Ержан хазірет Төлегенұлының мұралары тағылымына арналған конференция қос қалада дүркіреп өтті
18 қараша күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде «Ержан хазірет Төлегенұлының ісі мен еңбегін есте қалдыру» қоғамдық қорының бастамасымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасы және Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің тікелей атсалысуымен Ержан хазірет Төлегенұлының мұралары тағылымына арналған «Ілімнің бұлағы – кемелдік нәрі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияны жүргізген – өлкемізден шыққан белгілі дінтанушы ғалым Марат Себасов. Конференцияға Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Балғабек Мырзаев, ҚМДБ төрағасының орынбасары, найиб муфти Бауыржан Есмахан, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің проректоры, Рjd докторы Қайрат Құрманбаев, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің дінтанушы, ғалымы Мұқан Исахан, тасаууфтанушы Рысбай Дайрабай сынды дін саласының саңлақтары, хазіреттің қолжазбаларын осы күнге дейін сақтап келген әйгілі ғалым Қабиболла Сыдиықовтың жұбайы Гүлшат Омарқызы қатысып, тұшымды баяндамаларын оқыды. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов алыстан әруақты абыздың есімін ардақтай келген барша ғалымдарға алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді.
Конференция барысында Ержан хазіреттің «Ілімнің бұлағы – тақуалық қайнары» атты кітабының тұсауы кесілді. Бұл кітапты Гүлшат Омарқызында сақталған хазіреттің араб тіліндегі қолжазбаларынан қазақшаға аударған – Сейдмұхаммед (Құлатай) Абдунаим. Ержан хазіерттің қолжазбалары негізінде сақталған еңбектерінің еліміздің діни саласына қосар үлесі зор. Өйткені қазіргі таңда жастардың өзге діни ағымдардың жетегіне еріп кету үрдісіне тоқтау салудың бірден бір жолы - дәстүрлі дінімізге оралу, темірқазығын қайта бекіту. Міне, осы мақсатта абыз атаның кітаптары ең күшті қару болмақ. Оның еңбектерінде бабаларамыз ұстанған дәстүрлі дініміздің егжей-тегжейі майын тамыза баяндалған. Бұхарадағы Көкілташ медресесінде 8 жыл оқыған, өз заманының білгірі атанған Ержан хазірет Төлегенұлының мұралары біздің заманымызда таптырмас діни оқулықтарға айналғалы отыр.
Конференцияның тағы бір ардақты мейманы – хазіреттің көзі тірі тұяғы Несіпхан Ержанқызы ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шексіз алғысын айтып, батасын берді.
Конференция меймандары облыстық музей ұйымдастырған Ержан хазіреттің жеке дүниелерінен жасақталған және ол туралы маңызды мағлұматтардан дайындалған «Руханияттың асыл тінін жалғаушы Ержан хазірет Төлегенұлы» атты көрмені тамашалады. Музей ұжымы тарапынан осы көрмені ұйымдастыруға жәрдемдескен хазіреттің жеке дүниелеріне ие болып отырған Ержан абыздың келіні Мәрзия апай Аралбайқызына шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ал 21 қараша күні дәл осы конференция елордамыз Астана қаласында «Дін тұғыры және ілім қайнары» деген атаумен өтті. Оған Ақтау қаласынан арнайы барған облыс әкімі Ералы Тоғжанов, «Ержан хазірет Төлегенұлының ісі мен еңбегін есте қалдыру» қоғамдық қорының төрағасы Бисенбек Нұржігітұлы, дінтанушы Марат Себасов, ғалым, дарынды аудармашы Нияз Тобыш, ақын Сабыр Адай, өлкетанушылар Отыншы Көшбай, Алқажан Еділхан қатысып, келелі жиынның көркін қыздырды. Алқалы жиынды Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан сөз алып, хазіреттің еңбектеріне деген лебіздерін білдірді.
Қоғам және руханият қайраткеріне арналған ғылыми-практикалық конференцияда Мәжіліс депутаты Тарас Хитуов «Рухани жаңғыру және Ержан хазірет тағылымы», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы «Алаш мұраты және дәстүрлі дін тұғыры», ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимов «Ержан хазірет мұрасы: парасат пен пайым», Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айнұр Әбдірәсілқызы «Ержан хазірет еңбектері – ұлттың діни танымы айнасы», Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Пәния Сармурзина «Маңғыстау мияттары: сабақтастық мәні», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «ТҮРКСОЙ» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр «Ержан Төлегенұлының рухани қазынасы: зерттеу міндеттері», ЕҰУ дінтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кеңшілік Тышхан «Ержан хазірет шығармаларындағы кемелдік», ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ақжігіт Әлібекұлы «Тұлға және қолжазба құндылығы», ЕҰУ дінтану кафедрасының доценті, PhD Сәмет Оқанұлы «Ержан хазірет еңбектеріндегі исламның ғылыми негіздері» тақырыбында баяндама жасады.
Ержан хазіреттің ел руханиятына сіңірген ұшан-теңіз еңбегінің осылайша еленуі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан қыруар істің бірі әрі бірегейі болып қалары анық.
Жарияланған күні: 22-11-2018
Оқылған саны: 24409
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12646
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15239
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16593
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10909
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10293
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16032
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат