Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай музей мамандарына арналған облыстық семинар өтті.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай музей мамандарына арналған облыстық семинар өтті.
Семинарға Бейнеу, Маңғыстау аудандық және Форт-Шевченко, Жаңаөзен қалалық музейлерінің қызметкерлері қатысты.
Екі күнге созылған семинардың бірінші күні «Үздік экскурсовод» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалының қызметкері – М. Нұрханова, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жаңаөзен қалалық филиалының қызметкері – А. Иманова, Бейнеу аудандық музейінің қызметкері – Г. Дидарова, Форт-Шевченко мемориалдық музей кешенінің қызметкері – А. Нұрқожина, «Отпан» тарихи-мәдени-кешенінің қызметкері – Г. Қанашқызы , Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері – А. Наушабаева, Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени қорық қызметкері – Н. Таджикова, Мемориалдық музейден - А. Адирова қатысты.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
І кезең – «Экскурсовод музейдің айнасы» өзі қызмет жасап жүрген музейінің тұрақты экспозициясы бойынша қысқаша шолу экскурсиясын жүргізу (слайд, бейнеролик, арқылы 5-7 мин.)
ІІ кезең – «Экскурсоводтың жеке шығармашылығы» Маңғыстауға қатысты еркін тақырыпта өзінің жеке дайындаған жылжымалы көрме туралы қысқаша баяндау. (5-7 мин.)
ІІІ кезең «Менің өлкемнің аңыздары» халық арасында көп тарамаған бір аңызды әңгімелеп беру.
ІҮ кезең Сұрақ-жауап. Ситуациялық және танымдық сұрақтарға жауап беру.
Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша:
ІІІ орын - Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалының қызметкері – М. Нұрханова;
ІІ орын – Мемориалдық музей қызметкері – А. Адирова;
І орын - «Отпан» тарихи-мәдени-кешенінің қызметкері – Г. Қанашқызы;
Семинардың екінші күні «Алаш ардақтылары» (Н. Қалкенбаева), «Музей қорындағы түгендеу жұмыстары» (Р. Молбаева), «Музей есептері» (Н. Қалағанов) атты баяндама оқылып, ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтіп, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді. Музей қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, пікір алысты.
Жарияланған күні: 17-05-2017Оқылған саны: 35683
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12646
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15235
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16591
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10909
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10292
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16032
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат