"Жарияланбаған соғыс жадымызда!" әскери-тағылымдық кездесуі
Ауғанстан соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Сондықтан жыл сайын бұл күні табаны күректей он жылға жуық созылған соғыста қаза болған қаруластарының қабіріне барып тағзым етіп, еске алады, сүйегі шет елде қалғандарға бағыштап құран оқылады. Ресми деректер бойынша, Маңғыстау облысынан Ауған соғысына 440 адам қатысып, оның 8-і қаза тапқан.
Бүгін, 12 ақпан күні, біздің өлкемізде тұратын ауған соғысының ардагерлерімен жүздесіп, отансүйгіштік рухтағы әңгімелерін тыңдау үшін музейге №6656 әскери бөлімінің сарбаздары мен қала мектептерінің оқушылары жиналды. Кездесуде ардагерлер Жұмабек Өтегенов, Махмұт Қаражанов, Қартбек Дүйсенбаевтар Ауғанстанда көрген соғыс туралы естеліктерімен, өлең-жырларымен бөлісіп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Ардагер ағалар бейбіт күннің сарбаздары мен бүлдіршіндерге ашық аспан тілеп, баталарын берді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл кездесудің өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор.
Жарияланған күні: 12-02-2019
Оқылған саны: 11416
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 11596
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 14114
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 15446
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10140
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 9609
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 14991
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат