"Музей түні"
«Музей түні» акциясы осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Алғаш «Музей түні» өлкемізде 2010 жылы өткізілген болатын. Аталмыш акцияғы 2000 адам қатысты.
Шараның негізгі мақсаты - музей ісіне қоғамның назарын аудару. Акция аясында музейде экскурсиялар, ретро көрме, театрландырылған қойылымдар және «Маңғыстау шеберлері артелінің» жәрмеңкесі өтті. Музей ауласында облыстық филармония музыканттарының қатысуымен концерт болды. Балаларға және кезекте тұрған келушілерге ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Жарияланған күні: 22-05-2017Оқылған саны: 19293
«Ядролық қарусыз әлем» атты арнайы кездесу өтті





29 қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар
жоспары аясында «Ядролық қарусыз әлем»
атты Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқан маңғыстаулықтармен кездесу өтті.
Жарияланған күні: 29-11-2016
Оқылған саны: 37575
24 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейдің Жаңаөзен қалалық филиалында№ 6 орта мектеп мұғалімдерімен оқушыларына «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты лекциясы оқылды.
Жарияланған күні: 27-11-2016
Оқылған саны: 37868
«Елін сүйген Елбасы» атты фотокөрме ашылды.
25
қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар
жоспары аясында «Елін сүйген Елбасы» атты фотокөрме ашылды.
Жарияланған күні: 25-11-2016
Оқылған саны: 38277
«Тәуелсіздіктің алғашқы жетістіктерінің жаршылары» атты кездесу өтті.




24 қараша күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Тәуелсіздіктің алғашқы жетістіктерінің жаршылары» атты кездесу өтті. Кездесуге Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Маңғыстау облысының бұқаралық - ақпарат құралдарында жұмыс жасаған журналистер мен фото корреспонденттер: Е.Іңірбай, М. Қосымбай және Б.Нұрсейіт қатысты.
Жарияланған күні: 24-11-2016
Оқылған саны: 38983
Музей қорындағы қару-жарақтар көрмесі.





23 қараша күні Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Музей қорындағы қару-жарақтар» атты тұрақты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Жарияланған күні: 23-11-2016
Оқылған саны: 33685
Облыстық музейде "Қазақстан Республикасының Конституциясын білесің бе?" атты танымдық сабақ өтті.
21 қараша күні Облыстық тарихи - өлкетану музейінді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар аясында, мектеп оқушыларына "ҚР Конституциясын білесің бе?" деп аталатын танымдық сабақ. «Еркіндік мұраты» атты жылжымалы көрме арқылы тақырыптық экскурсиялар жүргізілді. Шараға №4 гимназия мектебі мен "Назарбаев зияткерлік мектебінің" 7 сынып оқушылары, 6656 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Жарияланған күні: 22-11-2016
Оқылған саны: 16534
18192021222324 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат