
"Бағзыдан жеткен баба сарыны" мәдени-танымдық шарасы
24 қаңтар күні облыстық музейде "Жалпы тарих" бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен "Бағзыдан жеткен баба сарыны" атты мәдени-танымдық кеш өтті. Кездесу-көрме форматында өткен шараға Сержан Шәкрат, Роза Айдарбаева сындыөлкеге, республикаға танымал өнер майталмандары қатысты. Олар Музей қорында сақталған Сүгір жырау, Қайып Қорабайұлы сынды біртуар халық сазгерлерінен қалған домбыраларға жан бітіріп, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Мейман болып келген Балапаш немересі Ерғали Әнесов сазсырнайда көркем туындылар орындап, көрермендерді таң етті. Өмірден өткен, Халық ықыласына бөленген жырау, күйші, сазгерлер туралы әдемі естеліктер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Осынау тәрбиелік-тағылымдық шара Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті.
Оқылған саны: 21105
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
__99c8c12b3d9e519a191a8be3f961494e.jpg)
__120e5e872ab3cec7367b2db325914c16.jpg)

__63c76ec0b6e0dd194381335be343c854.jpg)
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жаңаөзен қалалық филиалында 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына - 28 жыл толуына орай Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Жарияланған күні: 20-02-2017
Оқылған саны: 37449




Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық музейде 15 ақпан Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай, «Ауғанның от-жалынын кешкендер» тақырыбында шара өткізілді.
Жарияланған күні: 17-02-2017
Оқылған саны: 36081
Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 28 жыл





Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 15 ақпан Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай, «Жарияланбаған соғыс» атты тұрақты көрме жасақталды. Көрмеге Ауған соғысының ардагерлері мен №25744 әскери бөлімінің сарбаздары шақырылды.
Жарияланған күні: 15-02-2017
Оқылған саны: 33728




Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен мәдениет басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері, қала мектептерінің тарих пәнінің ұзтаздары және Ш. Есенов атындағы КМТжИУ-нің тарихшы ұстаздары, тарих факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Мәңгілік ел болу – Ұлт мұраты» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жарияланған күні: 15-02-2017
Оқылған саны: 38382




Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы, облыстық мәдениет басқармасынның заңгері Р. Алиевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Жарияланған күні: 08-02-2017
Оқылған саны: 18592




Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалында қаңтар айының 26-да «Аңшылық – ата кәсіп» атты шара өтті.
Жарияланған күні: 27-01-2017
Оқылған саны: 42388
15161718192021 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат