"Киелі Отырардың мәдени мұралары" көрмесі
8 тамыз күні сағат 16.00-де Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінде, Түркістан облысындағы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен қойнауы тарихқа толы, Қазақ өркениетінің алтын діңгегі, Отырар тарихын көпшілікке насихаттау мақсатында «Киелі Отырардың мәдени мұралары» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Көрмеде, музей қоры жинағындағы Х-ХVІІІ ғасырларға тән археологиялық тұрмыстық бұйымдар, нумизматикалық және зергерлік заттар, қару-жарақ түрлері, сонымен қатар ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында өмір сүрген діндар, ислам дінінің уағыздаушысы, түркі сопыларының бабасы, әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы, һәм тәлімгері Арыстанбаб әулие және оның кесенесі туралы тарихи деректемелер көпшілік назарына ұсынылады.
Бірнеше жүздеген жылдар бойы өз атауын сақтап келген Отырардың көпжылдық тарихы бар екендігі 1971 жылы (ОҚКАЭ)Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының зерттеуі барысында анықталды. Отырар І ғасырдан XVIII ғасырға дейін өмір сүрді. Көне қала өзінің жағрафиялық орналасу жағынан да ұтымды жерде.
Отырар ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығына ұшырап, XIV ғасырда еңсесін қайта тіктеп алды. Алтын Орда дәуірінде зәулім сарайлар мен мешіттер салынды. Түркістанның басқа қалалары сияқты Ақ Орда хандары Отырарда да жаңа құрылыстар салды. Осы кезде қала, аймақта сауда мен кәсібі дамыған үлкен орталыққа айналды.
Қазақ хандықтары тұсында, Отырар Шайбанидтермен Түркістанды иелену үшін болған үздіксіз қақтығыстар тұсында, яғни XV ғасырдың аяғында, осы уәлаятта өзінің әкімшілік орнын жоғалтқан жоқ. Себебі, Отырар, Түркістан қалаларының ішінде өзінің шаруашылық, әрі саяси орнын сақтап, қазақ хандықтарының қалыптасу, өркендеу барысында тарихи әсерін, күшін сақтап қалды. XVI ғасырдың соңында Отырар толық қазақтарға, қазақ хандығының құрамына өтті.
Киелі Отырар XVII-XVIII ғасырлардың өзінде тарихтан ажыраған жоқ. Қазіргі таңда да археологтардың астанасы болып, тарихтың, халықтың өсу жолымен ұштасып келеді.
Оқылған саны: 18807
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12646
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15235
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16591
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10909
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10292
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16032
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат