Ммектептердегі музей апталығы
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қала мектептерінде музей апталықтары өтуде.
Музей ұжымы 8 қазан күні Ақтау қаласындағы «Н. Марабаев атындағы №7 мектеп лицейінде», 15 қазан күні Н. Оңдасынов атындағы №5 орта мектебіне жылжымалы көрмелермен барып, оқушыларға таныстырды. Мектептегі музей күні барысында оқушылар «Парасат» қоғамының жетекшісі С.Шапағатовқа арналған «Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінде», Ә.Тұяқовқа арналған «Ақмышта туып, АҚШ-та озған Әминім», Ә.Қастеевке арналған «Бейнелеу өнерінің бас тұлғасы» атты жылжымалы көрмелерін, музей қорынан «Маңғыстаудың дәстүрлі қолөнері» этнографиялық көрмесін (зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, т.б.), «Маңғыстаудың жануарлар әлемі» көрмесін (құстардың, жануарлардың тұлыптары) тамашалады.
Музей ұжымы «Н. Марабаев атындағы №7 мектеп лицейі» директоры Иманғалиева Гүлден Бисенбайқызына және оқу ісі жөніндегі меңгеруші Лоло Николаевнаға алғыс білдіреді. Көрмеде 570 оқушы қамтылды. Ал Н. Оңдасынов атындағы № 5 орта мектептегі музей күнінде 130 оқушысы қамтылды.
Қала және облыс мектептерінің барша ұстаздарын музей көрмелерін мектептерде ұйымдастырып, оқушылардың сабақтан тыс өз өлкесінің тарихымен танысып, танымын арттыру ісіне атсалысуға шақырамыз! Музейдің байланыс телефондары: 43-23-14; 43-23-75.
Жарияланған күні: 17-10-2018Оқылған саны: 27663
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 12646
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 15236
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 16591
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10909
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 10292
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 16032
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат