"Шахнаманың" сарынымен сусындаңыз!
11 шілде күні музей шаңырағында Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы және Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «ФИРДОУСИДІҢ «ШАХНАМАСЫ» - ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға Иран Ислам Республикасының ҚР-дағы бас консулдығы басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Хоссейнғоли Нури және Иран мәдени орталығының директоры Масуд Шейх Зейнеддин қатысып, алғыс, лебіздерін білдірді. Көрмені мәдениет саласының қызметкерлері, қала тұрғындары мен меймандары тамашалап үлгерді.
Көрмеге әлемдік әдебиеттің жауһары - "Шахнаманың" сюжеттік көріністеріне салынған картиналар, "Шахнаманың" қазақ тіліне аудармасы, Иран жазушыларының орыс тіліне аударылған әдеби кітаптары, парсы елінің үздік қолөнер бұйымдары, керамикалық ерекше ыдыстары, ағаш пен сүйектен соғылған көркем кәдесыйлары қойылған. Көрме 3 тамызға дейін болатынын хабарлаймыз.
Оқылған саны: 19299
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні


1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Жаңаөзен қалалық филиалында балаларға «Ашық есік» күні ретінде атап өтілді.
Жарияланған күні: 02-06-2016
Оқылған саны: 37964





Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайының
Маңғыстау аудандық филиалында 1 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әлем баланың көзімен!» тақырыбында
шара өткізілді.
Жарияланған күні: 02-06-2016
Оқылған саны: 40492





Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайының Маңғыстау аудандық филиалында 18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Музей түні» акциясы өткізілді!.
Шараның
негізгі мақсаты - мәдениет саласындағы басты
мәдени-білім беру нысандардың бірегейі әрі әлеуметтік-мәдени маңызды ұйым болып
табылатын музейге қоғам назарын аударту. Атап айтқанда, мәдени-тарихи
мұраларды насихаттаудың ерекше түрлері мен алуан бағдарламалар ұйымдастыру
арқылы музейдің беделін нығайту.
Жарияланған күні: 20-05-2016
Оқылған саны: 52469




18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі
Жаңаөзен қалалық филиалында «Музей – өлкенің тарихы» атты мерекелік шара
өткізілді.
Жарияланған күні: 19-05-2016
Оқылған саны: 41990





Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайында 18
мамыр Халықаралық музей күніне орай «Музей түні» акциясы өтті. Осымен 4-ші рет
өткізіліп отырған «Музей түні» акциясы, алғаш рет 2010 ж. өтті.
Жарияланған күні: 19-05-2016
Оқылған саны: 20820
"Музей түні" шарасына шақырамыз!
2016 жылы 18 мамыр күні облыстық тарихи - өлкетану музейінде "Музей түні" акциясы өтеді.
Жарияланған күні: 12-05-2016
Оқылған саны: 19899
21222324252627 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат