Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндері
29-30 қараша күндері Қазақстанның Түрікменстандағы Мәдениет күндері аясында Ашхабад қаласындағы Көркем өнер музейінде Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Ұлы Дала мұрасы атты" көрмесі өтті. Көрмеге дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ХІХ ғасырдағы зергерлік өнердің бірегей жәдігерлері, ұлттық киім үлгілері, Қазақстанның тұмса табиғатының, Маңғыстаудың таңғажайып көріністерінің фотокартиналары қойылды.
Көрмені мәртебелі меймандар - Түрікменстандағы ҚР консулы Жандос Асанов және Түрікменстандағы түрлі елдердің елшіліктері мен консулдық өкілдері, Мәдениет қайраткерлері, Өнер академиясының ұстаздары мен студенттері, музей мамандары тамашалап, жоғары бағасын берді. Түрікменстандағы қандас бауырларымыз екі күн бойы ағылып келіп, көрмемізді, өлкеміздің өнер шеберлері қойған концертті тамашалап, атамекенге деген сағынышын, ыстық ықыласын жеткізіп, ынтымақты арттыра түсетін осындай шаралар үшін екі ел басшыларына алғыстарын жаудырып жатты.
Осы көрменің жоғары деңгейде өтуіне қол ұшын берген Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасына, ашылу салтанатында өнер көрсеткен "Ақжарма" фольклорлық ансамбліне және "Жорға" би ұжымына алғыс білдіреміз.
Түрікменстан Бейнелеу өнері музейіндегі әріптестеріміздің (директоры Түркменстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сапармаммет Мередов) аталған көрмені жасақтауда жан-жақты көмек көрсетіп, барлық оңтайлы жағдайларды жасағанын ерекше атап, зор алғыс білдіргіміз келеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалалары еліміздің мәдени-рухани потенциалын арттыру жолында қызмет етіп жүрген барша азаматтарға қаншалықты мәртебелі міндеттер жүктей түскенін ескерсек, Маңғыстаудан барған делегация құрамындағы облыстық музей ұжымының бұл сапары сол үдеден шыға білген сәтті қадамдардың бірі болып қалмақ.
Жарияланған күні: 03-12-2018
Оқылған саны: 23129
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 11596
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 14114
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 15446
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10140
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 9609
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 14991
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат