Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Маңғыстау облысы музейлерінің «Мұралы Маңғыстау» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Маңғыстау облысы музейлерінің «Мұралы Маңғыстау» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрме Ұлттық музейдің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Көрме негізінен Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінің және облыс музейлерінің ерекше жәдігерлерінен жасақталды.
Көрменің ашылу салтанатына белгілі Маңғыстаулықтар: З. Алшынбаев, Г. Сейтмағанбетова, К. Жұмабаева, және т.б. қатысты.
Көрмеге 446 зат көрмеленді. «Мұралы Маңғыстау» атты көрмеде Маңғыстаудың археологиясы, түбектің қазба байлықтары, палеонтологиялық жиынтықтар, орта ғасырлар тарихы және ерте дәуір экспонаттары қойылған. Сонымен қатар Ұлттық дәстүрлі қолөнер, Маңғыстаудың рухани мұралары мен мұнай игеру барысын баяндайтын жәдігерлер бар. Көрмеде осы өлкеден шыққан Абыл ақын, Нұрым жырау, Қашаған, Аралбай, Ақтан, Өскенбай, Жылкелді, Досат, Әділ, Шолтаман, Тастемір, Тұрсын, Мұрын жырау тағы да басқа көптеген ұлы тұлғаларға қатысты экспонаттар бар. Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевқа арналған «Ұлы дала Абызы» атты жеке көрме де қойылды.
Жарияланған күні: 13-10-2016Оқылған саны: 38201


"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы музейде өтетін тағы бір игі шараға асығыңыздар!
Жарияланған күні: 26-02-2018
Оқылған саны: 17622
"Бағзыдан жеткен баба сарыны" мәдени-танымдық шарасы





Музейде тәрбиелік-тағылымдық, мәдени-танымдық әдемі кездесу өтті.
Жарияланған күні: 29-01-2018
Оқылған саны: 20274


12 қаңтар күні музейде Ақтау қалалық мәслихатының депутатымен кездесу өтті
Жарияланған күні: 29-01-2018
Оқылған саны: 30149
Мәдени-танымдық кешке шақырамыз!

24 қаңтар күні сағат 10.00-де облыстық музейде "Бағзыдан жеткен баба сарыны" атты музей қорындағы ұлттық музыкалық аспаптарды халыққа насихаттау мақсатындағы мәдени-танымдық кеш өтеді. Тамашалауға ниет білдірген әріптестерімізді, қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз!
Кеш қонақтары - өлкемізге белгілі өнер тарландары мен мәдениет жанашырлары: Сержан Шәкрат, Роза Айдарбаева, Әбілқайыр Спан, Хадиша Балапашева және т.б.
Жарияланған күні: 22-01-2018
Оқылған саны: 29179
Р.А. Григорянның 100 жылдығына орай Құрмет тақтасы орнатылды




Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ақтау қаласының негізін қалаушылардың бірі Р.А. Григорянның 100 жылдығына арналған шаралар жалғасуда.
Жарияланған күні: 30-11-2017
Оқылған саны: 29788
Ежелгі плезиозавр сүйегін көретін сәт келді!
__8b8b185f96cdbb2d2e937609e18adbf6.jpg)


Палеонтологиялық көрме
Жарияланған күні: 27-11-2017
Оқылған саны: 31113
891011121314 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат