"Бағзыдан жеткен баба сарыны" мәдени-танымдық шарасы
24 қаңтар күні облыстық музейде "Жалпы тарих" бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен "Бағзыдан жеткен баба сарыны" атты мәдени-танымдық кеш өтті. Кездесу-көрме форматында өткен шараға Сержан Шәкрат, Роза Айдарбаева сындыөлкеге, республикаға танымал өнер майталмандары қатысты. Олар Музей қорында сақталған Сүгір жырау, Қайып Қорабайұлы сынды біртуар халық сазгерлерінен қалған домбыраларға жан бітіріп, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Мейман болып келген Балапаш немересі Ерғали Әнесов сазсырнайда көркем туындылар орындап, көрермендерді таң етті. Өмірден өткен, Халық ықыласына бөленген жырау, күйші, сазгерлер туралы әдемі естеліктер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Осынау тәрбиелік-тағылымдық шара Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті.
Оқылған саны: 21632
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12646
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15239
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16593
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10909
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10293
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16032
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат