Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылуы болды.
2016 ж. 22 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылуы болды. Көрменің ашылу салтанатына қала әкімі С. Трұмов, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының орынбасары П.Сармузина, басқарма қызметкерлері мен жасөспірімдер, «Арай» аула клубының жеткіншектері, БАҚ өкілдері қатысты.
Көрмені салтанатты түрде ашуға Ақтау қаласының әкімі Серікбай Өтелгенұлы және Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының орынбасары П.Сармурзина, музей директоры Тамара Жұмалиева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Көрмені шын мәнінде бірегей деп айтуға болады, өйткені экспозицияда сағат өнерінің биік шыңына жеткен 50 әр түрлі және сирек кездесетін туындылар ұсынылған. Музей қорында алуан түрлі сағаттар топтамасы жиналған – қол және қалта сағаттары, үстел және қабырға, еден және камин сағаттары. Коллекцияның негізін Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдарда Қазақстан халқына, оның Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысына деген айрықша құрметтің белгісі ретінде табыс етілген дипломатиялық сыйлықтар құрайды.
Көрмеде сағат өндірісінің типтік өнімдерімен қатар, сирек әрі бірегей туындалары қойылған. Көрмедегі жәдігерлердің арасында сыйға берушілердің арнайы тапсырысымен жасалған түрлі механикалық, кварцты және электронды сағаттар, 3000 жылдарға есептелген күнтізбелі және басқа да көптеген сағаттар айрықша көзге түседі.
Сағат адамның күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Алғашқы сағаттардың пайда болуы бірнеше мыңжылдық тарихы бар. Уақытты өлшейтін алғашқы қарапайым құрал - күн сағаттарын шамамен 3,5 мың жыл бұрын вавилондықтар ойлап тапқан. Бірақ бұл сағаттар тек күндізгі уақытта ғана жұмыс істегендіктен, түнгі уақытта олардың орнына гректердің клепсидра атты су сағаты пайда болған. Құм сағаттары салыстырмалы түрде жақында пайда болды - осыдан мың жыл бұрын. Механикалық сағаттар шықпас бұрын от сағаттары да кең таралған болатын. Алғашқы механикалық сағаттардың пайда болу уақыты нақты белгілі емес. Бұл жөніндегі ең ескі ескертулер X ғ. жатады. Механикалық сағатты құрастырушы Рим Папасы Сильвестер II болып саналады. Сағат тарихындағы атаулы даталардың бірі 1657 жыл - голландтық ғалым Христиан Гюйгенс маятнигі бар алғашқы механикалық сағат жасап шығарды. 1937 жылы Льюис Эссен ойлап тапқан тұңғыш кварц сағаты жасалды. ХХ ғасырдың екінші жартысында электрондық сағаттар дәуірі келді. Сағат өнеркәсібінің әрі қарай дамуына физик-атомшылар түрткі болды. 1949 жылы бірінші атам сағаттары құрастырылды. XX ғ. соңғы ширегінде тұрмысқа сұйық кристалды дисплейі бар сағаттар енді. Қазір «эталондық» болып табылатын аса дәл атом сағаттары бар.
«Уақыт Құдіреті» көрмесі 2016 жылдың 22 қыркүйек – 25 қазан аралығында жұмыс істейді.
Жарияланған күні: 26-09-2016Оқылған саны: 39224
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 10447
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 13019
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 14301
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 9525
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 9040
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 14048
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат