Ежелгі алып бауырымен жорғалаушының сүйегі табылды
Үстіміздегі жылдың мамыр айында Роман Меңдіғалиев атты азамат өздері газ құбырларын тарту бойынша жұмыс жасап жатқан жерден табылған белгісіз алып аңның омыртқа сүйектерін әкеліп музейге тапсырды. Музей қызметкерлері айтылған жерге барып омыртқа сүйектерін қазып әкеліп, тазалады. Табылған омыртқалар саны 36, ұзындығы 3,5 метр. Санкт-Петербург қаласындағы зоология институтымен хабарласып, омыртқа сүйектерінің фотолары жіберілді. Институт қызметкері Н.Зверьков келіп, бұл жануардың 80-100 млн жыл бұрын өмір сүрген плезиозавр (су астында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушы) екендігін анықтады. Күзде ресейлік ғалымдар Маңғыстау жеріне келіп қазба жұмыстарын жүргізбекші.
Жарияланған күні: 14-07-2017Оқылған саны: 33392


"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы музейде өтетін тағы бір игі шараға асығыңыздар!
Жарияланған күні: 26-02-2018
Оқылған саны: 18095
"Бағзыдан жеткен баба сарыны" мәдени-танымдық шарасы





Музейде тәрбиелік-тағылымдық, мәдени-танымдық әдемі кездесу өтті.
Жарияланған күні: 29-01-2018
Оқылған саны: 20887


12 қаңтар күні музейде Ақтау қалалық мәслихатының депутатымен кездесу өтті
Жарияланған күні: 29-01-2018
Оқылған саны: 31098
Мәдени-танымдық кешке шақырамыз!

24 қаңтар күні сағат 10.00-де облыстық музейде "Бағзыдан жеткен баба сарыны" атты музей қорындағы ұлттық музыкалық аспаптарды халыққа насихаттау мақсатындағы мәдени-танымдық кеш өтеді. Тамашалауға ниет білдірген әріптестерімізді, қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз!
Кеш қонақтары - өлкемізге белгілі өнер тарландары мен мәдениет жанашырлары: Сержан Шәкрат, Роза Айдарбаева, Әбілқайыр Спан, Хадиша Балапашева және т.б.
Жарияланған күні: 22-01-2018
Оқылған саны: 30059
Р.А. Григорянның 100 жылдығына орай Құрмет тақтасы орнатылды




Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ақтау қаласының негізін қалаушылардың бірі Р.А. Григорянның 100 жылдығына арналған шаралар жалғасуда.
Жарияланған күні: 30-11-2017
Оқылған саны: 30720
Ежелгі плезиозавр сүйегін көретін сәт келді!
__8b8b185f96cdbb2d2e937609e18adbf6.jpg)


Палеонтологиялық көрме
Жарияланған күні: 27-11-2017
Оқылған саны: 32058
891011121314 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат