Ежелгі алып бауырымен жорғалаушының сүйегі табылды
Үстіміздегі жылдың мамыр айында Роман Меңдіғалиев атты азамат өздері газ құбырларын тарту бойынша жұмыс жасап жатқан жерден табылған белгісіз алып аңның омыртқа сүйектерін әкеліп музейге тапсырды. Музей қызметкерлері айтылған жерге барып омыртқа сүйектерін қазып әкеліп, тазалады. Табылған омыртқалар саны 36, ұзындығы 3,5 метр. Санкт-Петербург қаласындағы зоология институтымен хабарласып, омыртқа сүйектерінің фотолары жіберілді. Институт қызметкері Н.Зверьков келіп, бұл жануардың 80-100 млн жыл бұрын өмір сүрген плезиозавр (су астында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушы) екендігін анықтады. Күзде ресейлік ғалымдар Маңғыстау жеріне келіп қазба жұмыстарын жүргізбекші.
Жарияланған күні: 14-07-2017Оқылған саны: 33652
Рахмет Өтесіновтың туғанына 90 жыл
16-17 қаңтар күндері Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жаңаөзен қалалық филиалында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы, КСРО мұнай өнеркәсібінің құрметті мұнайшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Рахмет Өтесіновтың туғанына 90 жыл толуына орай №1, №6, № 21 орта мектеп оқушыларына «Қазақ мұнайының ардақтысы» тақырыбында тақырыптық экскурсия өткізіліп, бейне слайд көрсетілді.
Жарияланған күні: 18-01-2017
Оқылған саны: 33352
О. Көшбайұлының "Мекке сапары" ойтолғам кітабы жарық көрді.


Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, белгілі өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Мекке сапары» атты ойтолғам кітабы жарық көрді.
Жарияланған күні: 06-01-2017
Оқылған саны: 22111
«Жаңа заман кезеңі» және «Қазіргі Қазақстан» атты көрме залдарының ашылу салтанаты өтті.
__341cb6cdd3f05bd8bbf98600838aea57.jpg)




ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық мұражайда «Жаңа заман кезеңі»(XV-XIXғғ. Маңғыстау тарихы) және «Қазіргі Қазақстан» атты көрме залдарының ашылу салтанаты өтті.
Жарияланған күні: 16-12-2016
Оқылған саны: 38161
«Маңғыстаудан түлеп ұшқан тас түлек»





14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейде Қазақтан шыққан тұңғыш бокс шебері Ш.Бөлтекұлының 100 жылдығына орай жасақталған «Маңғыстаудан түлеп ұшқан тас түлек» атты тұрақты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Жарияланған күні: 14-12-2016
Оқылған саны: 43044





12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық музейде «Киіз үй – ұлттық құндылықтар қазынасы» атты киіз үй тігуден мектеп оқушылары арасында облыстық жарыс өтті. Мұндай шара облыс көлемінде алғаш рет өтіп отыр. Сайысқа Маңғыстау ауданынан Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары мен Мұнайлы ауданынан №10 жалпы білім беру орта мектебінің оқушылары қатысты.
Жарияланған күні: 12-12-2016
Оқылған саны: 42578
«Шебердің қолы ортақ» көрме-жәрмеңкесі өтті.



9 желтоқсан күні облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Шебердің қолы ортақ» атты жергілікті қолөнер шеберлерінің қатысуымен көрме жәрмеңкесі өтті.
Жарияланған күні: 10-12-2016
Оқылған саны: 41830
16171819202122 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат