Ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталған күн
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді, ұлттық кодымызды сақтауды міндеттеді. Ұлттық болмысымыздың ажырамас бір бөлігі – салт-дәстүрлеріміз. Міне, осындай ғажап салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, түлетіп, келер буынға жеткізу мақсатында 19 наурыз – ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау күні деп жарияланған болатын.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы халық өзін-өзі тәрбиелеп, стандарттап отырады. Олар қоғамның, отбасының барлық саласында көрініс табады. Дәстүріміз бұзылса, онда қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады. Әрине, дәстүр қатып қалған өзгеріске түспейтін құбылыс емес. Ол заманның ағымына қарай негізін сақтай отырып, толығып, өзгеріске ұшырап отырады. Ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы етіп тұрақтандыруымыз керек. Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.
Халыққа рухани азық беріп, өткен мен болашақты жалғауды басты қызметі санайтын музей ұжымы бұл атаулы күнге тыңғылықты дайындалды. Музей жанашырларына айналып кеткен тұрғындарымыздың тілек білдіруімен, бір бөбек алғаш рет бесікке бөленіп, бірсәбидің тұсауы кесілді, бір ұл баламыз алғаш рет ашамайға отырып, атқа міну мәдениетінің насихатталуына үлесін қосты. Музеймен тығыз байланыста жұмыс істейтін мектеп ұжымдарының белсенді оқушылары ән-күйден шашу шашса, арнайы қонақ ретінде шақырылған "Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы" мәдени - демалыс кешенінің мамандары ақпараттық-технологиялық қолдау көрсетті. Нағыз той түрінде өткен шарамызда балапандар тыштырмаға таласып, шашу теріп, үлкендерден бата алып, бауырсақ жеп, шұбат ішіп, меймандар көңілді тарқасты. Видеосюжетті фейсбуктегі "Маңғыстау музейі" және инстаграмдағы @museum_aktau парақшаларымыздан көре аласыздар.Жарияланған күні: 19-03-2019
Оқылған саны: 19937
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 11596
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 14114
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 15446
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 10140
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 9609
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 14991
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат