«Бақыт кілті еңбекте» КСРО ағарту ісінің, Қазақ КСР-і оқу-ағарту ісінің озаты ЫДЫРЫСОВА САЛИХА апаймен кездесу
5 желтоқсан күні Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында КСРО ағарту ісінің, Қазақ КСР-і оқу-ағарту ісінің озаты ЫДЫРЫСОВА САЛИХА апаймен кездесу өтті.
Кездесуге Салиха апайдың шәкірттерімен Маңғыстау гуманитарлық колледжінің бастауыш пәні факультетінің студенттері және орта мектеп оқушылары қатысты.
Ыдырысова Салиха Қаженқызы – 1926 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сармантөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі Сарман өмірінің соңына дейін колхоз, совет ұйымдарында еңбек еткен шаруа адамы. Салиха Қаженқызы 1942 жылға дейін мектепте білім алып, Ұлы Отан соғысы жылдары мектептің иесіз қалуына байланысты,1942 жылдың февралінен бастап сол мектепте бастауыш пәнінің мұғалімі болып қызмет атақарады.
1942-1946 жж өзі туып, өскен ауылда, 1946 жылдан бастап Гурьев облысына қарасты мектептерде қызметте болған. 1948 жылы бұрынғы Гурьев (қазіргі Атырау) облысындағы педагогикалық училищені бітірген.
1961 жылы партияның шешімімен Ғазиз Ыдырысовтың «Гурьев-20», яғни қазіргі Ақтау қаласындағы ең алғаш бой көтерген мектепке директор етіп тағайындауына байланысты қызмет бабын осында жалғастырған.
1947 жылы «Ерен еңбегі үшін»,
1966 жылы «Ана даңқы» орденімен,
1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» т.б. медальдармен марапатталған. КСРО ағарту ісінің, Қазақ КСР-і оқу-ағарту ісінің озаты Салиха Қаженқызы бүгінде тоғыз баланы тәрбиелеп өсірген батыр ана.
Біздің ақмаржан қала – Ақтау Салиха Қаженқызының көз алдында өсіп, өркендеп, дамыған шаһар. Сол қаланың даму тарихында Салиха апайдың да салған сара жолы қалды. Ақтау қаласының құрметті азаматы. Отандық «Бойтұмардың оралуы» филімінде ананың рөлін сомдаған.
Жарияланған күні: 06-12-2016Оқылған саны: 41314
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 11514
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 14030
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 15361
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10058
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 9537
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 14919
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат