Мақсұт Сұлтанұлы Нұрқабаевтың «Менің Маңғыстауым» атты фотокөрмесі
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Мақсұт Сұлтанұлы Нұрқабаевтың «Менің Маңғыстауым» атты фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде республикаға танымал суреткердің бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған 30-дан аса туындылары жұртшылық назарына ұсынылады.
Нұрқабаев Мақсұт Сұлтанұлы – Маңғыстау мәдениеті мен өнері саласының ардагері, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Еңбек жолын «Қазреставрация» бірлестігінің жобалау шеберханасында сызушыдан бастап бас архитекторға дейін көтерілген. 1980 ж «Маңғышлақ реставрация» реставрациялау шеберханасының басшысы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, облыстық тарихи-мәдени қорықтың директоры қызметін атқарған. 1990-1991 жж Нұрқабаев жобасы және тікелей басшылығы бойынша ақын Қашаған Күржіманұлының кесенесі, 1992 ж Барақ батырдың мавзолейі, 1995-1996 жж Астрахан облысы Алтынжар ауылында сазгер Құрманғазы Сағырбайұлының мавзолейі, сондай-ақ, Мақаш әкімнің, Малайсары бидің, Оңайата әулиенің, Темірбаба әулиенің, Түмен ақынның, Иса батырдың кесенелері мен Шетпе кентіндегі мешітін салуға ат салысты. «Парасат» ордені және «Ерен Еңбегі үшін» медалімен наградталған.
Жарияланған күні: 02-04-2015Оқылған саны: 51625
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 10206
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 12802
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 14029
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 9352
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 8903
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 13813
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат