Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылатын шаралар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылатын шараларды хабарлайды.
23 қараша «Мемлекеттік шекара» - 2201 «Жағалау күзет өңірлік басқармасы» әскери бөліміне көрме жасақтап, экскурсиялар өткізу музей қорынан «Музей қорындағы қару-жарақтар» көрмесін жасақтау;
25 қараша – «Жаһандық бастамалар» - Музейдің лекция залында «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында көрме жасақтап, тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырып, «Балалық
шағымның аспаны», «Елбасы жолы»
киноларын көрсету
24 қараша, сағ 15.00 - «Азаматтық қоғам» - Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан БАҚ өкілдерімен кездесу өткізу М.Қосымбай,Б.Нұрсейіт, Е.Іңірбаймен кездесу;
28 қараша – «Ұлттық валюта» - Музей қорынан монеталар жинағынан көрме жасақтау.
29 қараша – «Ядролық қарусыз әлем» - Чернобыль апатын залалсыздандыруға атсалысқан мауғыстаулық азаматтармен кездесу;
30 қараша – «Ғылым мен жаңа технологиялар» - «Жоғалған теңіз түбінің мекендеушілері» атты музей қорындағы палеонтологиялық коллекциялардан жасақталған көрменің ашылу салтанаты;
2 желтоқсан – «Мәдениет және руханият» - Халық жазушысы, Еңбек Ері Ә.Кекілбаев шығармашылығына арн. «Ұлы дала Абызы» атты жылжымалы көрменің ашылуы және еске алу шарасы;
3 желтоқсан – «Ұлт саулығы» - «Есірткісіз болашаққа» атты дөңгелек үстел ұйымдастыру;
4 желтоқсан – «Спорт жетістіктері» - Қазақтан шыққан тұңғыш бокс шебері Ш.Бөлтекұлының 100 жылдығына орай жылжымалы көрменің ашылу салтанаты;
5 желтоқсан – «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» - Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озаты, КСРО ағарту ісінің озаты, Ақтау қаласының құрметті азаматы Ыдырысова Салиха Қаженқызының 90 жылдығына орай кездесу ұйымдастыру.
«Бақыт кілті еңбекте» атты еңбек майталмандарымен кездесу ұйымдастыру;
6 желтоқсан - «Бірегейлік және бірлік» - Маңғыстау облысындағы ҚХА «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотошежіре жасақтау;
7 желтоқсан – «Нұрлы жол» - Ағылшын тілінің аға оқытушысы, педагогика магистрі Н.Тобышпен кездесу ұйымдастыру және Қазақша-Парсыша-Ағылшынша жазылған Тілашар кітабының тұсаукесері;
8 желтоқсан – «Нұрлы Болашақ» - А.Астафевтің фотокөрмесін жасақтау;
9 желтоқсан – «Білім» - «Маңғыстаудағы аңшылық дәстүр» атты видеофильмнің тұсаукесері және аңшы А.Ақшабаевпен кездесу ұйымдастыру. Мектеп оқушылары арасында киіз үй тігуден конкурс өткізу;
10 желтоқсан – «Әлеуметтік жаңғырту» - В.Соловьевтың фотокөрмесін жасақтау
12 желтоқсан – «Индустрияландыру» - Қолөнер шеберлерінің көрмесін жасақтап, «Шеберлік кластарын» өткізу;
13 желтоқсан – «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер» - Қазақстан музейлерімен көрме алмасу аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей қорынан
көрме жасақтау;
«Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны» атты мерекелік шара өткізу – Маңғыстау аудандық филиалында.
14 желтоқсан – «Астана» - Қазақстан туралы, Елорда туралы, Елбасы туралы бейне фильмдер мен фотослайдттармен экскурсиялар өткізу, музей залдарына саяхат жаса. «Астана – болашақтың қаласы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастыру;
15 желтоқсан – «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары» - Қайта жасақталған «Жаңа заман кезеңі» (XV-XIXғғ. Маңғыстау тарихы) атты көрме залының және «Қазіргі Қазақстан» атты көрме залдың ашылу салтанаты.
Байланыс телефондары: 43-23-14
Жарияланған күні: 22-11-2016Оқылған саны: 30251
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 10447
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 13019
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 14300
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 9525
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 9040
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 14048
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат