"Шахнаманың" сарынымен сусындаңыз!
11 шілде күні музей шаңырағында Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы және Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «ФИРДОУСИДІҢ «ШАХНАМАСЫ» - ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға Иран Ислам Республикасының ҚР-дағы бас консулдығы басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Хоссейнғоли Нури және Иран мәдени орталығының директоры Масуд Шейх Зейнеддин қатысып, алғыс, лебіздерін білдірді. Көрмені мәдениет саласының қызметкерлері, қала тұрғындары мен меймандары тамашалап үлгерді.
Көрмеге әлемдік әдебиеттің жауһары - "Шахнаманың" сюжеттік көріністеріне салынған картиналар, "Шахнаманың" қазақ тіліне аудармасы, Иран жазушыларының орыс тіліне аударылған әдеби кітаптары, парсы елінің үздік қолөнер бұйымдары, керамикалық ерекше ыдыстары, ағаш пен сүйектен соғылған көркем кәдесыйлары қойылған. Көрме 3 тамызға дейін болатынын хабарлаймыз.
Оқылған саны: 19298





9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайында, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, Ақтау қаласының орта мектеп оқушыларының атсалысуымен «Мәңгілік сапта» акциясы өтті.
Жарияланған күні: 05-05-2016
Оқылған саны: 50794





Маңғыстау
облыстық тарихи – өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен мұражай шаңырағы астында Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқан маңғыстаулықтармен
кездесу өтті. Кездесуге Ақтау көлік және коммуникациялар колледжінің және Маңғыстау облыстық гуманитарлық колледжінің
студенттері қатысты.
Жарияланған күні: 26-04-2016
Оқылған саны: 33827

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз жыл басы!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Жарияланған күні: 24-03-2016
Оқылған саны: 56463
«Ұлттық рухты ұлықтаған арулар»



Жарияланған күні: 18-03-2016
Оқылған саны: 55040





Oблыстық тарихи-өлкетану мұражайында 11-13 наурыз аралығында «Масленичная ярмарка » мерекелік шарасы өтті.
Жарияланған күні: 13-03-2016
Оқылған саны: 46245
Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайына 40 жыл





Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізі 1975 жылы қаланған. Маңғыстау өлкесінің ежелгі тарихы, ерекше этнографиясы, осы өлкеге ғана тән қайталанбас айшықты архитектурасы, табиғаты, түбекке белгілі тарихи тұлғалар туралы кең мағлұмат беретін, 56 мыңнан астам жәдігерлері бар республикамыздағы іргелі мәдени орталықтардың бірі. Олардың ең таңдаулылары мұражайдың көрме залдарына қойылған. 2015 жылы мұражайдың ашылуына 40 жыл толған болатын, өткен жыл мұражай үшін табысты жыл болды.
Жарияланған күні: 18-02-2016
Оқылған саны: 49795
22232425262728 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат