"Ақмышта туып, АҚШта озған" Əмин Тұяқовтың 80-жылдық мерейтойына арналған көрмеінің ашылу салтанаты өтті.
27 мамыр күні Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында Әмин Тұяқовтың 80 жылдық мерей тойына арналған "Ақмышта туып, АҚШта озған" атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті.
Әмин Елемесұлы Тұяқов 1937 жылы 12 ақпанда қазіргі Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылында дүниеге келген. Атыраудағы (Гурьевтегі) екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, бір жылдан кейін ол педагогикалық институт болып, кейін құрылғанда соның физика – математика факультетіне түсіп, 1960 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады. Ол сабақтарын өте жақсы оқумен қатар институттың және факультеттің қоғамдық жұмыстарын жауапкершілікпен орындап, оның ішінде, спорттың жеңіл атлетика түрінен елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осы жетістіктерінің арқасында 1957 жылы Қазақстан құрама командасының мүшесі болып қабылданады.
1959 жылы Бүкілқазақстандық IX спартакиадада 100, 200, 400 метрге жүгіруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. 1960 жылы Одессада өткен Бүкілодақтық «Буревестник» ерікті спорт қоғамының жеңімпазы атанады. Осы жетістігінің арқасында КСРО спорт шебері (100 м – 10,4 секунд) нормасын орындап қана қоймай, Кеңес Одағының құрама командасына мүше болып қабылданады.
Әмин Елемесұлы 1960 жылдан 1968 жылдың аяғына дейін КСРО құрама командасының сапында тек Кеңес Одағының ғана емес, қазақ халқының да даңқын аспандата түскен. Әмин Тұяқовқа 1963-1967 жылдар аралығында 200 метрге жүгіруден тең келер ешкім болмады. 1965 жылы Киевте өткен Кеңес Одағының чемпионатында осы қашықтықты бағындыруда жасаған соңғы КСРО рекордын (Ә.Тұяқов 6 рет рекорд жаңартқан) – 20,6 секундты тек 1968 жылы жеңіл атлет В.Борзов қана 0,1 секундқа жаңартқаны көп жайды аңғартуға тиіс.
Ә.Тұяқов 31 жасында үлкен спортпен қоштасқанға дейінгі аралықта 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4, 200х4 эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды. Соңғы рет 30 жасында, 1967 жылы КСРО халықтарының IV спартакиадасында 200 метрлік қашықтықта алтын, ал 100 метрге жүрігуден күміс медальдарды иеленді.
Еуропа кубогының жеңімпазы (1965 жыл), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1966 жыл), 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері болды.
1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы берілді. Және сол жылы спорттың жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Жарияланған күні: 29-05-2017
Оқылған саны: 19135
«Ядролық қарусыз әлем» атты арнайы кездесу өтті





29 қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар
жоспары аясында «Ядролық қарусыз әлем»
атты Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқан маңғыстаулықтармен кездесу өтті.
Жарияланған күні: 29-11-2016
Оқылған саны: 39526
24 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейдің Жаңаөзен қалалық филиалында№ 6 орта мектеп мұғалімдерімен оқушыларына «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты лекциясы оқылды.
Жарияланған күні: 27-11-2016
Оқылған саны: 39700
«Елін сүйген Елбасы» атты фотокөрме ашылды.
25
қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар
жоспары аясында «Елін сүйген Елбасы» атты фотокөрме ашылды.
Жарияланған күні: 25-11-2016
Оқылған саны: 40546
«Тәуелсіздіктің алғашқы жетістіктерінің жаршылары» атты кездесу өтті.




24 қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Тәуелсіздіктің алғашқы жетістіктерінің жаршылары» атты кездесу өтті. Кездесуге Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Маңғыстау облысының бұқаралық - ақпарат құралдарында жұмыс жасаған журналистер мен фото корреспонденттер: Е.Іңірбай, М. Қосымбай және Б.Нұрсейіт қатысты.
Жарияланған күні: 24-11-2016
Оқылған саны: 40834
Музей қорындағы қару-жарақтар көрмесі.





23 қараша күні Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Музей қорындағы қару-жарақтар» атты тұрақты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Жарияланған күні: 23-11-2016
Оқылған саны: 35654
Облыстық музейде "Қазақстан Республикасының Конституциясын білесің бе?" атты танымдық сабақ өтті.
21 қараша күні Облыстық тарихи - өлкетану музейінді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар аясында, мектеп оқушыларына "ҚР Конституциясын білесің бе?" деп аталатын танымдық сабақ. «Еркіндік мұраты» атты жылжымалы көрме арқылы тақырыптық экскурсиялар жүргізілді. Шараға №4 гимназия мектебі мен "Назарбаев зияткерлік мектебінің" 7 сынып оқушылары, 6656 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Жарияланған күні: 22-11-2016
Оқылған саны: 17430
18192021222324 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат