"Бағзыдан жеткен баба сарыны" мәдени-танымдық шарасы
24 қаңтар күні облыстық музейде "Жалпы тарих" бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен "Бағзыдан жеткен баба сарыны" атты мәдени-танымдық кеш өтті. Кездесу-көрме форматында өткен шараға Сержан Шәкрат, Роза Айдарбаева сындыөлкеге, республикаға танымал өнер майталмандары қатысты. Олар Музей қорында сақталған Сүгір жырау, Қайып Қорабайұлы сынды біртуар халық сазгерлерінен қалған домбыраларға жан бітіріп, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Мейман болып келген Балапаш немересі Ерғали Әнесов сазсырнайда көркем туындылар орындап, көрермендерді таң етті. Өмірден өткен, Халық ықыласына бөленген жырау, күйші, сазгерлер туралы әдемі естеліктер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Осынау тәрбиелік-тағылымдық шара Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті.
Оқылған саны: 21628
Жарияланған күні: 22-11-2016
Оқылған саны: 31807
«Сен өз құқығыңды білесің бе?»
22 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейдің Жаңаөзен қалалық филиалында №2 орта мектеп мұғалімдерімен оқушыларының қатысуымен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» деп аталатын танымдық сабақ өткізілді.
Жарияланған күні: 22-11-2016
Оқылған саны: 17239





Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Маңғыстау облысы музейлерінің «Мұралы Маңғыстау» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрме Ұлттық музейдің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Көрме негізінен Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінің және облыс музейлерінің ерекше жәдігерлерінен жасақталған.
Жарияланған күні: 13-10-2016
Оқылған саны: 40420





Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңір – Қуатты Қазақстан» өңірлердің Астана қаласындағы күндеріне сәйкес Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерінің күндері болып өтті.
Жарияланған күні: 11-10-2016
Оқылған саны: 39404
2016 ж. 22 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылуы болды.
Жарияланған күні: 26-09-2016
Оқылған саны: 41289
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!!!


Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай музейаралық серіктестік жобасының аясында 22.09.2016ж сағ 1500-деҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейі ұйымдастыратын Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа әр жылдарда табыс етілген дипломатиялық кәдесыйлар топтамасынан құралған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылу салтанатына шақырады.
Жарияланған күні: 16-09-2016
Оқылған саны: 35608
19202122232425 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат