«Маңғыстаудан түлеп ұшқан тас түлек»
14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейде Қазақтан шыққан тұңғыш бокс шебері Ш.Бөлтекұлының 100 жылдығына орай жасақталған «Маңғыстаудан түлеп ұшқан тас түлек» атты тұрақты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің ашылу салтанатына Шоқыр Бөлтекұлының інілері Б. Құбашев пен О. Жұмабеков қатысып өздерінің естеліктерін айтты.Шара соңында көрмеге экскурсия жүргізіліп, «Қазақ боксының атасы» атты бейнефильм көрсетілді.
Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы 29 қазан күні Маңғыстау облысы, Жармыш ауылында дүниеге келген. 30-шы жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетiмдер үйiнде оқып, орта мектептi бiтiрдi.
Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақаттанып елге оралады. Шоқыр Бөлтекұлы рингте 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен. 1947 жылы Киевтегі Көркемсурет академиясын және Дене тәрбиесі институтын бітіреді. 50-ші жылдары Қазақ ССР-інің 3 рет чемпионы атанады.
Шаршы алаңның шаңын қаққан боксшы ізбасар шәкірт тәрбиелеп, боксқа баулу үшін алақандай алаң іздеп, Опера және балет театрының бір бөлмесін сұрап алады. 1937 жылы Шоқыр Бөлтекұлының басшылығымен бокстан Алматы қаласының ресми бiрiншiлiгi өттi. Оған 50 спортшы қатысқан. 1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңестер Одағының бiрiншiлiгiне Қазақ елiнiң құрама командасын Шоқыр атамыз бастап барды. Оның мектебiнен Мақсұт Омаров, Әбдісалан Нұрмаханов, Серік Әбдінәлиев, Виктор және Владимир Каримовтор, Асқар Құлыбаев секiлдi талантты шәкiрттер тәрбиеленiп шықты.
Шоқыр Бөлтекұлы 1994 жылы 78 жасында Алматы қаласында дүниеден озды
Жарияланған күні: 14-12-2016Оқылған саны: 43854
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12645
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15234
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16591
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10909
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10292
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16032
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат