Атырау музейі Маңғыстауда қонақта
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай рухани, тарихи құндылықтарды насихаттау мақсатында 27 қыркүйек – 27 қазан аралығында біздің облыстық музей ғимаратында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорынан ұйымдастырылатын «Тарихы терең Атырау» көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Көрмеде тарихымыздың тереңдігін, түп-тамырымыздың тектілігін дүние дидарына жария еткен асыл қазынамыз – Алтын адам, тарихы сырларға толы Сарайшық қалашығының жәдігерлері, сондай-ақ, темірден түйін түйген шеберлер мен зер қадірін білген зергерлердің қолынан туындаған зергерлік бұйымдар және Жәңгір хан, сұлтан Бейбарыс тәрізді тарихи тұлғалар мен оқиғаларға толы, өзгеше табиғаты мен өзіндік тарихы бар, қойнауы қазынаға толы Атырау өлкесінің құнды жәдігерлері сыр шертеді.
Оқылған саны: 35726





4 наурыз күні Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану музейінде "8 наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай «Ана – өмірдің шырағы» деп аталатын мерекелік шара өтті.
Жарияланған күні: 06-03-2017
Оқылған саны: 34655




Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінің Маңғыстау Аудандық филиалында наурыз айының 3 -де «Құрақ құрау-өнердің сарқылмас көзі» тақырыбында шеберлік класс өткізілді.
Жарияланған күні: 06-03-2017
Оқылған саны: 42606





Облыстық мәдениет саласының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында 3-4 наурыз күндері ерлер арасында шағын футболдан және әйелдер арасында волейболдан жолдастық кездесулер өтті.
Нәтижесінде волейболдан командалар төмендегідей орындарға ие болды.
Жарияланған күні: 06-03-2017
Оқылған саны: 29974
2-3 наурыз тазалық күндеріне байланысты Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінің жұмыс кестесі.
Жарияланған күні: 01-03-2017
Оқылған саны: 32516





Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 21-23 ақпан аралығында «Русское Землячество» этно-мәдени орталығының қолдауымен «Здравствуй Масленица!» атты мектеп оқушыларына арналған ертеңгіліктер өтті.
Жарияланған күні: 23-02-2017
Оқылған саны: 38547
Музей қызметкерлері Қарақия-Қаракөл қорықшасында болып, маусымдық ұшу кезінде құстарды бақылады



21 ақпан күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат бөлімінің қызметкерлері А. Қуанышева мен Ж. Байдулаева Қарақия - Қаракөл қорықшасында болып, маусымдық ұшу кезінде құстарды бақылады.
Жарияланған күні: 21-02-2017
Оқылған саны: 35081
14151617181920 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат