
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!
2019 ж. маусым айының басында әуесқой палеонтолог Владимир Яськов Сулықапы мекенінен ежелгі тіршілік иесінің омыртқа бөлшегі табылғанын хабарлаған болатын. Маусым айында Маңғыстау облыстық музей қызметкерлері, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің мамандары Ресейден келген палеонтолог, ихтиозаврлар жөніндегі маман В.М. Ефимовтың қатысуымен құмды алқаптағы сүйек қалдықтарын қазып алу жұмыстарын жүргізді. Табылған қалдықтар Орал қаласына, музеймен келісім-шарт бойынша 3 ай мерзім ішінде препараттауға жіберілді. Оралда палеонтолог Жәмила Жақыпова сүйектерді арнайы қоспалармен өңдеп, табылған бөлшектердің әрбірінің гипстелген көшірмесін жасап шықты. Осылайша ежелгі тіршілік иесінің екі көшірмесі жасалды, бірі – музейге, бірі – университет үшін.
Ихтиозавр шамамен 100-113 млн жыл бұрын, альб ярусында төменгі бор кезеңінде өмір сүрген. Табылған сүйектің жалпы ұзындығы тіршілігі барысында 9 метрді құраған. Осылайша, бұл жануар мұның алдында дәл сол Маңғыстау ауданынынан табылған эласмозаврдың замандасы деуге де болады. Әзірге табылған сүйекті препараттау жұмыстары ғана жүргізілді. Алдағы уақытта оны ғылыми жағынан зерттеп, түр, туыс ерекшеліктерін, аналогтарын зерттеу жұмыстары күтіп тұр.
Музей сүйектерді тапқан В. Яськовқа, қазба жұмыстарына қатысқан С. Мамонтовқа және жұмыстың барлық кезеңдеріне белсенді қатысқаны үшін Батыс Қазақстан университетіне зор алғыс айтып, алдағы уақытта бірлесе жемісті жұмыс істеуге сенім білдіреді. #ихтиозавр #палеонтология #маңғыстау #музей
Оқылған саны: 15117

Жарияланған күні: 04-09-2017
Оқылған саны: 32613
ЭКСПО-2017. Облыстық музей көрмесі елорда төрінде





ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясындағы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнері күндері
Жарияланған күні: 31-08-2017
Оқылған саны: 31782
"Алаш ардақтылары" атты фотокөрме көрермендерін күтеді


Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай музей қабырғасында жасақталған жаңа фотокөрме
Жарияланған күні: 08-08-2017
Оқылған саны: 20268
Ежелгі алып бауырымен жорғалаушының сүйегі табылды





Жарияланған күні: 14-07-2017
Оқылған саны: 33676




27 мамыр күні Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында Әмин Тұяқовтың 80 жылдық мерей тойына арналған "Ақмышта туып, АҚШта озған" атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті.
Жарияланған күні: 29-05-2017
Оқылған саны: 18584





18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Музей түні» акциясы өткізілді. «Музей түні» акциясы осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Алғаш «Музей түні» өлкемізде 2010 жылы өткізілген болатын. Аталмыш акцияғы 2000 адам қатысты.
Жарияланған күні: 22-05-2017
Оқылған саны: 19973
10111213141516 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат