"Бала - біздің болашағымыз" атты мәдени-тағылымдық шарасы
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай музей шаңырағында «Бала – біздің болашағымыз» атты ерекше мәдени-тағылымдық шара өтті.
Жас ұрпақ тәрбиесі бір сәт босаңсуды, бейқамдықты көтермейтін тіршілік тынысымыздың аса өзекті тетігі болғандықтан ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады», - деген Шығыс даналары. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі толық адам болып қалыптасуы қыруар тер төгуді, ауқымы кең, жауапкершілігі мол еңбекті қажет ететінін ұқтырса керек.
Ендеше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған осы бір шараға музей ұжымы Ақтау қаласында 2015 жылы ашылған «Аналар үйі» қоғамдық қорының қамқорлығындағы сәбилерімізге олардың аналарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, қазақы салт-дәстүрімізге сай нәрестелерге есім қойып, тұсаукесер рәсімдерін өткізуді жоспарлаған болатын.
Ал ат қойып, тұсау кесу мәртебесі өлкемізге белгілі азаматтар – жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлына, журналист-зерттеуші Есберген Іңірбайұлына, Бекет Ата мешітінің бас имамының орынбасары Еркеғали Сағынбайұлына, белгілі актер Медғат Өмірәлиевке берілді.
Екі бөбек Бақытжан, Ескендір есімдерін алса, Мұстафа, Мерсаид және Айша атты сәбилердің тұсаулары кесіліп, ақсақалдардың ақ баталарын алды. Балалар мен олардың аналарына музей ұжымынан және облыстық әкімшіліктің қолдауымен түрлі сыйлықтар табысталды. Шара соңында сөз алған «Аналар үйі» қоғамдық қорының директоры Алтын Жоламанқызы ұйымдастырушылар мен әкімшілік қызметкерлеріне зор алғысын білдірді.
Шараның көрермендері қазақы салт бойынша ат қою, тұсау кесудің маңызы туралы тағылымды мағлұматқа қанығып, сонымен бірге музей қорында сақталған бала өміріне қатысты құнды жәдігерлерден жасақталған шағын көрме туралы жалпы тарих және археология-этнография бөлімінің меңгерушісі Толқын Түйешиеваның шағын экскурсиясын тыңдады.
Жарияланған күні: 04-06-2018
Оқылған саны: 18102
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12645
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15234
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16591
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10908
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10292
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16030
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат