі өмір кешудің үлгісін көрсетіп жүрген ардагер теңізші бүгінде 9 перзент, 32 немере мен 7 шөберенің ортасында отырған бақытты ата. Музей көрермендеріне теңіз төсінде басынан кешкен әңгімелерін баяндап, тәжірибесімен бөлісіп, батасын берген Тәуірхан ағаның өмір жолы бір кездері музей төрінде мақтанышпен айтылары анық.
Жарияланған күні: 30-01-2019Оқылған саны: 12926
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 11596
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 14114
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 15446
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10140
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 9609
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 14991
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат