"Бағзыдан жеткен баба сарыны" мәдени-танымдық шарасы
24 қаңтар күні облыстық музейде "Жалпы тарих" бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен "Бағзыдан жеткен баба сарыны" атты мәдени-танымдық кеш өтті. Кездесу-көрме форматында өткен шараға Сержан Шәкрат, Роза Айдарбаева сындыөлкеге, республикаға танымал өнер майталмандары қатысты. Олар Музей қорында сақталған Сүгір жырау, Қайып Қорабайұлы сынды біртуар халық сазгерлерінен қалған домбыраларға жан бітіріп, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Мейман болып келген Балапаш немересі Ерғали Әнесов сазсырнайда көркем туындылар орындап, көрермендерді таң етті. Өмірден өткен, Халық ықыласына бөленген жырау, күйші, сазгерлер туралы әдемі естеліктер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Осынау тәрбиелік-тағылымдық шара Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті.
Оқылған саны: 21631




Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай орай, «Ұлы
дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында Маңғыстау аудандық музейінде "Оқу ісінің үздігі" Айдарбаева Ару мен
Мәдениет саласының майталманы Ахметова Тыныштықпен кездесу өтті.
Жарияланған күні: 08-12-2016
Оқылған саны: 42117




Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Облыстық музейде Маңғыстаулық шеберлердің қатысуымен көрме-жәрмеңке өтетінін хабарлаймыз.
Жарияланған күні: 07-12-2016
Оқылған саны: 36326




6 желтоқсан күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясындаШ. Есенов атындағы КМТжИУ-нің ағылшын тілінің аға оқытушысы, педагогика магистрі, белгілі ғалым Нияз Тобышпен кездесу өтті.
Жарияланған күні: 06-12-2016
Оқылған саны: 41723




5 желтоқсан күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында КСРО ағарту ісінің, Қазақ КСР-і оқу-ағарту ісінің озаты ЫДЫРЫСОВА САЛИХА апаймен кездесу өтті.
Жарияланған күні: 06-12-2016
Оқылған саны: 42492
Облыстық музейде «Ұлы Дала Абызы» атты тұрақты көрменің ашылу салтанаты өтті.
4 желтоқсан күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы мен өміріне арналған «Ұлы Дала Абызы» атты тұрақты көрменің ашылу салтанаты мен жары- Клара апаймен кездесу өтті.
Жарияланған күні: 05-12-2016
Оқылған саны: 39203
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама
Назарыңызға қауіпсіздік шаралары ретінде террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднамамен танысып шығуды ұсынамыз
Жарияланған күні: 30-11-2016
Оқылған саны: 32003
17181920212223 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат