
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!
2019 ж. маусым айының басында әуесқой палеонтолог Владимир Яськов Сулықапы мекенінен ежелгі тіршілік иесінің омыртқа бөлшегі табылғанын хабарлаған болатын. Маусым айында Маңғыстау облыстық музей қызметкерлері, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің мамандары Ресейден келген палеонтолог, ихтиозаврлар жөніндегі маман В.М. Ефимовтың қатысуымен құмды алқаптағы сүйек қалдықтарын қазып алу жұмыстарын жүргізді. Табылған қалдықтар Орал қаласына, музеймен келісім-шарт бойынша 3 ай мерзім ішінде препараттауға жіберілді. Оралда палеонтолог Жәмила Жақыпова сүйектерді арнайы қоспалармен өңдеп, табылған бөлшектердің әрбірінің гипстелген көшірмесін жасап шықты. Осылайша ежелгі тіршілік иесінің екі көшірмесі жасалды, бірі – музейге, бірі – университет үшін.
Ихтиозавр шамамен 100-113 млн жыл бұрын, альб ярусында төменгі бор кезеңінде өмір сүрген. Табылған сүйектің жалпы ұзындығы тіршілігі барысында 9 метрді құраған. Осылайша, бұл жануар мұның алдында дәл сол Маңғыстау ауданынынан табылған эласмозаврдың замандасы деуге де болады. Әзірге табылған сүйекті препараттау жұмыстары ғана жүргізілді. Алдағы уақытта оны ғылыми жағынан зерттеп, түр, туыс ерекшеліктерін, аналогтарын зерттеу жұмыстары күтіп тұр.
Музей сүйектерді тапқан В. Яськовқа, қазба жұмыстарына қатысқан С. Мамонтовқа және жұмыстың барлық кезеңдеріне белсенді қатысқаны үшін Батыс Қазақстан университетіне зор алғыс айтып, алдағы уақытта бірлесе жемісті жұмыс істеуге сенім білдіреді. #ихтиозавр #палеонтология #маңғыстау #музей
Оқылған саны: 15120





Акцияның мақсаты: Маңғыстау өңірінің тарихын, халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын құнды бұйымдарды жинақтау арқылы өлкеміздің өткені мен бүгінінің куәсін келешек ұрпаққа жеткізу. Бұл акция бірінші рет өткізілді.
Жарияланған күні: 22-05-2017
Оқылған саны: 30498





Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай музей мамандарына арналған облыстық семинар өтті.
Семинарға Бейнеу, Маңғыстау аудандық және Форт-Шевченко, Жаңаөзен қалалық музейлерінің қызметкерлері қатысты.
Жарияланған күні: 17-05-2017
Оқылған саны: 34862
«Мерекеңмен, сарбаз!» атты мерекелік шара өткізілді.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 2201А әскери бөлімінің матростарының қатысуымен «Мерекеңмен, сарбаз!» атты мерекелік шара өткізілді.
Жарияланған күні: 05-05-2017
Оқылған саны: 37478
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Маңғыстау облыстық тарихи –өлкетану музейі «Музей түні» мерекелік шарасына шақырады!
Жарияланған күні: 05-05-2017
Оқылған саны: 32945
19 сәуір күні облыстық музейде "Луара" қоғамдық қорымен бірлесіп, ерекше қамқорлықтағы балалардың көрме- жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өткізілді.
Жарияланған күні: 23-04-2017
Оқылған саны: 18055
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай №9 орта мектептің 6-7 сынып оқушыларына тақырыптық экскурсия өткізілді.
Жарияланған күні: 19-04-2017
Оқылған саны: 33156
11121314151617 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат