"Шахнаманың" сарынымен сусындаңыз!
11 шілде күні музей шаңырағында Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы және Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «ФИРДОУСИДІҢ «ШАХНАМАСЫ» - ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға Иран Ислам Республикасының ҚР-дағы бас консулдығы басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Хоссейнғоли Нури және Иран мәдени орталығының директоры Масуд Шейх Зейнеддин қатысып, алғыс, лебіздерін білдірді. Көрмені мәдениет саласының қызметкерлері, қала тұрғындары мен меймандары тамашалап үлгерді.
Көрмеге әлемдік әдебиеттің жауһары - "Шахнаманың" сюжеттік көріністеріне салынған картиналар, "Шахнаманың" қазақ тіліне аудармасы, Иран жазушыларының орыс тіліне аударылған әдеби кітаптары, парсы елінің үздік қолөнер бұйымдары, керамикалық ерекше ыдыстары, ағаш пен сүйектен соғылған көркем кәдесыйлары қойылған. Көрме 3 тамызға дейін болатынын хабарлаймыз.
Оқылған саны: 19382





Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей — сенің қалаңда» атты мәдени турын бастады. Мақсат — Қазақстанның басты жәдігері саналатын «Алтын адам» көрмесін ұйымдастырып, жұртшылыққа кеңінен насихаттау.
Жарияланған күні: 30-07-2016
Оқылған саны: 38387

29 - 31 шілде аралығында "Алтын адам" Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайында
Жарияланған күні: 22-07-2016
Оқылған саны: 24205
2016 жылдың 14-шілде күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің «Жайық толқыны» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Жарияланған күні: 15-07-2016
Оқылған саны: 32456





Астана күніне орай Ханшатыр ойын-сауық орталығы алаңында көшпенділер ауылы бой көтерді. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі аясында Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайының алтын қорынан зергерлік бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.
Жарияланған күні: 11-07-2016
Оқылған саны: 32021
"Жайық толқыны" көрмесіне шақырамыз!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайы, Атырау облысының Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің "Жайық толқыны" атты көрмесіне шақырады.
Жарияланған күні: 10-07-2016
Оқылған саны: 18920
Бейнеу сапары: Бейнеу - Сарға – Ақжігіт – Сыңғырлау – Ақпанның үйігі – Белдеулі.





16-19 маусым аралығында «Автомузей» бағдарламасы
аясында музей директоры Тамара Қалмырзақызы мен ғылыми қызметкер Отыншы
Көшбайұлы бастаған музей мамандары Бейнеу – Сарға – Ақжігіт – Сыңғырлау –
Ақпанның үйігі – Белдеулі бағыттары бойынша экспедицияға шығып келді.
Жарияланған күні: 21-06-2016
Оқылған саны: 39453
20212223242526 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат