18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музейге сый. Жәдігер жерде қалмасын» акциясы өтті.
18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музейге сый. Жәдігер жерде қалмасын» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты: Маңғыстау өңірінің тарихын, халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын құнды бұйымдарды жинақтау арқылы өлкеміздің өткені мен бүгінінің куәсін келешек ұрпаққа жеткізу. Бұл акция бірінші рет өткізілді.
Шара барысында музей қорына 200 дей зат тапсырылды. Өлкемізге белгілі тұлғалар: С. Шәкіратов, К. Тасболатов, Е. Іңірбай, Д. Хасниязов, М. Нұрқабаев, О. Көшбайұлы, Н. Тоқбаев, М. Реукенов, М. Жолдыбаев, А. Тумышев, В. Цой - («Чосон» корей этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары) және т.б. азаматтар өздерінде сақталған құнды жәдігерлерді музей қорына тарту етті. Одан басқа музей қызметкерлері аудан орталықтарында болып, жергілікті өңірлерден жәдігерлер жинады. Халықаралық музейлер күні аясында бастау алған акция, әрі қарай жалғаса береді.
Жарияланған күні: 22-05-2017Оқылған саны: 31225
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12646
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15236
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16591
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10909
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10292
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16032
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат