"Ұрпаққа мирас - ұлттық киім"
Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында, Әз Наурыз мерекесі қарсаңында халқымыздың асыл қазыналарының бірі – ұлттық киімдерді дәріптеу, насихаттау мақсатында облыстық музейде өтетін «Ұрпаққа мирас - ұлттық киім» атты мәдени-танымдық кездесуге шақырамыз! Кездесудің басты қонағы – өлкеміздегі тұңғыш ұлттық киім тігу шеберханасы – «Өрнек» сән үйінің директоры Нұрияш Нұрбергенқызы.
Кеште музейдің алтын қорынан «ХІХ-ХХ ғасырлардағы ұлттық киімдер» көрмесі және түрлі дәуір шеберлерінің көзі – тарихи тігін машиналарының көрмесімен қатар, Нұрияш Нұрбергенқызының жеке көрмесін тамашалай аласыздар.
Ұлттық болмысымыздың ажырамас атрибуты – ұлттық киімдердің тарихымен танысып, рухани-тағылымдық мәдени шараға асығыңыздар!
Өтетін күні: 27 ақпан 2018 ж.
Уақыты: 16.00
Оқылған саны: 18844
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12817
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15406
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16755
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 11014
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10381
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16162
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат